Конспект занятия "Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау"
21.12.2017 ж Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау»
«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен
білім алуга неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар»
Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты:
1.Маңғыстау облысының тарихы туралы окушалардың білімін жинактап , одан әрі
танымалдылығын арттыру.
2.Оқұшылардың ойлау , сөйлеу дағдысын дамыту , өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3.Туған халқына , жеріне, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін
қалыптастыру.Патриоттық тәрбие беру.
Оқытушы Ақмамбетова Дина Байқуанқызының кіріс сөзі:
Қасиетті жеріміздің бүгінгі ұрпақтарының білімін , зейінділігін таразылар «Жұмбақ
жайлап,аңыз өрген Маңғыстау» тақырыбында өткелі отырған зияткерлік сайысымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
1 – жүргізуші-Қарлығаш: Армысыздар, құрметті ұстаздер мен оқушылар! Бүгінгі
өткізгелі отырған «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау» атты тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймыз.
2 – жүргізуші-Феруза: «Маңғыстау… Мәңгі қыстау деген сөзден шықты ма екен?
Әлде… мың қыстау деген ұғымды білдіре ме?.. Малға қатысты айтылған ба, қалай?
Мынау шетсіз де, шексіз даланың малсыз сәні келмесі анық. Әлде, маңғаз тау ма екен?..»
Ой бесігі баяу тербеледі…
1 – жүргізуші-Қарлығаш: Ақ қала Маңғыстаудың ақ тасынан,
Көк теңіз көбік шашқан тап қасынан.
Арманға аттанады ақ кемелер
Қазақтың жалғыз теңіз қақпасынан.
2 – жүргізуші-Феруза:Ендігі кезекті студенттердің орындауындағы Маңғыстау тарихы
туралы өлең-шумақтарға береміз.
1 студент – Гүлшат
Маңғыстауым – маңғаз далам, паң далам,
Келбетіңе қараймын да таңғалам.
Кеудесіне сыйғызып мол байлықты,
Бүгінгі күн асып жатыр арнадан.
Қасиетті әулиелер мекені,
Құмы, тасы тарихтан сыр шертеді.
Сен туралы жырлап кетсе аталар,
Әңгімесі неше таңға жетеді.
Алдында мен борыштымын, білемін,
«Елім» деп соғар сәби менің жүрегім.
Мәртебесі биік болсын жерімнің,
Осы менің ізгі, адал тілегім.
2 студент – Перизат
Маңғыстау – көкірегі жұмбақ әлем,
Сырласқан кезіңді айтып мұнарамен!
Шұбырып езуінен жұлдыз ағып,
Кірпігін таң алдында жұмады әрең.
3 студент – Әсем
Маңғыстау мекен!
Маңдайға ар мен құт берген
Малы мен шөбі, табиғатына бас игем.
Маңғазы далам, толқыған каспий жағасы.
Өзіңмен бірге, балалығымнан көгергем.
Маңғыстау өрім.
Осында жатыр өр анам,
Осында жатыр әулие баба қолдаған,
Шырайлы мекен кіндіктің қаны тамған жер,
Шіркінай елім өзіңнен кеткен, талайлар қайта оралған!
Маңғыстау орда.
Ордасы адай халқының,
Осында бәрі найза ұстаған батырың
Осында бәрі домбыра ұстаған ақының.
4 студент – Жансұлу
Маңғыстауым маңғаз мекен,
Талай адам мекен еткен.
Қара алтының ағып жатқан,
Түгін тартса нұрын төккен.
Қарт Каспиім бекіренің отаны,
Сенің орның ұлы көлдің қатары,
Ойпатың бар Каспий маңы ойпаты.
Сен байсың ғой байлығыңа қарашы.
Сол Маңғыстау жүрегінде орын тепкен,
Боранқұлда талай адам мекен еткен.
Боранқұлдың ең қастерлі қазынасы – мұнайы мен ақ бөкені.
5 студент – Мейрамгүл
Туған жердің суы, нуы, отынан
Көп ғажапты көңіліме тоқығам,
Каспиімнен шабыт алып шарықтап,
Жағасында өлең болып оқылам.
