Конспект урока "Кітап - білім бұлағы"

Өткізген: Көкшетау қаласындағы
№ 1 ОАТМИ қазақ тілі мұғалімі
Ермағанбетова Әсемгүл Амантайқызы
Сабақтың тақырыбы: Кітап - білім бұлағы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Кітап–білім бұлағы,-дей келе, білімнің кілті кітап
арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен
білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту,
сөздік қорын молайту. Олардың назарларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
байқауға жаттығулар жасату. Топпен, жеке, өз беттерлерінше жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты күтіп,
оны таза, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Лексикалық тақырып: Адамдардың еңбегі.
Көрнекі құралдар: Кітаптардың суреттері, кітаптардың көрмесі, интербелсенді
тақта, карточка, слайдтар, «Шифровка», «Мұқият тыңда», «Шатасқан сызбалар»
жаттығулары, «Таза тақта», «Мюнстерберг» әдістері, доп, мәтін, смайлик.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
Бір-бірімізге қарайық,
Қолымызды ұстасайық.
Осы жақсы көңілмен,
Сабақты бастайық.
III. Демалуға жаттығу жасату «Әнші».
IV. Сұрақтар қою
1. Сыныпта кім кезекші?
2. Сыныпта кім жоқ?
3. Қазір қандай ай?
4. Қазанның нешесі?
5. Аптаның қай күні?
V. Пропедевтикалық практика.
Балалар, біз өзімізге сәттілік тілеп сабағымызды бастайық. Бүгін біз сендермен
сабағымыздың тақырыбын білу үшін, әріптер тізбегінің ішінен сабақтың
тақырыбын оқып шығайық.
ЖКЛІМТФАНП – БЭІДЛҒІӨМЗБАҰӘЛВАҢҒЖЫ
«Кітап - білім бұлағы»
VI. Ориентация.
Бүгін «Кітап-білім бұлағы» тақырыбы бойынша қайталау жұмысын жүргіземіз.
Сабақтың барысында әртүрлі тапсырмалар, назарларынды, ойлау,
есте сақтау қабілеттеріңді байқауға жаттығулар орындаймыз.
VII. Презентация.
Сөздікпен жұмыс.
Кітап, білім, мұқаба, жаңа, тозған, жақсы, қызықты, қатты, түптеу.
VIII. Сөз тіркесін аударту. /Таза тақта/
Жақсы кітап Білім аламыз
Қатты мұқаба Жаңа кітап Қызықты кітап
Тозған мұқаба Кітапты түптеу
IX. Дәптерлерінде жұмыс.
1. Айды, күнді, апта күнін жазғызу.
X. Тақтада жұмыс.
Кітап - білім бұлағы. Кітаптан білім аламыз.
XI. Мысал арқылы практика.
Карточкамен жұмыс.
I кезең
*Шашылған сөздерді жинап, тұтас сөйлем құра.
қатты, кітапты, Мен, алдым, мұқабасы.
II кезең
*Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
Кітапханадан ....... кітап алдым.
Керекті сөздер: мұқаба, білім, қызықты.
XII. Сергіту сәті.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
1, 2, 3
Ал, қанеки ұш.
4, 5, 6, 7
Мынау ауыл шеті.
8, 9, 10
Ал, қанеки қон.
Жоғары, төмен қараймыз.
Сабақты бастаймыз.
XIII. Ми сыңарларын дамытуға жаттығулар жасату «Жұдырық, қыр, алақан»,
«Мұрын, құлақ, шапалақ».
XIV. Бағыну практикасы.
Оқушылардың назарларын байқауға «Шатасқан сызбалар» жаттығуы.
I кезең II кезең
1 2 3 4 5 6 1 2 3 4
П У Т Е Ү Т А Ж Ң А
XV. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқауға «Мұқият тыңда» жаттығуы.
I кезең II кезең
*Үшінші болып қай сөз тұр? *Қай сөзде Ғ әрпі естіледі?
БІЛІМ, ЖАҚСЫ, ҚЫЗЫҚТЫ, КІТАП БІЛІМ, ҚЫЗЫҚТЫ, ТОЗҒАН
XVI. Оқушылардың ойлау қабілеттерін байқауға «Шифровка» жаттығуын орындату.
Н
Т
Қ
А
Ы
З
К
Л
П
І
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
7
10
2
4
9
-
4
8
5
1
«Кітап-алтын қазына»
Балалар сендер кітап туралы тағы қандай мақалдарды білесіңдер?
«Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім»
«Күш – білімде, білім - кітапта»
«Кітап – жан айнасы»
«Кітап – оқығандікі, білім тоқығандікі»
XVII. Сызба-тірек бойынша сөйлемді оқыңдар.
3
4
6
5
1
4
кітаптың
түптеді
Оқушылар тозған
мұқабасын
XVIII. Оқушылардың назарларын байқауға «Мюнстерберг» әдісін өткізу.
БЖАҚСЫШИБІЛІМ
ИГТШҚЫЗЫҚТЫШ
ЖАҢАЦМРПДАҚҮП
МҰҚАБАЦІТҮПТЕУ
XIX. Мәтінмен жұмыс.
Кітап
Кітап - адамның досы. Ол балаларды білімді болуға үйретеді. Кітап жасау үшін
адамдар орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарып қағаз жасап шығарады.
Авторлар жазады, суретшілер сурет салады. Баспахана кітап етіп шығарады.
Кітапты жасаған адамдардың еңбегін бағалаңдар.
1. Мәнерлеп оқу.
2. Аудару.
3. Кезекпен оқыту.
XX. Сұрақтар қою.
1. Бүгін қандай тақырып бойынша қайталау жұмысын жүргіздік?
2. Кітап неден жасалады?
3. Сабақтың барысында қандай тапсырмалар орындадық?
XXI. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқу.
2. Мазмұнын білу.
XXII. Бағалау.
XXIII. Рефлексия.
1. Сабақ ұнады ма? /Смайлик арқылы/
2. Бағаларың әділ ма?