Сценарий "Аяулы ана - ардағым"
«Тексерілді»
№21 «Назерке» балабақшасы
жедел басқару құқығындағы
МКҚК әдіскері
Умирбаева А.С. ___________
« Аяулы ана - ардағым»
8 - Наурыз мерекесіне арналган ертеңгілік .
№10 «Балдәурен» ортаңғы тобы.
Тәрбиеші: Шамурадова
2017-2018жыл
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар әуен ырғағымен залға,
қолдарына шар ұстап кіріп келеді.
Жүргізуші: Аналар тойы береке,
Тірішілік жаңа оянды.
Ақ сүт беріп өсірген
«Ботам» деген дауысы.
Кетпес ешбір есімнен.
Құрметті ардақты, ақ жаулықты абзал
аналар, балабақша қызыметкерлері
және кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерді көктемнің алғашқы
8 – Наурыз әйел – қыздар мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз! Сіздерге ұзақ өмір, зор денсаулық,
отбасыларыңа амандық, береке, бірлік тілейміз.
№ 10«Балдәурен» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің
«Аяулы ана - ардағым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Ендеше аналарымызға арналған балаларымыздың
тақпақтарына кезек берейік.
Арай: Сен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Сей.Айзере: Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың
Жасұлан: Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде ,
Шын сағынып қаласың.
Сат.Айзере: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде.
Хамза: Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарын қуантып
Ұзақ өмір сүіңіз
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың қыранындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
деп абзал аналарымызға арнаған әнімізді қабыл алыңыз.
Хор: Ән «Анашым»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыздар.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз.
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасам ақ сүтіңді асыл анам.
Нұрай: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттық кетпес баладан.
Рахымжан: Анашым аяулым адам сен едің
Серігі болған біздердің.
Түн ұйқысын төрт бөлген
Қамқоршым менің анашым.
Айару: Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым
Өзіңдей жанды әлемнен
Қайдан табамын анашым?!
Артық Кәусар: Мейірімді сымбатты
Қадірменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім десең ол -Ана
Жүргізуші: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылды,
Күн пердесі сөгілді.
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел балалар әнменен,
Қарсы алайық көктемді.
Олай болса балалар! Көктем аруын қарсы алайық.
(Көктем аруы себет толы гүлмен кіріп келеді.)
Мен көгілдір көктеммін
Жылда бір келіп кетемін
Орманда бұл - бұл сайраған
Көптен күткен көктеммін.
-Әлемдегі ең аяулы аналарды құттықтауға келдім.
Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.
-Сәлеметсіздерма балалар! Мен Көктем аруымын .
Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған
гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Көктем аруы біздің балалардың көктемге арнаған
тақпақтарын тыңдайық.
Абылай: Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді.
Ақбөбек: Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.
Гауһар: Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді.
Бау – бақшада орманда
Құстар әні төгілді.
Әмірхан: Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны
Көлбеңдейді көбелек.
Көктем: Балалар мен сіздерге құр келгенім жоқ.
Мен сендерге ойын ала келдім .
Ойын : «Гүлді кім бірінші берді?»
Шарты: Ортаға екі ұл бала шығып, қыздарды алып келіп вальис билейді.
Музыка тоқтағанда жүгіріп барып гүлді әкеліп беру.
Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар ,
Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар! Көктем аруы біздің
балалардың көктемге арналған әндері бар.
Ән : «Көктем келді»
Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар!
Менің көңілім бір көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Біздің балалар биді де жақсы билейді.
Би: «Жалқаубек ».
Жүргізуші : Бәрімізге анасың,біз үшін көп жанасың,
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым.
Мамаларды сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап әдеппен бас иеміз.
Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған.
Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әжелерімізге
арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Асан Кәусар: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі
Малика : Менің әжем әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Керек болса, бәріне
Нұрғиса: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ақ әжем
Жүргізуші: Десекте уақыт бізбен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Өнерлерін аналарға бағыштайды.
Енді аналарымызға арналған тақпақтарға кезек берейік.
Мариям: Жақсылыққа шақырып
Жамадықтан тыяды
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.
Нұрислам: Құтты болсын ақ анам
8 – Наурызың
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,
Теңіздей тербеліп көл бетінде
Бишілер билеп тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Алдымызда мың бұралған биші ұл – қыздарымыз.
Би: «Мамма мария»
Көктем: Жарайсыңдар балалар. Бәріңізде өнерлі екенсіңдер.
Мені өздерің сияқты басқада балалар күтіп отыр.
Соларға баруым керек. Сау балыңыздар.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ертеңгілімізді
тақпақтармен жалғастырамыз, олай болса орыс тілінде тақпақ айтып берейік.
Гауһар: Мама , так тебя люблю
Что не знаю прямо!ьшому
Я большому кораблю
Дам названьне «Мама»
Жасұлан: Мамочке подарка
Приготовлю я.
Самая красивая
Мама у меня!
Абылай: Скоро день 8 Марта
Что бы маме подорить?
Может, ей цветок красивый
Или вазочку купить?
Айдана: Ялюбимой мамочке
Подарю подарочки
Вышью ей платочек
Как живой, цветочек
Бөбек: Я поздравить мамочку
С праздником хочу
Сделаю для мамы
Все, что захочу.
Әмірхан: Сорвала я в поле
Цветок голубой
Пренесу в подарок
Маме дорогой.
Жібек: Бабушка любимая
Самая красивая
Руки золотые
Глазки молодые.
Ата – анамен ойын: «Қолынан танып тап»
Шарты: Ортаға бірнеше балаларды шығарып қолдарын создырып қоямыз,
ал бір ананы шығарып өз баласының қолынан танып білу, осылайша ойын
жалғасады.
Жүргізуші: Ендігі кезекті Гаухар, Арай, Сей.Айзеренің әндеріне кезек
береміз.
Ән: «Бөбектер»
Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық «Ұлдар» биін.
Би: «Флешмоб»
Жүргізуші : Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған
- деп балалардың аналарына жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ана мен баланы айырмасын
Бірі әнді , бірі оның қайырмасы
Болғанда әке – дәулет, ана – бақыт
Тағдыр оларды бір – бірінен ешқашан
айырмасын, дегеп - бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз.
Аяулы сүйікті, қамқоршы – Асыл аналар.
Сіздерді көктемнің алғашқы мерексі
8 – Наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге ұзақ өмір, отбасыңызға амандық тілейміз.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Сценарий "Жұлдызды сәт"
- Конспект занятия "Қыстап қалатын құстар"
- Презентация "Внеклассное мероприятие «Экологическое путешествие по планете Земля»"
- Технологическая карта урока "Мінез - ақылдың сауыты" 5 класс
- Презентация "Москва и Московский Кремль" 2 класс
- Методическая разработка "Шумит берёзами Россия" 1-4 класс