Татулығы тұғырдан еш таймаған,
Қойнауы да қазынаға бай далам,
Бұлдыр елес балалықтың буымен,
Қазақылық қазанында қайнағам.
6 студент – Әнуарбек
Туған пенде қасиетін төл ұққан,
Көздің жауын алатұғын көрік бар.
Сәті түсіп сапар шексең, алдымен
Маңғаз өлке Маңғыстауды көріп қал!
2 – жүргізуші-Феруза:
Ұранымсың, жан баба,
Жыр әнімсің, жан баба.
Жебеушімсің, жан баба,
Демеушімсің, жан баба,
Бекет Ата – Пір баба! Маңғыстау десе аузымызға бірден Бекет ата немесе 362 әулие
түседі. « Маңғыстаудағы әулиелер саны – 360, қырда – Бекет ойда – Саназармен 362»
деген қағиданың қатесіздігін айғақтай түседі. Қазақстандағы тарихи – мәдени
еркерткіштердің 80 пайызы Маңғыстауда шоғырланған
Енді студенттер Маңғыстау жайлы, 362 әулие туралы не біледі екен?
1 студент:Перизат:Бект Ата туралы аңыз және өмірбаяны туралы слайд арқылы баяндап
берді
2 студент:Хамида: Шопан Ата туралы слайд арқылы баяндады
3 студент Ақжан:Саназар Ата туралы слайд арқылы баяндады
Бірнеше студент Маңғыстаудағы бірнеше әулиелер туралы аңыз әңгімелерін баяндап
берді
1 – жүргізуші-Қарлығаш: Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерге
Маңғыстау тарихын таныту мақсатында сайыс сабақ ұйымдастырдық.
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік.
1. «Бәйге» бөлімі.
2. «Тұлғаларды танып біл»
3. « Белес» кезеңі
4. «Сен білесіңбе?»
2 – жүргізуші-Феруза: Енді топтар өздерін таныстырсын.Әрбір топ өздерін таныстырып
өтті
1– жүргізуші-Қарлығаш: Бірінші кезең. «Бәйге» бөлімі.Бұл кезеңде әрбір топ 1 минутта
7 сұраққа жауап беруі қажет.
Бірінші топ.
1.Маңғыстау облысының құрылған жылы? (1973 жылы)
2.Маңғыстау облысындағы қалалар. (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко)
3.Форт- Шевченко қаласындағы Маңғыстау көтерілісінің батырларына арналған
ескерткіш қай жылы ашылды?
4.М.Шоқайға Форт – Шевченко қаласында арналған ескерткішті салған сәулетші шебердің
есімі.
5.Маңғыстау түбегіндегі Т.Г.Шевченко атындағы мемориалдық мұражай кашан ашылды?
6.Орыс – қазақ училище ғимараты қай жылы салынды, кайда орналасқан?
7.Пирамида пішінді шоқылы тау. (Шерқала)
Екінші топ.
1.Маңғыстау облысында қанша аудан бар? (5)
2.1992 жылы шілде де құрылған аудан аты (Түпқараған)
3.Жетібайда мұнай кен орны қай жылы ашылды? (1952)
4.1850-1857жж.айдауда болған ақын (Жанқожа Нұрмұхаммедұлы)
5.1939-1946жж. Маңғыстау көмір тресі ашылған жер.
6.«Гүлденді өмір», «Маңғыстау», «Октябрь айында» еңбектерінің авторы
7.Алғаш радиоантенналы телеграф орнатылған жер, алғаш байланысқа шыққан қім?
Үшінші топ.
1.Маңғыстау түбегінен шыққан алғашқы ұстаздарды ата.
2.Құнды жәдігер ретінде қарлыбас шаткалынан таңбалы тас қай жылы әкелінді?
3.Маңғыстаулық көрнекті жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері
4.Маңғыстау дербес облыс болып , қай жылы құрылды?
5.Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс басшыларын ата.
6.Маңғыстауда құрылған қорық.
7.Маңғыстау ауданының құрылған жылы ?
Төртінші топ.
1.Қарақия ауданы қай жылы құрылды?
