Конспект урока "Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар" 5 класс

Музыка Сыныбы 5
Тоқсандық тақырыбы: Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар.
Сабақтың тақырыбы: Бажқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні : Музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерді танып, білуе тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу
Сабақ жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,сынып оқушыларын түгендеу,сабақтың мақсатын түсіндіру,
II.Үй тапсырмасы: Көнеден жеткен аспаптар.
III.Жаңа сабақ: Қурай аспабы.
IV.Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
Сыбызғы кең таралған үрмелі аспаптардың ең көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып
жүрген кезде жалғыздықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкілік уақытта сыбызғы жыр-аңыздарды
сүйемелдеуге пайдаланылған. Сыбызғы аспабын көкқурай, қарақурай, таңқурай т.с.с. қуыс талдардан
қурайын жасап, оған үштен жетіге дейін саңылау ойған. Қурай ағашы жарылып кетпеу үшін оның
сыртын мал ішегімен не өңешімен қаптаған. Бұл әдіс аспап үнінің таза әрі ұзақ сақталуымен қатар,
аспаптың жауын-шашынға төзімді болуы үшін пайдаланылған. Аспаптың жалпы ұзындығы 70-75 см
болып келеді. Сыбызғы аспабын жасау оңай әрі тез болғанына қарамастан, аспапта ойнау өте күрделі.
Әдетте сыбызғы аспабында орындалатын күйлер екі дауысты болып келеді. Бір дауыс орындаушы
дыбысы болса, екінші дауыс аспаптан шығады.
Сыбызғының үш түрі бар:
I.Жез сыбызғы
II.Ағаш сыбызғы
IIIурай сыбызғы.
Қурай көпке дейін шыдамағандықтан әрі дыбыс қуатын жан-жақты дамыту үшін сыбызғы аспабын
ағаштан жасаған. Сыбызғы аспабының бұл түрін кеуіп, қатайған қарағай, қайың сияқты қатты
жынысты ағаштардың бұтағы жоқ жерінен кесіп, сыртқы жағын жонып, ортасынан бөлу арқылы
жасайды. Ішкі жағын ойып, тазартып, желімдеп, қайта біріктіреді. Қурайдан жасалған сыбызғының үні
қоңыр, әуезді болып шығады.Қурай сыбызғыда күй орындаған кезде аспап өзегін сумен бүркіп, оған ерекше
күтім жасаған. Жез сыбызғы аспабында басқа халықтарда кездесетін темірден жасалған үрмелі аспап
тектес темір мен ұзын жез түтікшілерді пайдаланады. Ағаш және қурай сыбызғыларға қарағанда жез
сыбызғы төзімді болып келеді. Алайда, оның дыбысы қурай және ағаш сыбызғыларға қарағанда сазы
өзгеше болып шығады.
Музыка тыңдайық!
Ишмурат Илбаковтың орындауында “Жау төбе”халық күйін тыңдап көрейік
Ән айту. А.Қоразбаевтың “Әгугәй,домбыра әнін үйрену
Қорытындылау
Қурай аспабы қалай жасалған?
Қурай аспабының орындалу ерекшелігі неде?
Қурай аспабында орындау әдісі қалай аталады№
Үйге тапсырма: Қурай аспабы.Реферат “Әгугәй,домбыра “ әнін жаттау
Бағалау.