Конспект урока "Білім жәрмеңкесі"
«Білім жәрмеңкесі»
Мақсаты: тарих пәні бойынша оқушылардың білімін сарапқа салу, оқушылардың есте сақтау
қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, білімділікке, жан-жақтылыққа
тәрбиелеу.
Барысы: сайысқа 4 сынып (5, 6, 7, 8), сайыс он бір айналымнан тұрады.
Сайыс шарты: сайысқа оқушылар сыныппен қатыссып бір-бірімен сайысқа түседі. Әр айналым
сайын ойыншылардың жинаған ұпайлары саналып отырады. Сайыс сонында өзінің «Әлсіз буын»
емес екендігін танытқан бір сынып жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізгелі отырған «Білім жәрмеңкесі»
ойынына қош келіпсіздер! Енді осы ойынның ережелеріне тоқталып өтейік.
- Бұл ойын негізінен бірнеше айналымдардан тұрады. Әрбір айналым тапсырмалары 12 сұрақтан
тұрады. Әділ-қазыларды сайлау.
1. 11 сынып оқушылары.
2. Тарих пәнінің мұғалімі - Самат Бейсембаевич.
Ал ендігі кезекте ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
1 айналым.
1. Тарихтың атасы? - Геродот.
2. Қазақ халқы жыл санаудың негізіне мүшелді алды. 1 мүшел неше жылдан тұрады? - 12 жыл.
3. Бүгінгі танда біз қолданып жүрген жыл санау кімнің есімімен тікелей байланысты? -
христиан дінінің негізін салушы Иисус Христос
4. «Хижра» араб тілінен аударғанда қандай мағына береді? - қоныс аудару, кету, көшу.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? - 1992 жылы.
6. Жердің барынша кішірейтілген дәл үлгісі? - глобус.
7. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында? - 9.
8. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? - 42
9. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» қай тайпа түрткі болды? - ғұндар.
10. Қазақтың үш биі - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
11. Абайдың әжесі - Зере.
12. Шоқанның шын аты? - Мұхаммед Қанапия.
Айналым бітті.
2 айналым.
1. Қазақстан оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі? - Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан.
2. Ақмола қаласына Астана деген ат қай жылы берілді? - 1998 жылы 6 мамыр.
3. Қазір дүние жүзінде қанша адам тұрады? - 6 миллиардтан астам.
4. Жер шарындағы ең көп халық - Қытайлар.
5. Біз қандай нәсілге жатамыз? - монголойд.
6. Ең ежелгі жылнаманы қай елдің патшалары жаздырған? - Египет (Мысыр) патшалары.
7. Адам баласының жаратушыға, айнала қоршаған ортаға деген наным-сенімі? - дін.
8. «Мен жастарға сенемін» өлеңінің авторы? - М.Жұмабаев.
9. «Абай жолы» романының авторы? - Мұхтар Әуезов.
10. Дүние жүзіндегі ең көп тараған тіл? - Ағылшын.
11. «Жыр алыбы» деп қай ақынды атаймыз? - Жамбыл Жабаев.
12. Әлемдік беделге ие болған діндер? - ислам, будда, христиан.
Айналым бітті.
3 айналым.
1. Теңгелер (ақшалар) тарихын не зерттейді? - нумизматика.
2. Қазақтың үлкен атасы? - Алаш.
3. Ислам дінінің негізін салушы? - Мұхаммед пайғамбар.
4. Жер-су, елді мекен атауларын зерттейтін ғылым? - топонимика.
5. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым? - геральдика.
6. Соғыста Жамбылдың қай өлеңі жауынгерлерге дем берді? - Ленинградтық өренім.
7. Афиныда алтын медаль алған боксшы? - Бақтияр Артаев.
8. Нақыл сөз түріндегі сөз мәйегі - мақал.
9. Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылы? - 1991 ж. 16 желтоқсан.
10. Исатайдың ақын досы. - Махамбет.
