Конспект занятия "Шарошкалы қашаулардың ерекшеліктері"
№ __ сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шарошкалы қашаулардың ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға шарошкалы қашаулардың жұмыс істеу принциптері
туралы толық білім беру және меңгерту. Оқығанын талдап, мәнін аша
білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.
2. Дамытушылық: Пәнге және тақырыптың маңыздылығына деген қызығушылығын
арттыру. Алған теориялық білімдерін қолдана алатындай есте
сақтау, логикалық ойлау қабілетін және ғылыми дүниетанымын
кеңейту.
3. Тәрбиелік: Бұрғылау қашауларын таңдауда шапшандыққа, ізденімпаздыққа,
тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, ұйымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу,
патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың оқу әдісі: Түсіндіру - илюстративті
Құрал-жабдықтар: Плакат, үлестірмелі карточкалары, слайдтар, мультимидедиалық
проектор, макет, бейне таспалар.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі-5мин
2. Өткен тақырыпты тексеру-25мин
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-35мин
4. Жаңа тақырыпты бекіту -20мин
5. Үйге тапсырма-5мин
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды журнал бойынша
түгелдеу және аудитория тазалығын тексеру. Сабақтың барысымен таныстыру,
сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Өткен тақырыпты тексеру:
Оқушылар зейінін сабаққа аудару мақсатында өткен тақырыпты қайталау.
Оқушылардан сөзжұмбақ шешу арқылы, үлестірмелі карточкалармен жұмыс жасау
арқылы және оқушылардан ауызша сабақ сұрау арқылы үй тапсырмасы сұралады.
Үй тапсырмасының сұрақтары:
1. Тау жыныстарын бұзушы аспаптардың түрлері?
2. Қалақшалы қашауға сипаттама
3. Қалақшалы қашаудың конструкциясы
4. Қалақшалардың алдыңғы қырлары ойықтармен ойылған, сол ойықтар
немен толтырылған?
5. Қашаулардың атқаратын қызметіне қарай топталынуы?
Тақтадағы сөзжұмбақпен жұмыс. Үлестірмелі карточкалардағы тапсырмаларға жауап
беру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
(Мультимедиалық проекторда слайд түрінде жаңа тақырып бойынша материалдар
көрсетіледі).
Мұнай және газ кен орындарының құрылысында тек шөгінді тау жыныстары
кездеседі. Мұнай және газ ұңғымаларының бұрғылау кезінде түптегі тау жыныстарының
бұзу үшін және ұңғыманы тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құралға қашау жатады.
Қашау – ұңғыма түбін бұрғылап, тау жыныстарын бұзуға арналған бұрғылау үшін
қолданылатын құрал - сайманы. Қашаулар төрт түрге бөлінеді. Қалақшалы қашау,
шарошкалы қашау, колонкалы қашау, алмас қашау.
Шарошкалы қашаулар - мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылауда негізінен шарошкалы
қашаулар қолданылады. Олар шарошка санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп
шарошкалы болып бөлінеді. Қаттылығы орташа тау жыныстары, қаттылығы орташа
құмдақ, тығыз саз балшық, гипс аралас құмдақ, әктастар, доломитті тау жыныстарын
бұрғылауға арналған.
Плакатпен жұмыс жасау.
Үш шарошкалы қашаудың суреті
Шарошкалы қашаудың қалақшалы қашауларға қарағанда төмендегідей артықшылықтары
бар.
1. Қалақшалы қашауларға қарағанда шарошкалы қашаулардың ұңғыма
түбімен байланысу ауданы едәуір кіші болып келеді. Сондықтан бұл тау
жыныстарының бұзу тиімділігін арттырады.
2. Ұңғыма түбімен жылжитын қалақшалы қашаулардың қырларына
қарағанда шарошкалы қашаулар ұңғыма түбі бойымен домалайды.Соның
нәтижесінде шарошка тістерінің тозу қарқыны азаяды.
МЕСТ 20692-75 бойынша шарошкалы қашаулардың диаметрі 46мм-ден 508мм
өлшемде шығарылады.
Жуу және үрлеу каналдарының орналасуы мен конструкциясы бойынша қашаулар
төмендегідей түрде дайындалады.
1. Жуу тесігі ортасында;
2. Гидроманиторлы;
3. Үрлеу каналдары ортасында;
4. Үрлеу каналдары бүйіріне бағытталған.
Үш шарошкалы қашаулар
Қашау пісіріліп қосылған үш секциядан(3), секция аяғына (5) подшипниктер (6)
арқылы отырғызылған шарошкалардан (4) тұрады. Шарошка беттерінде тау жыныстарын
бұзушы жасақтар ойылады немесе орнатылады. Жуу сұйығы өту үшін алынып –
салынбалы сұғындамалар орнатылған үш тесігі (2) бар. Қашау корпусының жоғарғы шеті
бұрғылау құбырларымен жалғастыратын бұрандамен(1) бітеді. Шарошка подшипниктері
кейбір қашауларда жуу сұйығымен майланады. Соңғы кезде шарошка тіректері май
толтырылып бекітілген қашаулар шығарылады. Бұл қашауларда май шарошка
подшипниктеріне лубрикатордағы сауыттан қашау аяғы мен цапфадағы каналдар арқылы
келеді. Манжета подшипниктерге сырттан жуу сұйығын өткізбейді.
