Конспект урока "Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы" 6 класс

Ашық сабақ
Тақырыбы:
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы.
Ән-романс жанры.
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы.
Ән-романс жанры.
Сабақтың мақсаты: Ән-романс жанрында еңбек еткен композитор
Н. Тілендиевтің өмірі мен музыкалық шығармаларын
таныстыру." Әке туралы жыр әнін үйрету".Музыка
өнеріне және өнер қайраткерлеріне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың міндеті:
Дамытушылық тұрғыда: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін жан-
жақты жетілдіру, білімге, өнерге деген құштарлығын
дамыту, ойлау шеберлігін ұштау.
Білімділік тұрғыда: Оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты,
жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу,
Ән-романс жанрын түсіндіре отырып,музыка
саласында ерен еңбек еткен, Н.Тілендиевтің өмірі мен
шығармаларына тоқталу.
Тәрбиелік мәні: Композитордың шығармаларына тоқтала отырып,
тәрбиелік мәнін ашу,әндерін орындай отырып,
үлкенді сыйлауға тәрбиелеу,ұлы түлғалардың есімдерін
құрметтеуге, өз елінің мәдениеті мен өнерін
қастерлеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ, көрнекі баяндау, әңгімелеу, талдау, дауыс ашу,
музыка тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: Магнитафон таспалары,бейне
материалдар,музыкалық аспаптар баян, домбыра,
тақырыпқа байланысты суреттер,ән тексті.
Пәнаралық байланысы: Музыка, әдебиет, тарих.
Сабақтың өту барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабақ түсіндіру.
4.Мақал-мәтел.
5.Музыкалық сауаттылық.
6.Шығармашылық жұмыс.
7. Музыка тыңдау.
8.Ән салу.
9.Қорытындылау.
10.Бағалау.
11. Үйге тапсырма .
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа
дайындау.
Үй тапсырмасын сұрау. Қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы.
а) Қазақтың кәсіби музыка мәдениеті нешінші
жылдары қалыптаса бастады?
ә)Қазақтың кәсіби жазба мәдениеті қай кезеңдерден
басталады? (1930ж)
б)Музыкалық жазба мәдениетіміздің дамуына
қандай композиторлар үлес қосты?
в)Ахмет Қуанұлы Жұбановтың қандай шығармаларын
білесіңдер?
г)Латиф Абдулхайұлы Хамидидің өмірі мен
музыкалық шығармаларын кім әңгімелеп береді?
д) "Туған ел" әнін орындау.
Жаңа сабақ. Қазақстан композиторларының
вокалдық музыкасы.
Ән-романс жанры.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-деп дана Абай жырлап кеткен
жолдар, ән сүйгіш қауымның жүрегінен терең орын алып, көкейіне
ұялады.
Халық даналығы әнді ертеден-ақ бағалап, халықтың жаны деп
атаған. Ән- халық мүрасы. Халық әндері сарқылмас қазына. Оны жәй
ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі, әннің толып
жатқан өзге де қасиеттері де бар.
Ең алдымен ән-өнер, ән-адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен
толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән -табиғат суреттемесі. Ән
халықтың көркем айнасы, көркем тарихы. Ән-өнер айнасы. Олай болса,
бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына
айналып отырған.
Ән жанрында қалам тартпаған композитор жоқ десек те болады.
Қазақстанда вокалдық музыка жанрында көптеген композиторлар ерен
еңбек етті. Кәсіби вокалдық музыка ән-романс жанрынан бастау алады.
Романс-Испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні.
Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған
композиторлар:А. Жұбанов,Е . Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев, Б.
Байқадамов, К . Мусин.
Қазақстандағы ән-романс жанрына басқа композиторлар да өз
үлестерін қосты. Ә. Еспаев, Ә. Бейсеов, Ө. Байділдаев, Н. Тілендиев, Е.
Хасанғалиев, Ш. Қалдаяқов. Композиторлардың ән-романстары жас
ұрпақты Отанын сүюге, адамгершілікке, табиғатты қорғауға баулыйтын
және тағы басқа да тақырыптарда жазылған.
Л. Хамидидің " Туған ел" әнін орындағанда Отанға деген
сүйіспеншілікті, кең жазира даламыз бен табиғатымыздың әсем бейнелері
суреттеледі. Сол сияқты басқа да көптеген композиторлардың әндері Отан,
патриоттық, лирикалық жанрда жырланады. Осындай ән-романс жанрында
ерен еңбек етіп, музыкалық шығармалары халықтың жүрегінен орын
алған атақты композиторлардың бірі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев.
