Технологическая карта урока "Достық неден басталады?"
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Денсаулық» «Таным»
Бөлімі: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: «Достық неден басталады?».
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсіндіру. достарға деген мейірімді
қарым-қатынасқа үйрету. Достаса білуге тәрбиелеу.
Билингвальдық компоненті: дос – друг, достық – дружба,
үш – три, жолдас – товарищ.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп –
талаптану
Шаттық шеңбері.
- Амансыңдар ма, достарым!
Мен сендерді шаттық шеңбері-не
шақырамын. Бір-бірлеріңе
қолдарыңды созып, шын жү-ректен
мынадай сөздермен сәлемдесейік
Сәлеметсің бе, - Айнұр
Мен сенің досыңмын.
Сәлеметсің бе, - Әділ?
Мен сенімен достасқым
келеді.
Ұйымдастырушылық
ізденіс
- Балалар, «өзін-өзі тану әлемін-ің»
картасындағы үшін-ші аялдамаға
назар аударайық.
Суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне,
осы аялдамадағы суретке қарап
әңгіме құрастырайық.
Біз осы «өзін-өзі тану әлемінің»
«Достық» аялдама-сында дос,
достық туралы бі-ліп, бір-бірімізбен
достасуды үйренеміз.
Ал, сендер достық дегенді қалай
түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар,
достық дегеніміз адамның ара-
сындағы сыйластық. Достар бір-
бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді
ұнатады. Топтағы барлық бала бір-
бірлеріңмен доссыңдар.
Тәрбиеші: «Үш жолдас» әңгімесін
айтып берейін.
Үлкен үзілісте барлық балалар
тамақтанды, ал бір бала шетте
тұрып қалды. Ол бала ертеңгі асын
жоғалтып алыпты.
- Сен неге тамақ ішпей тұрсың? –
деп сұрады баланың бір жа-қын
жолдасы. Ол ертеңгі асын жоғалтып
алғанын айтты. Сен тамағыңды
қайда жоғалтып алдың? – деп
жолдасы сұрады.
-Білмеймін.
- Сен, мүмкін асыңды қалтаңа
салған шығарсың, оны сумкаға салу
Балалардың жауабы бір-
біріне қамқор, тату, адал,
достардың сурет-терін
көріп тұрмыз.
Сүйіспеншілік, мейі-
рімділік, бір-біріне
көмектесу.
Үшінші досы, май жа-
ғылған нанын бөліп берген
бала нағыз, шын досы.
Біз нанды бөліп жейміз, дос
боламыз.
Ренжітпеймін, алдамай-
мын, бірге ойнаймын.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір!
Біз мейірімді баламыз!
Гүл-гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Достар тату,мейрімді
болады,
Достар бір-біріне
көмектеседі.
керек еді, - деп қоймады екінші
досы.
Ал осыны естіп тұрған үшінші досы
ештеңе сұрамады. Ол өзі-нің май
жағылған нанын бөліп, жартысын
досына берді.
Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан
баланың достары-ның қайсысын
шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Сендер олардың орнында болсаңдар
не істер едіңдер?
Дидактикалық ойын: «Менің
досым...».
-Балалар, сендерді ойын ойнау-ға
шақырамын. Мен бір балаға доп
лақтырамын да, «Сенің досың
қандай?» - деп сұрай-мын, ол маған
допты қайта лақтырып, өз досынның
қандай екенін айтып береді.
Тәрбиеші допты әрбір балаға
кезекпен лақтырады, ойын осылай
жалғасады.
Сергіту сәті:
Ғажайып сөздер.
Балалар сабақта айтып, үйрен-ген
өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Рефлекстік түзету
Бүгін біз достар туралы
әңгімелестік. Достарымызға үнемі
жақсы, жылы сөздер айту керектігін
үйрендік. Достар әрқашан бір-біріне
көмектеседі.
Балалар ойыншық жү-
рекшені бір-біріне ұсы-на
отырып, өз досының
қандай болғанын
қалайтынын айтады.
Менің досым батыр болса
деймін;
Менің досым әдемі болса
деймін;
Менің досым өтірік айтпаса
екен деймін.
Білу: дос, тату, мейірімді, адал, шын.
Болу: досқа деген мейірімділік, сүйкімді, әдемі, қайырымды.
Қолдану: дәптер, хрестоматия, ойыншық, жүрекше.