Конспект урока "Сандардың нөмірленуі" 4 класс

Күні:
Пәні: математика
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: «Сандардың нөмірленуі»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушыларды сандардың нөмірленуімен таныстыру. Практикада
қолдануға үйрету..
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: сурет,сызба,оқулық.
Сабақ әдісі: қайталау, сұрақ –жауап, ізденіс.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Оқушы ойын жинақтап,назарын сабаққа
аудару.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
II.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Ал, оқушылар бүгін қыркүйектің екінші күні. Біз бүгін 3- сыныпта
өткендерімізді қайталаймыз. Соның ішінде ондықтарды, жүздіктерді,
бірліктерді, логикалық тапсырмаларды. Ал, онда кітапта берілген
тапсырмаларды орындайық.
III.Дәптермен жұмыс.
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5-ті 5-ке қосқанда,
Болып шықты 10 саусақ.
Қолға қалам алайық,
Дәптерлерді ашайық.
Дәптерлерді ашқан соң.
Әдемі етіп жазайық.
1. а) Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.
Разрядтар
жүздіктер
ондықтар
бірліктер
2
5
9
0
9
7
9
6
0
4
5
4
8
0
3
9
0
Кему: 970, 596, 500, 489, 209, 43
ә) Жазылған сандарда барлығы қанша ондық, жүздік, бірлік бар екенін
айт.
2.Салыстыр.
699-90<699-9 808-8>808-80
400+80>400+8 550+50>550+5
998-900<998-90 665-60-5=665-65
3.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
900 см= 9 м 10 м= 100 дм
400 см= 4 м 10 м= 1000 см
300 см= 3 м 2 м 5 дм 7 см= 257 см
895 см= 8 м 9 дм 5 см
502 см= 5 м 0 дм 2 см
660 см= 6 м 6 дм 0 см
IV. Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ»
4.Есептерді шығар.
а) Берілгені:
4 дәр әрқайсысы-12 бала ?
2 дәр әрқайсысы-11 бала
Шешуі: (4*12)+(2*11)=70
Жауабы: Барлығы 70 баланы қабылдады.
ә) Берілгені:
Марат-45 кг
Қайрат-? 3 есе жеңіл
Қанша кг ауыр-?
Шешуі: 45: 3=15 кг
Жауабы: Марат 15 кг ауыр.
5.а)Берілгені:
2 бума- 124 п
6 бумада неше парақ?
Шешуі: 124 :2=62
62*6=372
Жауабы: 6 бумада 372 парақ.
ә)Берілгені:
Ақ-124 п ?
Көк-? 2 есе артық
Шешуі: 124*2=248
1 мыңд.=10 жүзд.
1 жүзд.=10 онд.
1 онд.=10 бірл.
Жауабы: Барлығы 248 парақ бар.
б) Берілгені:
Ақ- 124 п
Көктен- ? 2 есе артық
Көк қағаз-?
Шешуі: 124:2=62
Жауабы: 62 көк парақ бар.
в)Берілгені:
Ақ-124 п
Көк-106 п
Барлығы- 500 п
Сары-?
Шешуі: 500-(124+106)=270
Жауабы: 270 сары парақ бар.
6. Кесте бойынша өрнектер құрастыр және жаз. Олардың мәнін тап.
а)(150*3)+250=700
(4*125)+210=710
(880:4)+(211*2)=642
299+(900-680)=510
ә)800-(600:5)=680
(145*4)-(844:4)=369
(445+355)-(155*3)=335
1000-(230*3)=310
7.Жазбаша есепте. Дұрыстығын тексер.
136*4=544 445+58=503
108*4=432 680-497=183
432*2=864 1000-659=341
504:3=168
108:3=36
508:2=254
8.
а)
ә)
V.Үй тапсырмасы.
5 бет №6 есеп
VI. Бағалау.
Сабаққа белсенді оқушыларды бағалау.
VII. Қорытынды.