Конспект занятия "Жайлау қандай тамаша!"

Айналамен таныстыру сабағы
2 сәбилер тобы
«Жайлау қандай тамаша!»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту ,үй жануарларымен
таныстыру,олардың
Төлдерін дұрыс айтқызы: (қозы, лақ, құлын, бұзау, бота ).
Үй жануарларын күтіп-баптауға деген сүйіспеншіллік сезімі арқылы туған
жерін, анасын
Сүюге баулу.Көктем мезгілі туралы білімдерін қалыптастыру.Инабаттылық
пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Жаңа сөздер:төрт түлік мал, шұбат, түйенің өркеші.
Көрнекті құралдар: төрт түлік мал мен олардың төлдерінің суреттері
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу , сұрақ –жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Балалар, қазір мен сендерге жыл мезгілі туралы өлең оқып беремін, мұқият
тыңдап алыңдар, сосын қаңдай жыл мезгілі туралы екенін айтып бересіңдер.
-Ақ қар еріп,
-Су көбейіп,
-Сай салаға ағады.
-Бүршік шашып,
-Жапырақ ашып,
-Гүл бәйшешек болады...
-Мал маңырап,
-Төл жамырап,
-Жайлау малға толады.
-Бөбектерім, айтыңдаршы!
-Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде болады.
Балалар, қазыр жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
Көктем мезгілі екенін қайдан білесіңдер?
Көктемде күн жылынады, қар ериді, жаңбыр жауады, құстар жылы жақтан
ұшып келеді.
-Дұрыс айтасындар , балалар.
-Иә, қуаныштымыз!
-Ендеше қуанышымызды бір-бірімізге білдірейік.
-Қуан! Шаттан! Алақай!
-Қуанатын келді күн.
-Қайырлы таң!
-Қайырлы күн!
-Күліп шықты күн де бүгін!
-Балалар, біздің сабағымызға бүгін қонақтар келіп отыр ,олармен
амандасайық.
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме!
Мал-жан аман ба?
Мінекей, тағы қалай амандасуға болады.
Неліктен халқымыз осылай амандасады екен?
Ең алдымен малдың амандығың сұрайды, сонан соң жанның амандығын
сұрайды.
Қазақ халқы ерте заманнан мал өсіріп, көшпелі өмір сүрген, сондықтан
малмен күн көрген:
Төрт түлік мал жесе – азық, кисе – киім, жүрсе көлік болған.
Қыста – қыстауда, жазда – жайлауда мал бағып өмір сүрген.
Балалар, қазір біз сендермен жайлауға барып дем алып,төрт түлік
малмен кездесейік:
Сергіту сәті: Жайлауға біз барамыз,
. Таза ауа жұтамыз.
. Гүлдерді далада тереміз,
. Әжемізге сыйлаймыз.
- Қандай,тамаша, жайлауға да жеттік.
- Жайлауда қандай үй жануарлары сендерге кездесті?
- (Тақтада үй жануарларының төлдерімен суреттері қойылады.)
- Бұл не?
- Бұл қой, сиыр, жылқы, ешкі, түйе.
- Бұл үй жануарлары, немесе оларды төрт түлік мал деп айтады.
- Балалар, үй жануарлары адамға қандай пайда келтіреді?
- Үй жануарлары адамға сүт береді, етін жейміз, жүнінен жылы киім
+ тоқиды. т.б.
- Осы үй жануарларының төлдерін қалай атайды?
- Қозы, лақ, құлын, бұзау, бота деп айтамыз.
- Төрт түлік мал туралы қандай өлең білесіңдер? Балалар өлеңді жатқа
айтады:
- Түйе малдың - үлкені,
- Жылқы малдың - үркегі,
- Сиыр малдың - сүттісі,
- Қой түліктің - құттысы.
- Балалар, қараңдаршы төлдер жайлауда өріп адасып кетіпті. Олардың
енесін тауып беріп көмектесейік.
Дидактикалық ойын: «Ненің төлі?»
- Бұл – бота түйенің төлі.
- Құлын – жылқының төлі.
- Ал, бұзау - сиырдың төлі.
- Лақ – ешкінің төлі.
- Ал, қазір төлдер болып ойнайық.
Балалар төлдердің бет пердесін киіп ортаға шығады.
- Құлын, сен қайда болдың?
- Мен далада шапқылап енеммен жарыстым.
- Бұзау, сен қайда болдың?
- Мен енеммен көк шалғында жайылдым.
- Лақ , сен қайда болдың?
- Мен тастан - тасқа секірдім.
- Бота, сен қайда болдың?
- Мен енемнің өркешіне басымды қойып ұйықтадым.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Мінекей, төлдер енелеріне қалай еркелейді екен.
- Балалар, ал сендер аналарыңа еркелейсіңдер ме?
- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Қандай жылы сөздер айтады?
- Менің мамам маған «ботам» дейді.
- Әжем мені «құлыным» дейді.
- Маған мамам «күннің көзі» деп айтады.
- Қазақ жылқы малын өте қадірлеп, тіпті балаларын да еркелетіп
төлдердің атымен атаған.
- Балалар, ал сендер өз аналарыңды құрметтеп, оларға қандай жылы
сөздер айтасыңдар?
- Айналайын мамам, мен сені жақсы көремін т.б.
- Ал, кім әжелеріне,аталарына көмектеседі?
- Мен ыдыс жуамын.
- Мен гүлдерді суарамын т.б.
- Әр адам, әр бала өз анасын құрметтейді, сонымен бірге туған жерін,
өлкесін де қадірлеп сүйіспеншілігін білдіреді.
- Ал қазір «Туған жер » деген әнімізді сыйлық ретінде қонақтарымызға
арнайық.