Тест "Қазақ тілінен" 4 класс
Қазақ тілінен 4- сыныпқа арналған 1-жарты жылдық бойынша тест
1-нұсқа Орындаған: -------------------------------------------------------------
1. Қатаң дауыссыздарды белгіле:
А) п,в,р. В) ш,щ,ж. С) ц,ч,щ. Д) н,м,л.
2. -ншы жұрнақ қай сөзге сәйкес келеді:
А) жеті В) екі С) алты Д) үш
3. Тасымалдауға болмайтын сөздерді көрсет:
А) жиын, әнші В) адам, қарт С) белуар, биязы Д) бейім, қуыр
4. Сөз тіркесі неден құрылады:
А) бір не екі сөзден В) екі не одан көп сөзден
С) бір ғана сөзден Д) буындардан
5. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле:
А) әкенің өсиеті В) кітап оқу С) сегіз дәптер Д) қоңыр салқын жел
6. Бірыңғай мүшелердің ерекшелігін тап:
А) бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер
В) бірдей әріптермен баталған сөздер
С) жеке сөзден жасалған сөздер
Д) адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер.
7. Тұрлаусыз мүшесі жоқ сөйлемді белгіле:
А) Аққулар көлге қонды.
В Аққулар шалқар көлге қонды.
С) Аққулар қонды.
Д) Аққулар көлге қонып отыр.
8. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А) бастауыш пен сан есім
В) қаратпа сөз бен зат есім
С) бастауыш пен баяндауыш
Д) зат есім
9. Ұяң дауыссыздарды белгіле:
А)д,ж,н,ң. В)қ,к,ғ,г. С)л,м,б,в. Д)ж,з,б,в.
10.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:
А)жап-ы-рақ. В)жа-пыр-ақ. С)жа-пы-рақ. Д)жа-п-ырақ.
11.Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап:
А)етікші. В)ақын. С)ата. Д)ақыл.
12.у-дыбысының дауыссыз түрін белгіле:
А)журнал. В)қоңырау. С)қуыршақ. Д)бару.
13.Дұрыс жазылған сөзді тап:
А)айалдама. В)аялдама. С)аиалдама. Д)айялдама.
14.Жалқы есімді тап:
А)күшік. В)Бөрібасар. С)қала. Д)ауыл.
15.Ән сөзіне мәндес сөзді тап:
А)ертек. В)өлең. С)әңгіме. Д)би.
16.Мәтіннің түрлерін тап:
А)әңгімелеу,сипаттау,пайымдау.
В)басы,соңы, әңгімелеу.
С)хабарлау, аяқтау,жазу.
Д)айту,пайымдау, қорыту.
17.Қаратпа сөзді тап:
А)Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.
В)Мүмкін,сәл кідіре тұрарсыз?
С)Амал қанша,осылай болды.
Д)Алма, алманы әкел
18.Мақалды аяқта: Еңбек түбі-
А)мереке. В)береке. С)жақсылық. Д)байлық.
19.Бірыңғай мүше қатысып тұрған сөйлемді тап:
А)Абай бірақ ойын айтпады.
В)Қайдан келдің, бауырсақ?
С)Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.
Д) Көш алдында Тәкежан, Әзімбай,Майбасар барды.
20. Сөйлем басында қаратпа сөзден кейін тұратын тыныс белгісін көрсет:
А) нүкте. В) сызықша. С) үтір. Д) дефис.
Қазақ тілінен 4- сыныпқа арналған 1-жарты жылдық бойынша тест
2-нұсқа Орындаған: --------------------------------------------------------------
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:
А) ө,о,,э,в,к,с,һ. В)м,н,ң,к,ч,ф,ұ.
С)ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ. Д)ж,з,қ,л,м,н,о.
2. Бес буыны бар сөзді белгіле:
А)аулаймыз В)шомыламыз С)демаламыз Д)көмектесеміз.
3. ҚХР - қандай сөз?
А)біріккен сөз. В)қос сөз. С)қаратпа сөз. Д)қысқарған сөз.
4. Негізгі сын есімді тап:
А)ұрысқақ. В)көк. С)сөзшең. Д)тарихи.
5. Бірнеше жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?
А)жай сөйлем. В)сұраулы сөйлем.
С)сөйлемнің бірыңғай мүшесі. Д)құрмалас сөйлем.
6. .Мәндес сөздерді тап:
А)еңбек, іскер, жалқау. В) қайрат, жігер, ел.
С)жаратылыс, табиғат,су Д) бет, жүз, келбет.
7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін белгіле:
А) түбірлес сөз. В)түбір сөз. С) қосымша. Д)сөз құрамы.
8. Жіктік жалғауларын белгіле:
А)-мін, -сін, -сіз. В) -ма,-ме,-па,-пе.
С)-ым, -ім, -м. Д)-лар, -лер,-тар, -тер
9. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Данияр ойнап отыр. В) Данияр үйді жинады.
С) Данияр ойнады. Д)Данияр жинады.
10. Қаратпа сөзді тап:
А) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз.
В)Алма, алманы әкел.
С)Немене, риза емеспісің?
Д)Амал қанша, осылай болды.
11. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:
А)-ау, -еу. В)-ыншы, -інші, -ншы,-нші.
С)-тан, -тен. Д)жұрнақ болмайды.
12. Жалқы есімі бар сөйлемді көрсет;
А)Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
В)Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С)Жаңа кітаптар алмақ болып, мен дүкенге бардым.
Д)Ғылым таппай, мақтанба.
13. Жалғау жалғанған сөз:
А)кәсіпкер. В)ғалымның. С)білім. Д)жылқышы.
14. Көптік жалғауы бар сөздерді көрсет:
А) астық, егін. В) жемістер, көкөністер.
С) саяхат, мейрам. Д) мереке, жыл.
15. Тәуелденген зат есім:
А) атамын, В) аталар. С) атам. Д) атамен.
16. Түбірлес сөздер деп нені айтады?
А)Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз.
В) Бір түбірден бірнеше туынды сөздің жасалуы.
С) Түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалған сөз.
Д) Мағыналы сөздердің байланысы.
17. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөз қалай аталады?
А) біріккен сөз. В) түбірлес сөз. С) қос сөз. Д) сөз тіркесі.
18. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Мұғалім сабаққа кірді.
В) Мұғалім кіріп келді.
С) Мұғалім кірді.
Д) Мұғалім келді.
19. Қарсы мәндес сөздердің ерекшелігі:
А) мағыналары бірдей болады.
В) мағыналары әртүрлі болады.
С) мағыналары бір-біріне қарсы болады.
Д) мағыналары мәндес болады.
20.Айтылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөзді тап:
А)ұста. В) қымыз. С) көмек. Д) шебер.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Контрольный диктант «Майское чудо» 4 класс
- Контрольная работа по письму и развитию речи 4 класс II четверть
- Тест "Борьба Руси с иноземными завоевателями" 4 класс
- Контрольная работа "Безударные личные окончания глаголов настоящего и будущего времени" 4 класс
- Буклет "Педагогическая составляющая занятий внеурочной деятельности по скорочтению"
- Конспект урока "Загадки фигур и линий" 1 класс