Классный час "Қош бол бастауышым - балбұлағым"
Қош бол, бастауышым- балбұлағым.
Мақсаты:Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге
дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы
мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға
қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады.
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).
Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын
қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш
сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 сыныбының «Қош
бол,балбұлағым- бастауышым» атты бастауышпен қоштасу салтанатына
қош келдіңіздер.
1жүргізуші:
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып оқушыларын ортамызға
2жүргізуші:
Журналдың да басында
Сапта тағы басында
Аудандық олимпиада жүлдегері
Ақылды да,байсалды
Әсет келсін қасыма.
3жүргізуші:
Ат үстінде шапқанда
Бәйге алмай қайтпайтын
Айбын ұл - батырым
Ақылы көп асылым.
1жүргізуші:
Өзі сондай кішіпейіл жарқын-ақ
Қалыспайды білім алудан қарқын ап.
Достарымен әр кез тату жүреді
Тұлымшағы желбіреген Аяулым.
2жүргізуші:
Сабырлы, әрі салмақты
Бар ынтасын,жігерін
Сабағына арнапты.
Есептеуден әрқашан
Санжар жігіт қалмапты
Мұғалім сөзі:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгін міне сіздер менің шәкірттерім
4 сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне келіп
отырсыздар!. Төрт жыл бойы білімге жол ашқан менің шәкірттерім өздерінің
бастауыш сыныбымен қоштасып, жоғары сынып табалдырығын аттағалы
отыр.Қадамдарыңыз сәтті, қуаныштарыңыз құтты болсын! Қанаттарыңыз
талмай өмірдің осындай белестерінен биік шыңдарына самғай беріңіздер !
Менің және бастауыш сыныпта сабақ берген ұстаздарыңыздың және ата-
аналарыңыздың үмітін ақтай біліңіздер дегім келеді. Сонымен қатар қазір
сіздердің назарларыңызға түрлі аудандық, мектепішілік,облыстық
олимпиадаларға қатысып өздерінің білімімен көзге түсіп, жүлделі орындарға
ие болып жүрген шәкірттерімнің жетістіктерін ұсынбақшымын. Жақсының
жақсылығын айт нұры тасысын дегендей осындай балаларды тәрбиелеп
өсірген сіздерге де көп рахмет.Балаларыңыздың осындай қуаныштарына
тоймай жүре беріңіздер! Ендігі сөзді оқушыларыма берейін.
1жүргізуші:
Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз 2 бөлімнен тұрады:
1бөлім: Жүрек жарды арнау тілектеріміз аяулы мектебімізге , ардақты
ұстаздарға, қадірлі ата – анамызға , ой санамызды дамытқан оқулықтаға
арналады.
2бөлім. «Біз өнерлі баламыз » атпен сіздерге өз өнерлерімізді ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Ұстазымды алғашқы жан анамдай көремін,
Бойында барды аямай сарқып бізге беретін.
Балапанын қорғаштаған қызғыштай
Білім нәрін санамызға егетін.
3-жүргізуші:
Жылы жүзің күн көзіндей арайлы
Кеңесіңмен жолға салдың талайды.
Ұстаз сізге бас иеміз бәріміз,
Біздер үшін ағарттыңыз самайды.
1-жүргізуші:
-Құрметті алғашқы да аяулы, ардақты да қымбатты ұстазымыз Тоғжан апай
сіз 4 жыл бойы4сынып оқушыларына тынбай білім мен тәрбие бердіңіз.Сізге
айтар алғысымыз шексіз! Сіз енді біздің бүгінгі кешіміздің басты қонағы
болыңыз! Бүгінгі «Бастауышым-балбұлағым» атты мерекелік кеш өзіңізге
және бастауыш сыныпта сабақ берген ұстаздарымызға , мектеп ұсаздарымен
ата-аналарымызға арналады.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
3жүргізуші:
Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз
да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше,
сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.
1-оқушыАйбын:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 оқушыАяулым:
Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
3-оқушы Санжар:
Алтын ұя мектебім мақтанышым
Сенен асқан құтты қадам таппадым.
Сен арқылы білім деген атаудың,
Қасиетті босағасын аттадым.
4-оқушы Әсет:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.( Қоңырау үні )
1жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі
шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай
болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
1-оқушы: Аяулым
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
2оқушы:Әсет
Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп,
Жалындатып жанарымды нұр еткен.
3оқушы Санжар:
Мейіріммен бізге жайған құшағың,
Қуат берді, көкке самғап ұшамын.
