Разработка урока "Қажымұқан Мұңайтпасұлы «Жиб-Жица күресі" 3 класс
Маңғыстау облысы. Түпқараған ауданы. Ақшұқыр ауылы.
М.Әбдіхалықов мектеп гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Шыгысова Гулзия Сайлауовна
Сабақтың тақырыбы:Қажымұқан Мұңайтпасұлы «Жиб-Жица күресі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту түсіндіру
Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі жайлы
толық деректермен таныстыру. Алып күш иесін құрметтеуге
және спортты сүйуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1. «Әлемді білегінде ойнатқан палуан» (суреттер жиынтығы слайд
арқылы)
2. Қалқаман Әбдіқадіров «Қажымұқан» кітабы
3. медальдар
Сабақтың түрі Жарыс сабақ
Ұйымдастыру
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің жетінші қара сөзінде былай
деген; «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем,
жесем,ұйқтасам, деп тұрады. Екіншісі білсем, көрсем, үйренсем дейді.
-Сендер өздеріңді осының қайсына жатқызар едіңдер?
(Олай болса сабағымызды бастаймыз)
I кезең «Ізденіс жұмыстары»
ІІ кезең “Кім көп біледі? ”
ІІІ кезең “ Тест айдары “
ІV кезең “ Кім шапшаң ”
V кезең «Біздің арманымыз»
Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген Қажымұқан туралы іздеп келген мағұлматтарын сұрау.
Алғырлар
Қажымұқанның өмірі
Білгірлер
Алғырлар
Білгірлер
Тапқырлар
Қажымұқанға қойыған ескерткіштер, атына берілген ғимараттар.
Тапқырлар
Қажымұқанның өнерімен таныстыру
( Топ басшылары тобындағы көмектеске балаларға баға бергізу)
Жаңа сабақ
Қалмақан Әбдіқадіров 1903 жылы 14 сәуірде Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданында туған.12 жасында жетім тауқыметін басынан
кешірген. Оның тұңғыш шығарған өлеңі «Сырдария» деп аталды.
Балаларәдебиетінің дамуына көп үлес қосқан. «Амантай», «Алатаудың
бауыры», «Тәтті қауын» әне басқа да өлең әңгімелері бар.
Қажымұқанның өмірі
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі,
Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.
Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және
дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той
Қажымұқан балуанның 75 жасындағы дене құрылысының өлшемдері
(Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1. Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқкиімі–54 размер.
Жапонның Жиб – жица күресіне ұқсас қазір «Бой без правил» немесе
«Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяқ – қолын
бірдей жұмсап күреседі. Бір – бірінің денелеріне зақым келтірсе де
жазаланбайды.
(Әңгімені оқушыларға түсіндіру, тізбектеп оқыту)
Оқиғаның шиленісуі дегеніміз адамдар арасында қарым-қатынастың, қимыл-
әректтің, яғни тартыстың қиындауы.
1 Әңгімедегі оқиғаның шиленіскен жерін тауып оқы.
2.Әңгіме мазмұнына сәйкес келетін мына мақалдың екінші бөлігін тауып,
мәнін түсіндір.
Қоянды қамыс өлтіреді
Жігітті намыс өлтіреді
3.Қажымұқан ағамыз сияқты қандай балуандарды білесің?
(видео көрсету)
ІІ кезең “Кім көп біледі? ”
Алғырлар спорт туралы мақал айту
Білгірер спорт туралы жаңылпаш айту
Тапқырлар спорт туралы өлең айту
ІІІ кезең “ Тест айдары “
Тест
1Сайыс қай қалада өтті?
А. Харбин
Ә.Қытай
Б.Жапония
2.Жапон палуаны Сар-Кек-Ки қандай шарт қояды?
Күйгелек
Ызақор,
кекшіл, көп
сөзді,
күлкіні
жек көреді
мақтаншақ,
өзімшіл
Байсалды,
Баяу,
Намысшыл,
Әдіскер,
Тәсілшіл
А. Жиб-Жица күресеімен күресемін
Ә. Қазақша күресімен күресемін
Б. Французша күресемін
3.Жиб-Жица күресінің шарты қандай екен?
А. Ешбір ереже жоқ күрес
Ә. Тек қолды пайдаланып күресу.
Б.Оң колды пайдаланып күресу.
4.Қажымұқан қанша медаль алған палуан?
А. 48
Ә. 58
Б.38
5.Жиб-Жица күресі әңгімесінің авторы кім?
А.Қалмақан Әбдіқадіров
Ә.Мағжан Жумабаев
Б.Ахмет Байтұрсынов
ІV кезең “ Кім шапшаң ”
Енді Қажымұқан мен Сар – Кек – Киге байланысты Венн шеңберін
толтырып өтейік.
Алғырлар тобына Қажымұқанның мінезін жазу
Білгірлер тобына екі палуанның ұқсастығын табу
Тапқырлар тобына Сар-Кек-Кидің мінезін жазу
Қажымұқан Сар – Кек – Ки
V кезең «Біздің арманымыз»
Әр топ өздерінің армандауы арқылы ауылымызда қандай спорт алаңы
болғанын қалайтындарын сурет салу арқылы жеткізеді.
Палуан,
күшті,
мық ты,
шымыр
Қорытынды.
Айтылған деректерге тоқтала ассосациялық аймақ құрайық.
Инсерт әдісі бойынша сабағымызды тағы бір қорытындылап өтейік.
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Қажымұқанның Нұрлы
палуанмен және жапон
палуаны Сар-Кек-Кимен
күресі туралы білдім.
Мұқанның 1 шана шөпті
үстіне атты салып
сүйреп әкелуі туралы
мәтінмен танысқанбыз.
Өмірі туралы, өнер
көрсеткен жерлері, 56
медалі бар екенімен,
әлемнің 59 елінде
болғанымен, 55 жыл
күреспен айналысқаны,
Ұлы Отан соғысы
кезінде 100 мың сомға
А.Иманов атындағы
ұшақ жасатқаны
Ұрпақтарының қазіргі
кезде қайда екендігімен,
мұражайында не бар
екендігімен танысқым
келеді. «Қажымұқан»
кітабын оқығым келеді.
V. Үйге тапсырма.
Ауызша әңгімелеуне дайындалып келу
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі" 1 класс
- Сценарий "Этих дней не забыть никогда" 3-4 класс
- Технологическая карта урока "Жердің ғарыштан көрінісі. Күн. Жер" 4 класс
- Классный час "Удержи тепло в ладонях" 2 класс
- Технологическая карта урока "Как измерить длину" 1 класс
- Презентация "На волнах памяти о детстве" 4 класс