Конспект урока "Қыз қандай болу керек?"

Сабақтың тақырбы: Қыз қандай болу керек?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін
ұғындырып меңгерту.
Өнерге деген құштарлын оята
отырып, имандылық салтын
қалыптастыру. Оқушыларды салт
дәстүр сыйлауға құрметтеуге
тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Плакат, нақыл сөздер.
Тәрбиелік деңгейі: Ана – үйдің берекесі,
Бала – үйдің мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен
тәрбие арқылы өлшенеді. Біздіің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі
әдеміліктің әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде
қолданылады.
Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Бұл қыз баланың айырықша әдепті де, көрікті болатынын
аңғартады. Халқымыз қыз баланы ардақтайды. Оған қатты сөз айтпай
мәпелеп өсірген. Өйткені, қызды жат – жұрттық бала, қыз- қонақ, оның
көретін құрметі де әкесінің үйінде деп ерекше сыйлаған. Қыз үйге
кіргенде ақсақалды қарт орнынан тұрып, төрден орын берген, бұл-қазақ
дәстүрі.
Өлең сөз – деп бабаларымыз осылай жырлағандай бүгінгі тәрбие
сағатымызды «Бүгінгі ару - ертеңгі ана» болатын қыздарымызбен ой
қозғағамақшымыз. Сол себептен оқушыларымыз екі топқа бөлініп отыр.
«Қыз баланың мынау тіршіліктегі міндет – парызының жүгі ауыр әрі
ардақты. Ол адамзат ұрпғын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап,
күйеу күтетін адал жар, ата - ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол
осыны қаласын-қаламасын бұл өмір заңы» деген.
Барлық халық қыздарды өмірдің жалғасы, болашақ ана ,
өмірлік жар, ол-еңбекқор, ол-қоғам қайраткері деп бағалаған.
Бүгінгі жас өркен қыз баласы- ертеңгі өркениетті қоғам
мүшесі. Ол физиологиялық, психологиялық жағынан жетілген,
өркениеттілік пен ғылым жетістіктерін меңгерген, қоғам сұранысына сай
болумен қатар әлемдік және ұлттық рухани құндылықтарды бойына
сіңіре білу керек. Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі – салт
дәстүрдің шығу тарихын, қолдану заңдылықтарын зерттей келе оның
қыз бала тәрбиесінің өзекті арқауы екеніне көз жеткіземіз. Оның тәрбие
беру мазмұны мынаған келіп тіреледі.
Сіздер көріп отырғандай «Қазақ қызы қандай болу керек» - деген
осыдан туады. Біз сол туралы біраз ой қозғаймыз. Қазақ қыздарына тән
ұяңдық , инабаттылық, әсемдік, ұстамдылық, биязылық неге қазіргі
бойжеткендеріміздің бойынан алыстап барады. Оларға не көрінді ? Қайда
кетіп барады ?
«Біреулер бақытсыздыққа тағдырдың таяғымен барады, ал біреулер
өз аяғымен барады» деген қазақта аталы сөз бар. Барлық кінәні қазіргі
уақыттың қиындығына, тағдыр тәлкегіне аудара бермей, кейде базбір
жандардың қисық жолға түсіп, кетуіне өздері де кінәлі-ау деп
ойлаймын.
Біреу өмірдің қыспағына түсіп, ақшадан қысылғаннан тәнін саудаға
салып, жезөкшеліктің жолына түссе, екіншісі оны күнделікті кәсібіне
айналдырған. Бірақ уақыт бір жерде тұрмайды. Олардың көбісінің бұл
«мәз-мейрам» өмірінің қысқа , ертең, уақыт келе, олардың біразы төмен
құлдырап, «саудасы» арзандап бір тойып ішетін тамаққа да зар күйге
айналады. Сынаптай жылжып жылдар өте шығады. Бетінің бояуы кетіп,
жүзінің нұры қашып, денесі босап, ұсқыны жоғалады. Олардың тұрмыс
құрып, бала сүйіп, бақытты ои басы болуы екі талай.
Алдамшы өмірдің жетегіне кетіп, баянсыз өмір соқпағына қалай
түсіп кеткенін де байқамай қалады. Сол кезде ғана алыста қалған
жастықтың албырттылығын қия басқан сәттері өкінішпен еске алатын
болады.
Құрметті бойжеткен қыздар қазақ қызына тән өқасиеттерді
жоғалтпай, инабаттылықты, адамгершілікті, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет
көрсете білейік.
Үні таққан сәукелі,
Зерлі камзол кигені оның
Қос бұрымын қайта өреді,
Тік қарауға именеді – деп қазақ қызы
осындай
болуы керек деп сабағымызды аяқтаймыз.
Қыз қандай болу керек?