Конспект урока "Қазақтың күміс көмей Көшенейі" 5 класс
Бекітемін Күні: 03.12.2016 ж.
Мектеп директорының оқу-тәрбие Уақыты: 09.45.
ісі жөніндегі орынбасары Орны: 304 каб.
____________Емешова А. Сыныбы: 5 «Б»
«____»________ 2016ж. Мұғалім:Жасанбаева К
Сыр сүлейі Көшеней Рүстембекұлының туғанына 70 жыл толуына
арналған танымдық сабақ.
Тақырыбы: Қазақтың күміс көмей Көшенейі.
Мақсаты: Сыр сүлейі Көшеней Рүстембековтың өмір жолымен, жырларымен
таныстыру,тыңдату.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға халқымыздың жырау-термешілерін өнеге
ете отырып, музыкаға,өнерге деген қызығушылығын арттыру.Музыкалық
танымын дамыту,өнерге сүйіспеншілігін оятып ата-бабаларымыздан қалған
мұраларымызды сақтап жалғастыра беруге тәрбиелеу.
Жоспары:
1 .Мұғалімнің кіріспе сөзі, жыраулық өнер туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Көшеней Рүстембековтің өмірінен оқушы хабарламасын тыңдау.
3. Жырларын тыңдату. Арнұр Рүстембеков жыраудың орындауында.
4. Оқушылармен жұмыс. «Терме жалғасын құрау».
5. Мектебіміздің жас термешісі Жақсылықов Даниярдың орындауында сыр
сүлейлерінің термесін тыңдату.
6 .Оқушылардың орындауында Нұртуғанның «Канеки, тілім сөйлеші»термесін
орындау.
7. Қорытынды сөз.
Сабақ барысы:
1.-Сыр бойы Алаш жұртының көне де киелі мекені. Сырдария жағалауын
қуалай өскен жиде ағаштарының хош иісіне елтіп өскен Әбубәкір Кердері,
Қарасақал Ерімбет, Шораяқтың Омары,Жиенбай жырау Рүстембек,
Тұрмағанбет,Көшеней сынды сыр сүлейлерінің керемет әуен саздары, мың
құбылар мақамдары ұрпақтан – ұрпаққа жетіп заманымыздың алтын қорына
айналып отыр.
Енді жыр деген не, жырау деген кім, жыршы деген кім соған тоқталып өтейік.
Жырау мен жыршының қандай айырмашылығы бар? Жырау-ақын,өзі өлең,жыр
шығарады,суырыпсалмалық,шешендік қасиеті бар адам. Ал жыршы- ақын
емес,жыраудың жырларын жаттап алып халыққа таратушы.
Жыраулық өнер ауыз әдебиеті дамуының ең биік шыңы болып табылады.Қазақ
мемлекетінің құрылуына үлес қосқан қазақ жыраулары Асанқайғы, Шалкиіз,
Бұқар жырау, Қазтуған,Ақтамберді,Доспамбет т.б. ұлы тұлғалардың есімі қазақ
тарихы мен әдебиетінде алтын әріппен жазылды.
Жыраулар хан-сұлтандардың оң жағынан орын алып,оларға өсиет
айтқан,ақылгөй кеңесші болған.Хан-сұлтандармен бірге ел билігіне
араласққан.Жыраулар болашақты болжай алатын көреген болғандықтан хан-
сұлтандар жыраулар сөздеріне үнемі құлақ асып,кеңес құрған. Халықтың
мұңын,елдің ауыр халін шынайы жеткізіп отырған.
Қазақстанның әр өлкесінде ғасырлар бойы қалыптасқан
ақындық,әншілік,жыршылық,күйшілік мектебі бар. Батыс Қазақстанда
Құрманғазы,Дина,Дәулеткерей. Сонымен қатар Қазақстанда
жыршылық,термешілік өнер де бар,оның үздік өкілдері Сыр өңірінде туып
өскен.
