Классный час "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" 7 класс

Тақырыбы: «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»
Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын
танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту,
ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытып,
эстетикалық талғамы бар, сауатты оқушы дайындау.
Тәрбиелілік: Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі
алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әдеби- сазды қойылым.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ақын портреті, слайдтар,
қанатты сөздер, ақын шығармалары.
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе бөлім.
Үнтаспадан ақын өлеңдерін тыңдау.
2. Мұқағали- мәңгілік ғұмыр ( Ақынның өмір жолы мен
шығармашылығына шолу)
3. «Поэзия менімен егіз бе едің ?» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
4. « Жазылар естеліктер мен туралы » (ақын жайлы естеліктер оқу)
5. « Ән сал, жаным » (әндерін орындау)
Жүргізуші: - Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар, қымбатты ата-
аналар, озық ойлы оқушылар!
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын » деп жүрегінің түбінен
қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына
бөленген Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған
«Поэзия, менімен егіз бе едің ? » атты әдеби- сазды кешімізге қош
келдіңіздер.
«Сырым да осы, жырым да осы,
Адыңда.
Байқашы сен,
Бықсыдым ба, жандым ба ?
Мақаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда ! » деп жарық сәуле шашқан қазақ
поэзиясының шоқ жұлдызы - Мұқағали Мақатевтың 9- ақпан –
туған күні.
1-Оқушы : Құралай (Арыз жазып кетейін)
2-Оқушы: «Қара өлең» Ақнұр өлеңін оқиды
Жүргізуші: (Ақынның қысқаша өмірбаяны оқылады)
Мұқағали өлеңдері мәңгі жасай беретін мол мұра. –Иә, ақын тілегін
орындау- біздің парызымыз. Поэзияның аламан бәйгесінен оза
шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға
Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз
білмейміз. Ендеше тақтаға назар аударайық.(Слайдтарды оқыту)
Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліспен шын
қуаныштан, шын сағыныштан туған.
3- оқушы : Рамазан «Шеше сен бақыттысың» өлеңін оқиды.
Жүргізуші: Мұқағали поэзиясы мәңгілік, халықтың байлығы,
болашақ ұрпақтың еншісі. Сандай- ақ ақын өлеңдерінің көпшілігі
тіршілік, өмір жайында.
4- Оқушы: Диана «Ей, өмір» өлеңін оқиды.
5- Оқушы:Мұхтархан «Үш бақытым»
6-Оқушы: «Қара өлең» Ақнұр өлеңін оқиды.
Жүргізуші: «Өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.
Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда,
күнбе- күн қасымызда, әне,ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл
залды дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп,жазық маңдайы
жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр.»
Әбділда Тәжібаев
7- Оқушы: Ақниет «Поэзия менімен егіз бе едің ? »
Жүргізуші: Мұқағали- біздің заманымыздың ғажайып ақыны. Көзі
тірісінде «Жазылар естеліктер мен туралы» деп аз ғұмырының
мәңгілік пен жалғасатынын дөп басып айту- көрегенділік.
8- Оқушы : Сымбат «Өлең деген тумайды жайшылықта » өлеңін
оқиды.
Жүргізуші: Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер халық жүрегінен
берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан
серігіне айналды.
«Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені,
Бір сәтке тынсын тірлік жер- көктегі.
Дала ұйысын,дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі » деп келесі кезекті ақын
өлеңдеріне жазылған әндерге берейік.
Ән : «Туған өлке »
Жүргізуші: «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты
күйзелдім.Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым.Екі айдан соң
жұмысқа шықтым.бешпентімнің қалтасынан хат
шықт,Мұқағалидың жазуы: «Аға, менғой. Ішім күйіп барады.Не
болатынын білемедім. Мынаған көңіл бөліп көріңізші!» депті. Бұл
«Есіңе мені алғайсың» әні еді»
Нұрғиса Тілендиев
Олай болса кезекті осы әнге берейік.
Хор: «Есіңе мені алғайсың»
Қорытынды : мұғалім сөзі
Жүргізуші:Осымен «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты әдеби-
сссазды кешімізді аяқтаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға
рахмет!