Конспект урока "Ана тілі - қазыналы бай тілім" 4 класс

«Бекітілген»
мектеп директоры м.а.:
А.Сатубалдина
«№3 орта мектебі» КММ
Тілдер күні мерекесіне арналған
«Ана тілі - қазыналы бай тілім!» -
атты бастауыш буын аралығындағы
іс-шараның жобасы
Дайындаған: Ердавлетова А.М.
Онайбаева Б.Б.
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: «Ана тілі - қазыналы бай тілім!»
Мақсаты : Оқушылардың қазақ тіліне деген қызушылығын арттыру , тілдің
байлығын ұғындыру , мемлекеттік тілге сүйіспеншілігін арттыру.
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен
оқушылар!
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының
халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз.
Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!
Ортаға 1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.( ТАҚПАҚТАР)
1-жүргізуші:
Ана тілім – менің
Әлдилген әнім
Ана тілім – демім
Ана тілім – жаным.
Анатілім – анам,
Аппаққардайарым,
Мұраеткен бабам
Жарқырағаншамым.
2 жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, дей отырып 2 сынып оқушыларын шақырамыз.
« »
1-жүргізуші:
Бұл сыныпта ұл, қыздар
Тату тәтті ойнайды
Баршаңызға, бәріңе
Тек қуаныш сыйлайды.
Ортада 3 «б» сынып оқушылары.
2-жүргізуші:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі - дегендей 4 «б» сынып оқушыларының
көрінісін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құрқалма! — деп,
Ортаға 3»а» және 4 «а» сынып оқушыларын хорға шақырамыз.
«Қазақстаным Отаным менің»
2-жүргізуші:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым деп, ортаға мерекеге қатысушыларды «Қара жорға»
биін билеуге шақырамыз.
1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне арналған
«Ана тілі - қазыналы бай тілім!» -атты мерекелік іс – шарамыз осымен өз
мәресіне жетті.
2-жүргізуші:
Назарларыңызға көп рахмет!
Қош сау болыңыздар!