Н. Тілендиев Алматы облысы, Шилікемер ауылында 1925 жылы
дүниеге келген. Н. Тілендиев-композитор, дирижер, домбырашы.
Қазақстанның халық артисті. Қазақстан Халық қаһарманы (1998). Екінші
дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-1950 жылдарында Алматы
консерваториясында, 1950-1952 жылдары Мәскеу консерваториясында
оқыды. 1952-1961 жылдары Қазақ академиялық опера және балет
театрының дирижері, 1960-1964 жылдары Қазақ академиялық халық
аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. 1968-1981
жылдары" Қазақфильм" киностудиясы музыкалық редакциясының бас
редакторы, 1981-1998 жылдары өзі ұйымдастырған "Отырар сазы"
фольклорлық этнографиялық ансамбльдің көркемдік жетекшісі болды.
Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық
пафос пен динамикалық серпін композитор шығармаларына тән қасиет.
Н. Тілендиев "Ортеке" балет-поэмасының және "Менің Қазақстаным"
кантатасының, "Достық жолымен" балеттің, "Алтын таулар" операсының,
"Ата толғауы", "Алтын дән","Ақсақ құлан", "Аққу", "Арман", "Көш керуен"
атты күйлердің, 400-ден астам ән-романстардың авторы, 50-ден астам
драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге ("Қыз Жібек", "Менің
атым Қожа") 17 мультипликациялық фильмге ( "Қарлығаштың қүйрығы
неге айыр ?" , "Ақсақ құлан") музыка жазды. Алматы консерваториясының
құрметті профессоры (1995) болған. 1999 жылы Алматы қаласында
композитор есімімен көше берілді. "Отырар сазы" фольклорлық
этнографиялық ансамбль 2000 жылы Н. Тілендиевтің атымен аталды.
Өнерлінің қолы -алтын,
Өлеңшінің сөзі- алтын демекші Н. Тілендиев домбыра аспабының
құлағында ойнаған. Балаларға арнап жазған әндері жетерліктей. Н.
Тілендиевтің бізге қалдырған дүниелерін сақтап, орындап, есімдерін
мақтанышпен айта аламыз.
Мақал- мәтелдер. "Өнерді үйрен де жирен"
"Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер"
"Өнерлі бала сүйкімді"
"Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар"
(Оқушылармен мақал-мәтел сайысын өткізуге болады)
Музыкалық сауаттылық: Сұлу музыка көңіліңді көтеріп, әсерлі сезімге
бөлейді.Музыкалық дыбыстардың аталуы мен
ноталық сызықта орналасуын жақсы білесіңдер. Ал енді осы музыкалық
жеті дыбыс, сөздердің басында, ортасында, соңында кездесіп жатады.
Әрбір музыкалық дыбыстар кездесетін сөздерді тауып, сөйлем құрау.
Мысалы:
До
Ре
Ми
Фа
Соль
Домбыра
Терезе
Домино
Фартук
Сольфеджио
Доп
Береке
Микрафон
Фарш
Фасоль
Дос
Терең
Фамилия
Ля
Си
Лямка
Сиыр
Аляска
Сипат
Лягушка
Сирек
Шығармашылық жұмыс. 1.Айжан мерекелік кештерде , қолына
домбырасын алып ән орындағанда, халық әнін жүрекпен тыңдайды.
(Бұл сөйлемде үш музыкалық дыбыстар кездеседі.)
(Мерекелік, домбырасын, жүрекпен)
(Оқушылар өздері сөйлем құрайды)
Музыка тыңдау. " Ақсақ құлан" Н. Тілендиев
(Мультипликациялық фильм бейне материалды көрсету)
Ән салу. " Әке туралы жыр"
Әні. Н. Тілендиев.
Сөзі М. Шаханов.
1 Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор адам қайда маған.
2.Сүрінсең сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
Күш алып, мақсатыма аттанамын.
3.Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Қорытындылау. Сабақты сұрақ-жауап ретінде қорытындылау.
1 Н. Тілендиев кім? Қандай атағы бар?
2Н. Тілендиевтің қандай шығармалары бар?
3. Ән-романс деген не?
Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау. 3. 4. 5.
Үйге тапсырма.Н. Тілендиев туралы ізденіп оқу, "Әке туралы жыр" жаттау.