Бүгінгі танысқалы отырған жырау термеші Көшеней Рүстембеков осы Сыр
өңірінің перзенті. Ол тірі болса 70 жасқа толған болар еді.
Көшенейдің үні әлі құлағымда,
Есіме алсам келеді жылағым да.
Айқай салған екен-ау, ақ бораным,
Көп жасамай артынша тынарында- деп қазақтың белгілі ақыны Әбділда
Тәжібаев жырлағандай аңсатып келіп,аңсатып кеткен өр тұлға.
Жиенбай жыраудың баласы Рүстембек,оның баласы Бидас,немересі
Көшеней.Көшенейдің немересі Арнұр бүгінгі күні өнерді нақышшына келтіре
дамыта түскен.
2.Оқушы хабарламасы.
Көшеней Рүстембековтің өмір жолы туралы баяндайды.
3. Көшенейдің немересі Арнұр Рүстембековтың орындауында терме тыңдау.
4.Оқушылармен жұмыс.
Шал ақынның «Саясы жоқ бәйтерек» өлеңіне ұйқас құрап көрейік:
1 ................... қызығы
Ағаштар бүршік .................
2 .................қызығы,
Күн жадырап.......................
3. ...................қызығы,
Сарғайып жапырақ ....................... .
4. ....................қызығы,
Ақша қар жерді ........................ .
-Ендігі кезекті термеге берейік!
Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Жақсылықов Даниярдың орындауында
Нұртуғанның термесі «Аралым».
Данияр биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай өткізілген
Аймақтық «Туған өлкем» конкурсында «терме» номинациясынан Сыр
сүлейлерінің термесін орындап жүлделі ІІІ орынды иеленді.
5.Оқушылармен қосылып Нұртуғанның «Қанеки тілім сөйлеші»әнін
орындау.
Қанеки,тілім, сөйлеші Басы пұлды болады,
Көрсетіп көпке өнерді. Болса жігіт өнерлі.
Қызыл тілім,жел сөзге Дүниедегі жандының
Туғаннан анам шебер-ді. Бірі артық,бірі төмен-ді.
Кім тыңдайды сөзіңді, Алма мойын,наз бедеу,
Болмаса әсем, мәнерлі. Құмар жігіт мінеді.
А-а-а..... А-а-а ......
6. Қорытынды сөз:
Өткен ғасырдан бастау алған жыраулық,термешілік өнерін атадан балаға мирас
ету бүгінге дейін кең өріс алған. Қазір Қармақшы ауданында төрт мектеп
жұмыс жасайды. Олар: Жиенбай жырау мектебі,Сәрсенбай,Шәмшат, Көшеней
жырау мектептері.Көшеней ұрпақтарының барлығы да жыраулық дәстүрді
жалғастыруда.
Көшеней небары 27 жас өмір сүрсе де халқы оның қадірін алтынның сынығына
теңеп қастерлейді.
«Мен едім көпке бойлай жанған жалын,
Тыңдамас қиындықтың ықты-жарын.
Жиенбай жырау атам асқақ жырмен,
Халқынан аямаған тіл мен жағын.
Өз әкем Рүстембек тыңдаушыға,
Орнатқан сұлу әнмен бұлбұл бағын.
Солардың ізін қуған ізбасармын,
Киіктей кетпейтұғын тастап қағын.»-деп жырлаған жырау аз ғұмыр
кешсе де көптеген ақындар,жазушылар жырау-әншінің өмірі мен
шығармашылығына арналған ғылыми-зерттеу еңбектерін, эссе-әңгімелерін,
дастан-толғауларын,арнау өлеңдерін арнап кетті.
Оның «Қобыланды батыр»дастанын орындау кезінде пайдаланатын төрт түрлі
музыкалық әуені нотаға түсірілді. 14 толғау, термесі күйтабаққа жазылып
алынды. Көшеней «Құлагер» фильміне түсіп Ақан серінің баласының бейнесін
сомдаған.