11. Елтаңба авторы? - Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов.
12. Адамның сөзін, ойын, пікірін қашыққа, ұзақ уақытқа жеткізетін таңбалар жүйесі - жазу.
Айналым бітті.
4 айналым.
1. Сақтар неше топқа бөлінген? - 3-ке, Тиграхауда, хаумаварга, парадарайа.
2. Адамның сүйегінің қалдығы арқылы оның жасын, нәсілін анықтайтын ғылым? - антропология.
3. Абайдың шын аты? - Ибраһим.
4. Алфавитті алғаш шығарғандар және пайдаланғандар? - Финикиялықтар.
5. Қазақтардың арғы тегі - ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланды? - руна жазуын.
6. «Монғолдың құпия шежіресі» кім туралы жазылған? - Моңғол билеушісі Шыңғыс хан.
7. Адамдар тіршілігін заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым - археология.
8. Әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым? - этнография.
9. Абылай хан тұсындағы атақты жырау? - Бұқар жырау.
10. Қазақтың эпостық жыры? - Қобыланды.
11. «Сұлу» сөзінің синонимі? - Әдемі, Ару.
12. Қазақтың музыкалық аспабы? - домбыра.
Айналым бітті.
5 айналым.
1. Иран жазбаларында сақтарды қалай атаған? - жүйрік атты турлар.
2. Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньды, Жетісуды мекендеген сақ тобы?-Тиграхауда сақтары
3. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдар топтарын ата? - Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен
егіншілер.
4. Қай жылы парсы патшасы І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанады? - Б.з.б. 518 жылы.
5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? - Тоқтар Әубәкіров.
6. Қазақтан шыққан тұңғыш академик? - Қаныш Сәтбаев.
7. Тәтті тағам? (ара) - Бал.
8. Түрік қағанатын құрған кім? - Бумын.
9. Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді? - 2.
10. Ежелгі Египетте жазу үшін көбіне не пайдаланған? - папирус.
11. Көшпелі сақтар неге табынды? - Күнге, отқа, соғыс құдайына.
12. Ғұндардың билеуші лауазымы? - шаньюй.
Айналым бітті.
6 айналым.
1. Египет елінде орналасқан «Әлемнің 7 кереметінің» бірі - пирамида.
2. Сөздердің дұрыс айтылуы? - Орфоэпия.
3. Сөздердің дұрыс жазылуы? - Орфография.
4. Аттила туралы алғаш рет жазып, ғылымға айналымға енгізген кім? - Шоқан Уәлиханов.
5. Ғұндардың баспанасы? - киіз үй.
6. Қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табы? - Етістік.
7. Бір нәрсені тұспалдап (жасырып) айту - Жұмбақ.
8. Тәукенің заңдар жинағы? - Жеті жарғы.
9. Заңдар қандай деректерге жатады? - Жазба.
10. Ахмет Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді? - араб.
11. Жыл санауды алғаш кімдер ойлап тапты? - египеттіктер.
12. Ашытылған бие сүті - Қымыз.
Айналым бітті.
7 айналым.
1. Мемлекеттің аумағы мен астанасы, шекарасы көрсетілген карта қалай аталады? - саяси.
2. ҚР қанша облыстан тұрады? - 14.
3. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады? - Түркістан.
4. Б.з.б. І мыңжылдықта Гиркан деп қай теңізді атаған? - Каспий.
5. Қазақстанның алғашқы астанасы? - Орынбор.
Айналым бітті.
Ойын аяқталды. Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі. Жеңімпазды жариялау.
История - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Ассирия - железная держава" 5 класс
- Конспект урока "Ассирийская военная держава" 5 класс
- Конспект урока "Античная цивилизация. Древняя Греция и Древний Рим" 5 класс
- Конспект урока "Античная цивилизация. Древняя Греция" 5 класс
- Технологическая карта "Қазақтың ұлттық зиялылыары" 5 класс
- Конспект урока "XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары" 5 класс