2.Ақтау пластмасы зауыты қай жылы салынды ?
3.Маңғыстаудағы жер асты мешіттерін ата
4.Маңғыстау облысы қай жылы таратылды?
5.Түпқараған ауданында неше мектеп бар?
6.Түбекте тұнғыш рет мұнай тақырыбында қалам тербеткен жазушыны ата.
7.Ново – Александровокс қамалы қай жылы салынып бітті?
1– жүргізуші-Қарлығаш: Екінші кезең.«Тұлғаны танып біл!».Әр топқа Маңғыстаудан
шыққан белгілі бір тұлға жасырылады.
2– жүргізуші-Феруза: (Өлкеміздің дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің
еңбектері) Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын
қызықтамау – өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік», — деген тамаша сөзі бар.
Расында да, елге еңбегі сіңіп, жақсы атымен, игілікті ісімен ел есінде жүрген арыстай
азаматтар бар. Біз солардың еңбектерін біліп жүріңіздер деген мақсатта төмендегідей
тапсырмаларды беруді жөн көрдік.
Бірінші топ.
Ол — көрнекті ақын, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, этнограф.
Мамандығы бойынша құрылысшы болумен бірге, атадан қалған өнер дарыған, ата-баба
рухына арналған ескерткіштер тұрғызып, атағы дүйім жұртқа танылған. Абай-Шәкәрім
мұнараларын, «Домалақ ана», «Хан ордалы Сарайшық»кесенелерін, Абыл ақын, Досан
батыр, Омархан-Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналарын салып,
елдің мәдени мұрасын дамыта түскен айтулы сәулетші. Ол кім? (Жауабы: Сайын
Назарбекұлы)
Екінші топ.
Ол – 1973 жылы Маңғыстау облысы, оның құрамында Бейнеу ауданы құрылған кезде
Бейнеу аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1990
жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. 1994 жылы
облыс әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
«Жас коммунистер тәрбиесі», «Маңғыстау – маңғаз мекенім», «Өркенді өлке, өнегелі
өмір», «Тұлғалар тағылымы», «Айгүлім менің…» атты еңбектердің авторы. Тұщықұдық
ауылы, Бейнеу ауданы, Ақтау, Даллас (АҚШ) қалаларының құрметті азаматы атағын
иеленген. Ол кім?
(Жауабы: Дүйсенбі Әріпов)
Үшінші топ.
Ол – «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» ,«Есен-қазақ» ,«Гиперборея: түс көрген
заман шежіресі», «Арғықазақ мифологиясы» «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005),
«Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік
рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар. Ол кім?
(Жауабы: Серікбол Қондыбаев)
Төртінші топ.
Ол- Форт-Шевченкода ұста шеберханасын ұйымдастырушы, 18 жасында «Қырымның
қырық батырын» жырлаған Маңғыстаудың тумасы.
2– жүргізуші-Феруза: Сайысымыздың үшінші кезеңі «Белес» . Экранға шыққан , ұпай
көрсетілген ұяшықтарды таңдайсыздар. Сол таңдаған ұяшықтарыңыздағы сұрақтарға
жауап бересіздер. Егер жауап дұрыс болса, онда көрсетілген ұпайды алаксыз.
Маңғыстау халқы.
10-ұпай.
Маңғыстау облысы қанша әкімшілік ауданға бөлінеді?
20-ұпай.
Мұнайлы ауданының халқы қанша?
30-ұпай.
Маңғыстау халқының саны жөніндегі алғашқы мәлімет қай жылы тіркелді?
40-ұпай.
Облысымызда қандай ұлт өкілдері тұрады? (қазақтар, украиндер, беларусьтар, орыстар,
чечендер, ингуштар, осетиндер, дағыстандар, корейлер, немістер, әзірбайжандар)
Жер-су атаулары.
10-ұпай.
Маңғыстау облысындағы киелі жерлерді атандар. (Бекет ата, Ағым әулие, Айназар әулие,
Ақ әулие, Ақжігіт әулие, Қараман ата)
20-ұпай.
