Конспект урока "Квартет өнер көрсетеді" 2 класс

Сынып: 2 «__б__» сынып
Пән: Музыка
Өтілетін күні: _24.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Квартет өнер көрсетеді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға квартет туралы шағын мәліметтерді айтып,
білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын, танымдық процестерін,
дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Музыка сауаттылығын дамыта отырып, сөйлеу, әсерлену,
сұрақ қою, ой туғызу арқылы эстетикалық қабілетін нығайту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, ән айту, шығармашылық тапсырмалар
орындау
Сабақтың құрал – жабдығы: кітап, дәптер, плакат, электрондық оқулық
Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу.
Үлкендерге біз
Кішілерге сіз
Құрметпенен бас иіп
Сәлем бердік біз
- Сынып оқушыларын түгендеу.
- Сыныпты сабаққа даярлау.
Шаттық шеңбері: «Дос болайық бәріміз» әнін балалар үнтаспаға
қосылып бірге орындайды.
Әңгімелесу
- Бұл өлеңде не туралы айтылып тұр? (достық)
- Достық дегенді дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендердің достарың барма? - Ой, тамаша! Ендеше бүгінгі сабағымызды
достасып, топтасып жақсы үлкен көңіл күймен бірге өлең айтып. Бүгінгі
сабақта
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
Топқа бөлу.
1. Әншілер 2. Бишілер 3.Күйшілер
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)
1-топқа сұрақтар
1. Хор дегеніміз не?
2. Хордың қандай түрлері болады?
3. Қазақстанда хор капелласына қандай композиторлар шығармалар
жазды?
4. Домбырасыз ән қайда 1-шумақ
2-топқа сұрақтар
1. Аралас хордағы әйелдер дауыстары қандай?
2. Қазақстанда кімнің атында мемлекеттік хор капелласы бар?
3. Кәсіби хор құрамында қаншаға дейін адам бола алады?
4. Домбырасыз ән қайда 2-шумақ
3-топқа сұрақтар
1. Аралас хордағы ерлер дауыстары қандай?
2 Хор капелласының тұңғыш жетекшісі кім?
3.Аралас хор құрамында кемінде қанша адам бола алады?
4. Домбырасыз ән қайда 3-шумақ
Оқушылар өздері бір-бірін смайлик арқылы бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
-Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын өздерің эстрада деген сөзді қалай
түсінесіңдер? Эстаралық әндерді орындайтын қандай әншілерді білесіңдер? Өз
ойларыңда айтыңдаршы.
-Балалар біздің эстрадада өздері жалғыз ән айтып жүрген және үш, төрт
адамнан құралған топтар бар және олардың өз аттары болады екен.
Мысалы: Дуэт (итал. duetto және лат. duo екі) — музыкалық шығарманы екі
әншінің екі дауыспен қосылып айтуы немесе екі адамның бірдей екі аспапта
не екі түрлі аспапта орындауы. Дуэт опера, оратория, кантата
жанрларында жиі кездеседі.
ТРИО (итал. trіo, tre үш) – 3 орындаушылардан
құрылған ансамбль (музыка аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы),
сондай-ақ осы ансамбльге арнайы жазылған музыкалық шығарма.
Квартет (итал. quartetto төртінші) – 1) 4 орындаушыдан (музыкалық аспапта
орындаушылар немесе әншілер тобы) құрылған ансамбль. Квартет бір тектес
не әртүрлі аспаптарда орындаушылардан құралады. Вокалдық музыкада
әйелдер немесе ерлер тобынан құралған квартеттер, сондай-ақ, аралас
квартеттер де болады.
20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Қазақстанда Алатау” (Жамбыл), “Арай”,
“Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы),
“Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” (Қызылорда),
“Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық ансамбльдері
ұйымдасты.
Композиторлар Б.Байқадамов, С.Бәйтереков, Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Ш.Қ
алдаяқов, А.Қоразбаев, Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап ән
жазды.
Қазіргі таңда эстарадалық әндер айтатын әншілер жетерлік.Мысалы:
«Жігіттер» тобы
Скрипкашылар квартеті
Музыка тыңдау
«Квартет для струнных № 1» (үзінді). Ғ.А. Жұбанова
- Қандай аспаптың дауысын естідіңдер?
- Шығармаға композитор қандай көңіл күй берген?
- Осы шығарманы суреттеу үшін қандай бояудың түсін алар едің?
Сергіту сәті:Иілеміз оңға бір.
Мәтінді оқу
Музыкалық шығарманы бір ғана немесе одан да көп орындаушы
орындауына болады. Екі немесе одан да көп орындаушылар ансамбль деп
аталады.
Ансамбль музыкалық шығарманы бірнеше музыканттың
бірігіп орындауы. Музыканы орындаушылардың санына қарай
олар әртүрлі аталады. Бір орындаушы – соло (жеке орындау),
екі орындаушы – дуэт, үш орындаушы – трио, төрт орындаушы
квартет деп аталады.
Соло Дуэт
Трио Квартет
1- топ
Сөзжұмбақ шешу:
1. ... көп дауысты әншілер тобының хорды оркестрдің сүйемелдеуінсіз
орындауы.
2. Хор - ... музыканы орындаушы әншілер тобы.
3. Екі немесе одан да көп орындаушылар ... деп аталады.
4. Әйелдер дауысы ... .
5. Үш орындаушы - ... .
6. Ерлер дауысы ... .
7. Екі орындаушы - ... .
Жауаптары:
1. Капелла
2. Вокал
3. Ансамбль
4. Сопрано
5. Трио
6. Тенор
7. Дуэт
2- топ
Өнер туралы мақал-мәтелдер.
3- Топ
Жоғалған әріпті табу.
А-са-бль, С-пр-но, Кварт-т, М-з-ка, Н-та, В-кал, С-рипка.
IV. Бекіту.
Рефлексия толтыру Нені білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
К
В
А
Р
Т
Е
Т
Ән үйрену Аналар
Айналдым ана деген асқақ аттан
Ұлыңмын атқа мініп көкпар шапқан
Бүгінгі бұл мереке сіздердікі
Мейрамың құтты болсын болып жатқан
Қайырмасы: 2 рет
Сенің анаң – алтын,
менің анам – алтын
Құлпыра бер қарындасым
аман болып жалпың
Ақ жеңгелер әнін, сұлу қыздар сәнін
Аналарды құттықтап қол соғыңдар бәрің
Біз түгіл, пайғамбар да ұлы анадан
Қыз мүсін, ару ана қынамадан
Сағасы тіршіліктің адам атқа
Жар болған «ана» есімді бір-ақ адам
V. Қорыту.
Оқушыларға үй тапсырмасын беру. Оқушыларды бағалау және
мадақтау.
VI. Бағалау.
Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау және мадақтау.
VII. Үйге тапсырма беру.
М-С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Квартет -өнер көрсетеді»
2-сынып
Өткізген: Тлепова А.Е