Конспект урока "Берік отбасы - Мәңгілік Ел!" 3 класс

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№273 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Берік отбасы - Мәңгілік Ел
(10.09.2016 ж. Отбасылық спорттық сайыс 3-сыныптар)
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Б.Сарбалов
Н.Уржанбеков
Байқоңыр қаласы. 2016 жыл
Бекітемін
мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
___________ Емешова А.Т
«____» ____________ 2016жыл
«Берік отбасы Мәңгілік Ел»
Қыркүйек айының 2-жексенбісі Республика бойынша отбасы күні
болып белгіленген. Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу
білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе.
Ғ.Мүсірепов.Осы мерекеге байланысты ұйымдастырылып отырған «Берік
отбасы – Мәңгілік Ел» атты отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде
мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін
кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.
Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары
арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Осы мақсатта біз бүгін отбасылық
спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.
Сайысымызға 4 топ: «3 а» , «3 ә» , «3 б» , «3 в» сыныптары қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)
1. «Қыран» тобы 2. «Сұңқар» тобы
3. «Бірлік» тобы 4. «Барыс» тобы
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Жолдасбаев Руслан
2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Тулеуов Абай
3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Бегалиев Мұхамед-Али
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды
бастаймыз.
1. үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері
таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;
2 тур. Эстафеталық таяқшамен жүгіру
Шарты: Кедергілерден өтіп, ойын алаңының арғы шетіне жетіп сол күйінде
қайта жүгіріп келіп таяқшаны келесі ойыншыға беру.
3 тур «Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз допты аяқпен
қысып секіру арқылы ойын алаңының арғы бұрышына жетіп қайта оралу.
Бұнда алдымен екі топ, келесі екі топ, сосын жеңген топтар бір - бірімен
жарысады.
4 тур «Пирамида»
Шарты: кезек-кезек жүгіріп шашылған пирамиданы толық құрастыру.
5 тур « Мергендер» сайысы
Шарты: Кедергілер арқылы жүгіріп барып, шеңбердегі теннис добын
нысанаға салу.
6 тур «Обручпен баскетбол добын тартып жүгіру»
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Марапаттау рәсімі! Сайыста ұпайына байланысты орындар беріліп, арнайы
сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталады.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды
қиып, отбасылық спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға,
алғысымызды білдіреміз!Осы өткізілген іс-шарамызды Тәуелсіздіктің 25
жылыдығына арнаймыз. Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта
болыңыздар!
10.09.2016 ж. өткізілген «Берік отбасы-Мәңгілік Ел » атты отбасылық
спорттық сайыстың
АНЫҚТАМАСЫ
Қыркүйек айының 10-шы жұлдызы күні спорт алаңымызда отбасылық
спорттық сайыс болып өтті.Бұл сайыстың мақсаты «Денсаулық» ұғымының
адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту
қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға
қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-
аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа 4 команда
катыстырылды.Олар «Бірлік», «Сұңқар», «Қыран» «Барыс» топтары. Жарыс 6
кезеңнен болып, әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланды.Жалпы
ұпай санымен III орындарды «Сұңқар» және «Қыран» тобы иеленсе,II орынға
«Барыс» тобы орналасты. I орынды ең жоғарғы ұпай санымен«Бірлік» тобы жеңіп
алды. Барлық командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Б.Сарбалов
Н.Уржанбеков