Үш шарошкалы қашау конструкциясы Үш шарошкалы қашаудың
орталық және жанынан жуу
жүйесінің сұлбасы
Жалпы шарошкалы қашаулар тау жыныстарының механикалық және түрпілік
касиеттеріне байланысты он үш түрге топталады.
Кестемен жұмыс
Үш шарошкалы қашау типтері, олардың қолданылуы
Қашау
түрлері
Бұрғыланатын тау жыныстары
М
МЗ
МС
МСЗ
С
СЗ
СТ
Т
ТК
ТКЗ
К
ОК
Өте жұмсақ, бос тау жыныстары, жұмсақ және тұтқыр саз балшықтар,
сланецтер, жұмсақ әк тастар.
Жұмсақ бос байланысқан түрпілі тау жыныстары, құмдақ және
мергелдер.
Жұмсақ және қаттылығы орташа тау жыныстары, аралас бор, тас тұзы,
ангидрид аралас саз балшық сланецтері.
Жұмсақ нашар байланысқан, түрпілі, қаттылығы орташа тау
жыныстары, аралас құм-саз балшық сланецтері, құмдақ
кездесетіншымыр саз балшықтар.
Пластикалы және морт пластикалы, қаттылығы орташа тау жыныстары,
тығыз саз балшық,саз балшық сланецтері, қаттылығы орташа әк тастар
Қаттылығы орташа түрпілі құмдақ, құмды сланецтер
Қаттылығы орташа, қатты морпластикалы тау жыныстары, гипс аралас
құмдақ, әк тастар, ангидридтер
Қатты әк тастар, доломиттер,доломиттелінген әк тастар
Қатты берік тау жыныстары, қабаты аралас ұсақ кристалды әк тастар
мен доломиттер кездесетін қатты әк тастар
Түрпілі қатты, берік тау жыныстар қабаттары аралас
Берік кремниленген ұсақ кристалды әк тастар
Өте берік граниттер, кварциттер
Қазіргі кезде шығарылатын бұрғы қашаулары шифрына мынадай мәліметтер жазылады:
1) Қашаулардың шарошка саны бойынша түрі: біршарошкалы (I), екі шарошкалы (II),
үш шарошкалы (III);
2) Қашау диаметрі;
3) Шарошка диаметрінің дайындалуы бойынша (мысалы М, МЗ, С т.с.с.) қашау түрлері;
4) Жуу немесе үрлеу каналдарының орналасуы бойынша жуу тесігі ортасында (Ц),
гидромониторлы (Г), үрлеу каналдары ортасында (П), үрлеу каналдары бүйіріне
бағытталған (ПГ);
5) Шарошка тіректерінің конструкциялық ерекшеліктері: тербеліс подшипниктері (В
түрлі тірек), екеуі тербеліс, қалғандары сырғанау подшипниктері (тірек түрі Н),
құлыптық подшипниктерден басқаларының бәрі сырғанау подшипниктері (тірек
түрі А). Егер шарошка тіректері саңылаусыздандырылып бекітілсе, У әрпі
қойылмайды.
Макетті түсіндіру. Бейне таспадан қашаудың жұмыс жасау принципін түсіндіру.
4. Жаңа тақырыпты бекіту:
1. Оқушылармен бірлесе қорытынды жасау мақсатында сұрақ-жауапқа 6 сұрақтар
слайдта көрсетілген.
1) Шарошкалы қашаулар дегеніміз не?
2) Шарошкалы қашаулардың басқа қашаулардан ерекшелігін атап беріңіз
3) Шарошкалы қашаудың типтері
4) Шарошкалы қашаудың жуу жүйелерін атаңыз
5) Үш шарошкалы қашаудың конструкциясын атаңыз
6) Шарошкалы қашаулардың диаметрлері қанша болады?
2. Мамандыққа байланысты кластер толтыру.
3. Плакаттан шарошкалы қашаудың конструкциясын түсіндіру.
1. Үйге тапсырма беру: Сурет салу. Дәріс түсінігін айту.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды және тапсырмаларды орындаған
оқушыларды бағалау.
Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі
Ашық сабақ
Пәні: Мұнай және газ шыңырауларын бұрғылау техникасы мен
технологиясы
Өткізген: арнайы техникалық пәндер
оқытушысы Сабргалиева Н.М.
Орал 2017
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Презентация "Математика и конструирование" 3 класс
- Презентация "Проблемы современного образования и пути их решения"
- Презентация "Мысли - это движение к будущему"
- Презентация "Формы работы с родителями"
- Презентация "Формирование личностных УУД на уроках предметного модуля «Ритмика»" 5 класс
- Презентация "Имя твое назову и не смогу забыть" 3 класс