Бейнеу атауы неге байланысты қойылған? (Намазұлы Бейнеу деген жергілікті бай кісінің
атына аталған)
30-ұпай.
Каспий теңізінің бұрынғы атауларын ата.
40-ұпай.
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі (Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы,
биіктігі теңіз деңгейінен 556 м жоғары)
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі.
10-ұпай.
Маңғыстау климатына қандай ауа массалары әсер етеді? (арктикалық, қоңыржай,
тропиктік белдеу ауа массалары)
20-ұпай.
Облыс жерінде қанша өсімдік түрлері бар? (400-ден астам)
30-ұпай.
Облыста кездесетін емдік қасиеті бар қандай өсімдік түрлерін білесіңдер? (адыраспан,
ақмия, жантақ, итсигек, түйежапырақ, түйесіңірт.б.)
40-ұпай.
Үстірт қорығында қорғалатын қандай жануарларды білесіңдер? (киіктер, қоқиқаздар,
үстіртқойы)
Өнеркәсібі.
10-ұпай.
Маңғыстау облысында қандай пайдалы қазбалар кездеседі? (мұнай, газ, ұлутас)
20-ұпай.
Ақтауқаласындағы АЭС қай жылы іскеқосылған? (1973 жылы 16 шілдеде)
30-ұпай.
Газ өңдеу зауыты қай қалада орналасқан? (Жаңаөзенқаласында Қазақ газ
өңдеузауытындажүзегеасырылды.)
40-ұпай.
Тұңғыш маңғыстаулық мұнай фонтаны қай кенорнында және қай жылы атқылады? (1961
жылы 5 шілдеде Жетібай кен орнында атқылады)
2– жүргізуші-Феруза: Сонғы кезең «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл кезеңде барлық
топқа сұрақтар қойылады. Жылдам әрі дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай беріледі.
1. «Маңғышлақ» атауы қай ғасырдан бастап белгілі болған? (Маңғышлақ
атауының Х ғасырдың ортасында-ақ белгілі болған)
2. Облыс солтүстік-шығыста қай облыстармен шектеседі? (Ақтөбе және
солтүстігінде Атырау облыстарымен)
3. Маңғыстауреспубликамыздыңқайаймағында орналасқан? (қиыр оңтүстік-
батысында)
4. Маңғыстау облысы қай жылы, қай айда құрылды?(1973 жылы наурыздың
жиырмасындақұрылған)
5. Маңғыстау облысының жер ауданы қанша? (165 мың км)
6. Маңғыстау туралы ең алғашқы жазба дерек қай жылдары белгілі болды?
(922 жылы Бағдадтан шығып, Еділ Бұлғариясынаб армақ болған араб елшісі
Ахмед ибн ФадланХорезмде болып, одан арғы сапарынҮстірт үстімен
жалғастырғанда, жолшыбай оғыз тармақтарына кездеседі. Ибн Фадлан өзінің
«Ар-Рисале» дегенеңбегіндеҮстіртнемесеҮстірт маңы оғыздар туралы біраз
дерек қалдырыпты)
7. Маңғыстау облысының қазіргі кездегі халық саны қанша? (334 мың адам)
8. Облыс оңтүстігі мен шығысында қай мемлекеттермен шектеседі?
(Түрікменстан мен Өзбекстан)
9. Орталығы қайқала? (Ақтауқаласы)
10. Қарақия ойысы тереңдігі жөнінен дүние жүзінде нешіншіорынды алады?
(бесіншіорындыалады)
Хор: «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар»
Қорытынды : Дина апайдың сөзі :— Қымбатты, студенттер! Сендер бүгінгі шара
барысында өлкеміздің табиғаты, өнері, мәдениеті, осы топырақта өткен танымал
тұлғалардың еңбектері туралы көптеген мағлұмат алды деп есептеймін. Әрдайым ел үшін
еңбек етіп, елдің, халықтың айтулы азаматтары, мақтаныштары болыңдар!
Тәрбие сағатына колледждің директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:Сармалаева Сәуле Каримовна және тарих пәнінің оқытушысы
Асанбеков бақыт Әбенович қатысып,студенттерге өз пікірлерін айтты