Өнегеңді өмірімде үлгі етіп,
Арманымды бір өзіңмен құшамын
4оқушыАйбын:
Шуағы мол жаз күніндей қабағың,
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң,
Балбырайды бал - бұл жанып жанарым.
1оқушыӘсет:
Ұлағатты ұстазымсың, данамсың,
Адалдыққа баулыған сен анамсың.
2оқушыАйбын:
Білгеніңді ұрпағыңмен бөліскен
Тұлғаң биік, дархан жүрек адамсың.
3оқушыСанжар:
Сол үшін де аяулысың адамға,
Санамды ашып күн сыйлаған ғаламға.
4оқушы Аяулым:
Еңбегіңді қастерлейді бар адам,
Ұстаз атың ардақталып әманда.
Хормен барлығы:
Ұстаз жолы ұлы жол,
Ұстазым менің - асқарым.
Біздерміз жазған дастаның:
Мөп -мөлдір болсын аспаның.(Ұстаздар жайлы музыка ойналады)
1 жүргізуші: Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той.Ендігі кезекте 4
жыл бойы білім беріп, ой-саналарыңды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа
тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан, оқулықтарың жайлы
айтып кетсеңдер
Санжар:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
«Ана тілін» оқимын
Ерекше зор құрметпен.
Аяулым:
Қазақ тілім – таусылмайтын жыр маған
Қазақ тілім – қасиетті тұмарым.
Сондықтан да қазақ тілім мен сені
Әрқашанда биік ұстап тұрамын.
Айбын:
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламын.
Сәулесі деп сананың
Мәнінен ой табамын.
Әсет:
Қуанамыз, қолдаймыз
Даламыздың сан көркін.
Дүниетану сабағын
Құрметпенен сыйлаймыз.
Аяулым: Ана тілі пәнінен ақын-жазушылардың көптеген шығармаларын
оқыдық. Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттадық. Солар арқылы ата-
бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен
үлгі алдық.
Әсет: Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар сияқты
ағаларымыз туралы және олардың шығармаларын оқыдық.
Айбын: Әлия, Мәншүк, Талғат, Нұркен, Төлеген, Бауыржан сияқты
батырлар, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар туралы оқып білдік.
Санжар: Кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның байлығымен таныстық.
Табиғатты аялауға, жамандықтан жиренуге, жақсыдан үйренуге тәрбие
алдық.
2 жүргізуші: Сендер 4 жыл ішінде біз тек өз ана тілдеріңді ғана емес, өзге
тілді де үйрендіңдер. Ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіл орыс тілі,
ағылшын пәндер жайлыда айта кетсеңдер.
Айбын: Самое прекрасное на свете – Родина. У каждого человека есть
Родина. И каждый любит ее. Любить место, где он родился и живет. Любить
родные леса и поля, свою зиму, свое лето, свою весну, и свою осень.
Аяулым: Человек любит людей, с которыми они живут, любит свой народ .
Любит свой родной язык и песни своего народа, сказки, танцы, книги .
Әсет: Без Родины и без своего народа человек не может жить . Родина –
самое важное слово .
Санжар: Слышишь песенку ручья,
Это - Родина твоя
Слышишь голос соловья,
Это - Родина твоя .
Школа где твои друзья,
Это – Родина твоя .
Руки матери твоей,
Звон дождей,
И шум ветвей
И в лесу смородина
Это – Тоже Родина .
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш
сынып мұғалімдеріне арнап «Ұстазым» әні шырқалады. Қабыл алыңыздар!
Хор: «Ұстазым»
2 –жүргізуші:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып,
білімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
1- жүргізуші :
Сондай-ақ, біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен
солымызды танытқан, әр сабақ сайын жақсыдан үйренуге, жаманнан
жиренуге баулығын алғашқы ұстазымызбен де қоштасқалы отырмыз.
6-оқушы:
Шуағы мол жаз күніндей қабағың,
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң,
Балбырайды бал - бұл жанып жанарым.
Ұлағатты ұстазымсың, данамсың,
Адалдыққа баулыған сен анамсың.
Білгеніңді ұрпағыңмен бөліскен
Тұлғаң биік, дархан жүрек адамсың.
Сол үшін де аяулысың адамға,
Санамды ашып күн сыйлаған ғаламға.
Еңбегіңді қастерлейді бар адам,
Ұстаз атың ардақталып әманда.
7-оқушы:
Ұстазым үйреттің де әріптерді,
Жаныма әліппеңіз жарық берді.
