Конспект урока "Шаршы (Квадрат)" 2 класс
Тақырыбы: Шаршы (Квадрат)
Сыныбы: 2
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға шаршы жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата
білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген
терминді енгізу.
Дамытушылығы: ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге
деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, геометриялық фигуралар, бейнелі сөз.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
№6 (89 – бет)
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
«Ақылды доп» ойыны
Мұғалімнің бастауымен:
1. Қосудың қандай қасиеттері бар? (Әрі қарай ойынды оқушылар жалғастырады)
IV. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу.
1. Кесіндіні өлшейтін құрал
2. Кеміту амалы.
3. Ең кіші бір таңбалы сан.
4. Бір таңбалы сан
5. 30 бен 50 арасындағы толық ондық.
1. Оқулықпен жұмыс
№1 Сұрақ – жауап әдісімен
- Суретте барлығы неше фигура берілген?
- Қарама–қарсы қабырғалары тең тік төртбұрышты тап.
- Оларды қандай фигуралар деп айтамыз?
- Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыштарды тап.
- Олардың нөмерлерін ата.
Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыштарды шаршы деп атаймыз
Б. Графикалық диктант
Дәптеріннің торкөз сызықтарының түйіскен жерінен нүкте қой. Сол нүктеден оңға қарай 4 торкөз санап ал да,
тағы да бір нүкте белгіле. Белгігенген әр нүктеден төмен қарай 4 торкөз санап ал да, тағы да екі нүкте белгіле.
Дәптер сызықтары бойымен нүктелерді кесінділермен қос. Сонда қандай фигура шықты?
2) Бейнелі сөзжұмбақ арқылы келесі тапсырманы білейік!
Етік, сағат, есік, парта. (есеп)
№2 Есепті әр түрлі тәсілдермен шығару.
Қыз – 20 1. (20+10)+4=34 (о)
Ұл- 10 2, (20+4)+10=34 (о)
Келді – 4 3, 20+(10+4)=34 (о)
Болды - ? Жауабы: 34 оқушы болды.
№3 Есепті әр түрлі тәсілдермен шығару және түсіндіріп беру.
Түптеуге тиіс – 48 к 1. 48-(20+10)=18 к
Түске дейін – 20 к 2, (48 – 20)-10 = 18 к
Түстен кейін – 10 к 3, (48-10)-20=18 к
Қалды - ? Жауабы: Қалғаны 18 кітап
3. Санды сөзжұмбақ шешу арқылы келесі тапсырманы білейік!
4²1³10²2¹2² (өрнек)
№4. Қосындыларды салыстыру.олардың мәндерін табу. Осыған ұқсас қосындылар құру. (жұппен жұмыс).
50+10+20= 50+20+10= 20 +10 +50= 20+50+10=
..... ..... ..... .....
V. Сабақты қорытындылау:
1) Сұрақ-жауап әдісімен:
- Шаршы дегеніміз не?
- Тік төртбұрыштың қасиеті қандай?
- Шаршы пішіндегі қандай заттар мен бұйымдарды көріп жүрміз?
2) Шаршыны тап