Конспект урока "Дәмді алмалар мен жемістер"

Ортаңғы «Қуыршақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:06.11.18ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы:»Шығармашылық»
Өтпелі тақырып: Өлі және тірі табиғат
Пән: Мүсіндеу
Тақырыбы: Дәмді алмалар мен жемістер.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алақан арасынга салып, домалақтап ширату іскерліктерін жетілдіру,
дамыту.
Оқыту: көлемі әртүрлі жемістерді жасап үйрету ,түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,монтесорий
технологиясы,ақпараттық технологиясы.
Ресустармен қамтамасыз ету:жемісер мен көкөністердің муляждар
Блингвальдық компоненті: көкөніс-овощи,жеміс-фрукты. алма-яблоко, алмұрт-груша,
сары-желтый, қызыл-красный.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Магниттік тақтаға натюрморттар ілінеді («Алмалар мен жапырақтар», «Себеттегі
алмалар» және т.б.)
-Суреттерде не бейнеленген?
Негізгі бөлім:
-Суретші неге алмаларды қызыл дастарқанның үстіне бейнеленген?
-Әрине, сары және жасыл алмалар дастарқан үстінде әдемі көрініп тұруы үшін
ойластырылған.
-Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатыр,олар-қызыл және жасыл түсті жылтыр
алмалар. Суретші олардың әртүрлі түсіне, көлеміне, дөңгелек пішініне, тәттілігіне
қызығып бейнеленген болуы керек.
-Сендерге қандай алма ұнады?
-Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде жатқан алмаларға қараңдашы. Осы суреттерді бір-
бірімен салыстырыңдар.
Суретпен жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп,
пішінін салыстыруды сұрайды.
-Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі, түсі бар. Әртүрлі жемістерді суретшілердің
картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.
-Бүгін біз осы алма мен алмұрттты ермексаздан жасап үйренеміз.
Тәрбиеші: мүсіндеу тәсілін көрсетеді.
-Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен алманы жасаймыз. Алманың сабағын
орналастыратын жерді саусағымызбен шұңқырлаймыз. Сабағы мен жапырағын жасап,
шұңқырға орналастырамыз. Алмұртты жасау үшін дөңгелек жасап, жоғарғы жағын
сопақша пішінге келтіріп созамыз. Сыртын тегістейміз.
-Ермексазды домалақтаймыз, содан кейін кішкенешұңқырлап, оған таяқшаны қоямыз.
Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады. Оны алақанына салып жұмсартады.
Сергіту сәті
-Саусағым, қайда болдың?
Балалармен не істедің?
-Бір баламен жүгірдім,
-Бір баламен биледім,
-Бір баламен қыдырдым,
-Бір баламен ойнадым,
-Бір баламен секірдім,
-Достарымды жинаймын,
Мүсіндеуді бастаймын!
Балалар тәрбиешінің көрсетуімен ілесе отырып, алма мен алмұртты жасайды.
Қорытындылау:
Жемістер қайда өседі?
Ал көкөністер?