Конспект урока "Менің бөлмем" 2 класс

Сынып: 2
Пән: қазақ тілі
Тақырыбы: Менің бөлмем
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдіс- тәсілдері:сұрақ –жауап,ой қозғау,ой
қорыту,баяндау,топтық
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу
әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
2) Сөздік қорын молайту,оқу,жазу,есте сақтау,ойлау, тындап
қайталау қабілетін дамыту.
3) Табиғатты қорғауға,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I.Ұымдастыру:
Сәлемдесу, түгелдеу.
Кезекшімен сұхбат.
- Қай жыл мезгілі?
-Қай ай?
-Бұгін қай күн?
-Сыныпта кім жоқ?
II. Өткен тақырыпты қайталау:
1.Сұрақтарға жауап беру:
1.Көктем айлары қандай?
2.Наурызда не болады?
3.Қазақтар сәуірді не дейді?
4.9 мамыр қандай күн?
III.Үй тапсырмасын тексеру:
Өткекен ережелерді қайталау
IV.Жаңа сабақты түсіндіру:
Тәуелдік жалғау
Тәуелдік жалғауы белгілі бір заттың, нәрсенің, кімнің меншігі екенін
білдіреді. Тәуелдік мағына заттық ұғымды білдіретін сөздерге тәуелдік
жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: дәптер-ім, қалам-ың (қалам-
ыңыз), балта-сы.
Тәуелдік жалғаулы сөздердің жазылуы
Сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, олардың көпшілігі өз түбірін
өзгертпейді. Мысалы: Отан-ым, ел-ім, жер-ім.
Түбірі к, қ, п дыбыстарымен аяқталған сөздерге тәуелдік жалғауы
жалғанғанда, к дыбыс г, қ дыбысы ғ, п дыбысы б болып айтылады және солай
жазылады. Мысалы: кітап – кітаб-ым, көйлек – көйлег-ім, қолғап – қолғаб-
ым.
Жақ
Құлын
Моншақ
Күрек
Кітап
1-жақ
құлын-ым
моншағ-ым
күрег-ім
кітаб-ым
2-жақ
құлын-ың
моншағ-ың
күрег-ің
кітаб-ың
3-жақ
құлын-ы
моншағ-ы
күрег-і
кітаб-ы
Сергіту сәті: Көнілді күн.
V.Бекіту:
Сөздік жұмысы
бөлме - комната
қонақ бөлмесі - гостиная
ас бөлмесі - кухня
жатын бөлме спальня
қабылдайды - принимает
көреді - смотрит
ұйықтайды ложится спать
дайындайды готовит
дайындалады – готовиться
1-жаттыгу. Оқы.
Менің атым - Әлихан. Бұл - біздің үйіміз. Біздің үйіміз үш бөлмелі.
Ңонақ бөлмесі кең, жарық. Онда үстел, орындықтар, диван, кресло түр.
Жатын бөлме-де кереует, шкаф, шифоньер түр. Ас бөлмесінде тамақ-тар мен
ыдыс-аяқтар бар.
2-жаттығу. Сұрақтарға жауап бер.
3-жаттыгу. Жақша ішіндегі сөзді аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
VI.Қорытындылау.
Бағалау.
VII.Үйге тапсырма: 83-84 беттер №1.№5 ереже мен жаңа сөздерді жаттау