Конспект занятия "Менің әкем" 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Менің әкем
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: тәуелдік жалғауын түсіндіру,зат е.сын е.сұрағынатолық жауап
беруге дағдылан дыру,тақырыпқа байланысты әңгіме айтуға үйрету.
2.Дамытушылық: сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып
бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру
3.Тәрбиелік: Отбасында әкенің орнының ерекшелігін айтып түсіндіру, құрметтеу керектігін
көңілге тоқыту
Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену
Сабақтың типтері: кіріспе сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер,доп,ребус
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау
(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).
2. Психологиялық дайындық № 8
3. Фонетикалық жұмыс
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1.Сөздікті жаттау жұмысын тексеру.
2. Доп арқылы сұрақтарға жауап беру
III. Жаңа білімдерін меңгеру
1. Ребустің шешуін табу – әке
2. Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру
3. Суретпен жұмыс(ауызша)
сурет бойынша сұрақ тарды құрастырту. Сұрақтар бойынша мәтін құрастыру
4. Өлеңді түсініп оқып,жаттау
Әкеме еріп,жиналып,
Қолға қамшы аламын.
Табынды өзім суарып,
Шалғынға айдап барамын.
1. өлеңді мәнерлеп оқыту
2 өлеңді жеке-жеке оқыту
III. Сергіту сәті № 8
IV. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру
1. ВЕНН диаграмма арқылы әңгімелеу
2. Мәтінмен жұмыс: 1.орысшадан қазақшаға аудару(жазбаша) Мои папа.
Мои папа инженер.Он работает на заводе.На заводе машины делают.Мои папа хороший инженер.
Папу зовут-Павел.ему 34года.
3. Өз әкелері туралы мәтін құрастырту
4. Бір-бірлерімен сұқбаттастыру
Сұқбаттасу жұмысы –Сәлеметсің бе, Петя!
- Сәлеметсің бе,Асхат!
- Петя,сенің әкеңнің аты кім?
- Менің әкемнің аты –Григорий.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол мектепте жұмыс істейді.
- Кім болып жұмыс істейді?
- Ол мұғалім.
- Қандай пәннің мұғалімі ?
- Ол тарих пәннің мұғалімі
-Қай мектепте жұмыс істейді
- Ол Ы.Алтынсарин атындағы мектепте.
- Жақсы,Петя.
- Сау бол, Асхат.
5. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау
V. Рефлексия
- Біз бүгін не туралы айттық?
- Не білдік?
-Нені үйрендік?
VI. Сабақты бағалау.
VII. Үйге
Өлеңді жаттау,мәтінді мазмұндау
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Конспект занятия "Сүт қалай ұйықтады? О. Әубәкіров" 2 класс
- Презентация "Духовно - нравственное воспитание младших школьников в рамках реализации ФГОС"
- План - конспект урока "Русская народная сказка «Белые пёрышки»" 2 класс
- Технологическая карта урока "Теңдік және теңсіздік" 1 класс
- Мероприятие "Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік" 1 класс
- Конспект занятия "Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрттар" 3 класс