Конспект занятия "Тіл және сөйлеу" 4 класс

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
Тіл және сөйлеу. 1-5 жаттығу
Мектеп:
Күні: 04.09.17.
Мұғалім:
Сынып:
Қатысқан:
Қатыпағандар:
Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар
Оқушыларды сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру..
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Мәтінге байланысты сөз тіркестерін жазу;
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Жаңа сөздерді жазуға
талаптанып, көркем жазу.
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Тақырыпқа байланысты сөйлем жазу.
Тілдік мақсат
Оқушылар: Тіл мен сөйлеуге байланысты тапсырмаларды орындайды
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сөйлеу мақсаты, қазына, амалы таусылу т. б.
Сыныптағы диало/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
- Адамдарға сөйлеу не үшін қажет
- Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма?
- Біздің тіліміз қандай?
Алдыңғы тақырып
3- сыныпты еске түсіру
Жоспар
Жоспарланған
уақыттар
Жоспарланған уақыт (жаттығулар)
Басталуы
0-3 минут
4-6 минут
Күнделікті емле жаттығулары
Адамдарға сөйлеу не үшін қажет қалай ойлайсындар?
Балалар ерте заманда адамдар өз ойларын бір-біріне
жеткізу, түсіндіру үшін әр түрлі іс-қимылдармен
қолданған, немесе тастарға сурет салған ( кітаптан
тастарға салынған суреттерді көрсету) , әр түрлі
жалаушалар, белгілер пайдаланған. Уақыт өте еңбек
арқылы ойлары дамып, тілдері де дами бастады. Біздің
тіліміз қандай? Дүние жүзінде халық та көп, тіл де көп.
қазақ ұлтының тілі, қазақ тілі.
Қазақ тілі- көркем, сұлу да бай тіл. Жазбаша сөйлеуді
кішкентай бала жүзеге асыра алады ма? Неліктен?
Ауызекі сөйлеуді сәби кімнен үйренеді?
Ортасы
7 10 минут
Бірлесіп жазу
1-жаттығу
Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтарға жауап беру.
10- 20 минут
- Тілді не үшін мұра етіп қалдырғысы келгенін білгім
келеді
Сұрақты оқушыларға қою
2-жаттығу
Мақалды түсініп оқу, жатқа жазу
1. Өнер алды - қызыл тіл
3-жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз.
4-жаттығу
Сызбамен жұмыс.
Сөйлеу мақсаты
Хабарлау,
түсіндіру.
Сезімді,ойды бөлісу
Көндіру,сендіру.
Сергіту жаттығуы
«Еуропадағы қалашық»
Ежелгі Еуропада бір көне қалашық бар екен. Сол
қалашықтың өзге тән талабы бар, сол талапты күнде
тал түсте осы қаланың тұрғындары алаңға шығып сол
талапты орындайды.
Қолдарын қысып амандасады
Көздермен бір-біріне қарайды
Құлақтарынан тартады
Арқаларымен үйкелеседі
Бір-бірімен құшақтасады.
20-35 минут
• Мұғалімнің қолдауы бойынша жазылым:
Аяқталуы
35-40 минут
• Өздігінен жазу:
Адамдарға сөйлеу не үшін қажет? Өз ойларын
білдіру үшін , қарым қатынас жасау үшін, көптеген
қызықты нәрселерді білу үшін. Сюжетті суреттерге
қарау.
«Кім жылдам?» ойының өткізу. Ойынның шарты: тірек
сөздерді пайдаланып жазбаша және ауызекі сөйлеу
жасау. Тірек сөздер: ойын, дала, қызық.(ауызекі) Тірек
сөздер: ауа-райы, бізде, ата. (жазбаша)
Үй тапсырмасы: 5-жаттығу, 5-бетте
Бағалау парақшасы арқылы бағалау
Қосымша ақпарат: Өзіндік бақылау жұмысы дәптерімен жұмыс