Конспект урока "Пайдалы қазбалар. Қайталау" 3 класс
Дүниетану 3- сынып
Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбалар. Қайталау
»Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға
тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен
орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру, алған
білімдерін тиянақтау .
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге
баулу, логикалық ой — өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба — байлықтарын мақтан ете отырып, оны
үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына
деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне бүгінгі сабақта сәттілік тілеу.
ІІ.Сыныпты пайдалы қазба түрлеріне қарай 2 топқа жіктеу.
1-топқа жанғыш пайдалы қазбаның суретін таңдағандар, 2-топқа кенге
жатпайтын пайдалы қазбаны таңдағандар жиналады.
Бүгінгі қайталау сабағының жоспарымен таныстырып, бағалау парағын
таратып беру.
1-тапсырма «Ұяшық таңдау»
Таңдаған ұяшықтарының сұрақтарына жауап берсе, тиісті балын алады.
10 — Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
10 — Пайдалы қазбалар өндірілетін жерді қалай атайды?
10 — Пайдалы қазбалардың қолдануына қарай неше топқа бөледі және
оларды ата?
20 — Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?
20 — Түсті металл кендерін ата?
20 — Мыс пен мырыштың қоспасынан қандай металл алады?
30 – Картада газ қандай түсті мұнара белгісімен белгіленеді?
30 — Ең ірі Соколов –Сарыбай кен орнын ашқан кім?
30- Қазақстанда қаншаға жуық көмір кендері бар?
40 -Майлы, қоймалжың сұйық зат. Ол жақсы жанады, көп жылу бөледі және
күлін қалдырмайды. Бұл не?
40 — Ашық әдіспен өндірілетін көмір кен орны еліміздің қай қаласында?
40 — Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін
жағып көрген кім еді?
2-тапсырма 2 топқа да семантикалық карта таратылып беріледі. Қай топ
бірінші аяқтаса, сол топқа ұпай беріледі.
3- тапсырма «Жоспар бойынша сипаттама»
1-топ Фосфоритке, 2-топ әктасқа сипаттама береді.
3- тапсырма «Географиялық диктант» жазғызу. 2 топқа тапсырма беріледі.
Топ бірлесе отырып, диктантты жазады.Диктантта кездескен пайдалы
қазбалар Қазақстанның қай қалаларында өндірелетіні, кен орындары
жайлы білімдерін картада көрсетеді.
4- тапсырма 2 топқа тест тапсырмалары беріледі, қай топ бірінші
аяқтаса, сол топқа ұпай беріледі.
1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 Ә)3 Б) 4
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ Ә) мұнай, гранит, мыс Б) газ, тас көмір, қорғасын
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ Ә)құм Б)металл
4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен, Семей Ә)Қарағанды, Екібастұз Б)Маңғыстау, Атырау
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А)тас көмір, мұнай Ә)қорғасын, алюминий Б) мұнай, газ
6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда Ә)Орталық Қазақстанда Б)Солтүстік Қазақстанда
7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тұз, фосфорит,әктас Ә) мұнай, гранит, тұз Б) фосфорит, газ, металл
8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А)Кентау Ә)Соколов-Сарыбай Б)Өскемен
9. Кен орны деп нені айтады?
А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері Ә)пайдалы қазбаларды өндіру
әдістері Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр Ә) бензин, газ, жанармай Б)жанғыш газ,әктас
Тест жауаптарын тексеріп, өздерін бағалап отырады.
Рефлексия
Не білдік?
Не қызықтырды?
Өз ойларын айтқызу, жазғызу.
Үйге тапсырма
74- бет оқып келу. Пайдалы қазбалар жайындақосымша материалдар
іздестіріп келу.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Урок литературного чтения в 1 классе "Рифмы Матушки Гусыни"
- Урок литературного чтения "Приключения барона Мюнхгаузена" 2 класс
- Внеклассное мероприятие для начальной школы "Праздник осени" 1-4 класс
- Презентация к классному часу на тему "День космонавтики" 3 класс
- Классный час на тему "День космонавтики"
- Вопросы для контроля знаний по предмету "Культура народов севера"