Оқыған өзіңізден ақын, ғалым,
Олардың үлгілі ісі - халық көркі
8-оқушы:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүрекпен тең көреді.
Өмірге жол бір өзіңнен басталады,
«А»әрпін алғаш сенен жаттадым.
Ұстаздары естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның
9-оқушы:
Мәпеледің, үйреттің,
Әсемдігін жер көктің
Шаршадың қанша шалдығып,
Аянбай бізге тер төктің.
10-оқушы:
Ұстаз жолы ұлы жол,
Ұстазым менің - асқарым.
Біздерміз жазған дастаның:
Мөп -мөлдір болсын аспаның..
11-оқушы:
Күттіңіз таңның атқанын,
Күттіңіз күннің шыққанын.
Өзіңізге ұқсап мен де ертең.
Мұғалім болам, ұстазым.
Бақытқа қолды серметтің,
Құдіретін көрдім жер - көктің
Қиналдым, қанша тер төктім,
Қадірін сездім еңбектің.
2-жүргізуші: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға –деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке,
әдемілікке, әдептілікке, адалдыққа, әділдікке жалпы көп нәрсеге баулыды.
Сондықтан да ұстазымызға (Барлығы) Мың алғыс!
1-жүргізуші: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Бастауыш балалықтай бір жүрек бұл.
Өздеріңе борыштармыз өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің өздеріңізге арнап жазған жүрек жарды
жыр шумақтары бар. Қабыл алыңыздар
11-оқушы: Аман болшы қашанда анажаным,
Анашым ыстық маған алақаның.
Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,
Ботам деп еркелете қарағаның.
12 оқушы: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
2-жүргізуші:
Келесі тыңдайтын әндеріңіз, ешбір жанға теңдесі жоқ аналарымызбен
әкелерімізге арналады.
Ән: «Анамшым-әкемшім»
1-жүргізуші: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай ата - баба жолын қуып,
Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бұхар жырау т. б.
қазақтың би - шешен, хандарының үлгілерін алып жүрген балаларыңыздың
өнерін тамашалаңыздар
Ақсұңқар:
- Е, жырауым қазына кімде?
Дулат:
- Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсеңші!
Ақсұңқар:
- Мен айтсам қазына байда, басқа кімде болушы еді?
Дулат:
- Е, е, білмедің! Үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау
шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына – білімдінің басында.
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне:
«Дүниеде не өлмейді?»- деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай
депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді .Осы сөздің төркіні дұрыс па? Қазеке сіз қалай
айтар едіңіз?
Ақниет:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.
1-жүргізуші: Шыр көбелек билейтін,
Мақтануды сүймейтін
Биші десең қыздардан,
Сан бұралар табылар. Біздің мына сыныпта Өнерлінің бәрі бар.
Би: «Көңіл толқыны»
2-жүргізуші Ән: «Жарқын жүзді ұстазым
1-жүргізуші: Өнерпаздар ортамызда әлі бар
Бишілердің билеп берер сәні бар
Қошеметтеп, қол соғып қарсы алайық
Вальс биін билеп берер ұл, қыз бар.
«Мектеп вальсі» биі
2-жүргізуші: Хор: «Ұстазым менің»
1-жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
2-жүргізуші: Күндерге күндер ұласты
Жылдар жылжып жыл асты
Ойдағыдай бітірдік
Біз төртінші класты –дей отырып,құттықтау сөзді мектеп басшысына беру.
1-жүргізуші:
Қане,қолды жаяйық
Үлкеннен бата алайық.
Бастауышым, қош бол,- деп
Қол соғайық халайық! (Ата-аналарға сөз беру.)
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы –
мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім
нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік
есте қалады. Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. «Қош бол,
бастауыш»
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).
Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған
ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.
Олай болса 4 сыныбының «Қош бол,балбұлағым бастауышым» атты бастауышпен
қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Ә» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға шығады)
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
1-оқушы:
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен
қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-оқушы:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
3-оқушы:
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
4-оқушы:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
5-оқушы:
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.
6-оқушы:
Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім
алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.
7-оқушы:
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке
арналған жырларын тыңдайық.
8-оқушы:
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл, білім жетіліп санасында.
9-оқушы:
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
10-оқушы:
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
11-оқушы:
12-оқушы:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
13-оқушы:
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.
14-оқушы:
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.
15-оқушы:
Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап ән айтам,
Ардақтап ұстаз өтем деп.
Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.
Хор: «Ұстазым»
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің кермет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.
17-оқушы:
Ұстаз – дана
18-оқушы:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
19-оқушы:
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі
жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз. 16-оқушы:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып,
оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен
сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған
ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
20-оқушы:
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
21-оқушы:
Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен ана әкедейсің.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсің.
22-оқушы:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүрегіңді ұнаттық арамызда.
23-оқушы:
Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едік біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең, оң болады.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
24-оқушы:
Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт мұғалім.
Хор: «Ұстазым менің ұстазым»
25-оқушы:
Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
1-оқушы:
Тез үйрендік әділ мен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
5-оқушы:
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
10-оқушы:
Есімде ерен ұстазым,
Шашымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс-жазы,
Молынан мейір төккенің.
Мектебіміздің әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!
15-оқушы:
Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.
Шәкіртті өз балаңдай аяладың.
Қолыма әліппенің кілтін берген,
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
20-оқушы:
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танитын азамат, бір-бір мықты.
25-оқушы:
Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,
Бар асылын бізге жиып, мол берді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді.
Хор: «Анашым»
3-оқушы:
Біздер өстік, есейдік,
Қанаттандық, қатайдық.
Қоштасарда ән салып,
Би билейік думан ғып.
7-оқушы:
Көпшілікке өнерді,
Көрсетейік керемет.
(Балапан биі)
13-оқушы:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Барлығы бірге:
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектебім!
БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн
осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп
табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да,
ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
^ Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.
Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық
шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш
сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат
өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген
ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
^ Ендеше осы шәкірттерімізді ортаға шақырайық.
Мұғалім: Той бүгін -кең сарайда шалқып тасқан
Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан,
Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,
Би билеп, асқақтатып әнге қосқан.
Бұл тойда жан табылмас тасымаған,
Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,
Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың
Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!
1-оқушы: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-оқушы: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға
береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-оқушы: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
3-оқушы: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Ән:
4-оқушы: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
5-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
6-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
7-оқушы: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
8-оқушы: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
9-оқушы: Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейді
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
Мұғалім: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би:
Мұғалім:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
Олай болса, келесі бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
Көрініс:____________________________________________________
10-оқушы: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
11-оқушы: Отанның ұланын,
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.
Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!
12-оқушы: Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
13-оқушы: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Ән:
Би:
Мұғалім: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі
номинацияларда Сіздерді медальдармен марапаттаймыз.
«Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен мектеп директоры марапатталады.
14-оқушы: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңілінің хошын –ай,
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл,
Біздің бастық осындай!
Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі
марапатталады.
15-оқушы: Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді
Ақ ниетті кең пейіл,
Жанна апай осындай.
Мұғалім: «Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
марапатталады.
16-оқушы: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Жанат апай, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
Мұғалім: «Ұйымшылдығы үшін» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі
марапатталады.
1-оқушы: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Бақыт апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
МҰҒАЛІМ: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы марапатталады.
2-оқушы: Білімнің байыбына барып терең,
Зауре апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Мұғалім: «Инабатты» номинациясымен Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.
3-оқушы: Гүлзада апайға біз сендік,
Шетел тілін үйрендік
Ағылшынша жазып та ,
Біз сөйлеуді үйрендік.
Мұғалім: «Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің
мұғалімі марапатталады.
4-оқушы: Читать и писать на руском
Нас научила она
Это наша царица
Надежда Михайловна
Мұғалім: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
марапатталады.
5-оқушы: Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді, аямады,
Әзілі бірге жүрер өзімен
Бауыржан ағай қашып кетсек аямады.
Мұғалім: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі
марапатталады.
6-оқушы: Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Ақ халатты, абзал жан Гүлжан апай,
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Гүлжан апай, ризамыз өзіңізге,
Сәлеміміз сізге алыстан құралады.
Мұғалім: «Смак» номинациясымен біздің құрметті
аспазшылар марапатталады.
1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар.
Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі,
уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар
атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.
Ән:
Мұғалім: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін
тамашалаңыздар.
8- оқушы:
Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.
9- оқушы:
Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жансың шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен.
Самғап ұшты тау қыраның.
10-оқушы: Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймыз!
Қош бол, қош бол, бәрі
^ Сүйікті бастауышым!
Ән:
Мұғалім : Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп , келесі келесі сөзді
қонақтарымызға берейік.
Ата-аналарға , оқушыларға марапат қағаздарын тапсыру.
Мұғалім:
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып
тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.