Конспект урока "Арнау күй" 2 класс

Күні: ___________ Бекітемін: ________________
Сынып: 2
Пәні: музыка
Сабақтың тақырыбы: Арнау күй
Сабақтың мақсаты: оқушыларға күй жанры туралы түсінік беру,
арнау күйлерді ажырата білуге үйрету.:
1. Халық композиторларының арнау күйлері туралы оқып
таныстыру;
2. Күй мазмұнындағы музыкалық бейнені көз алдына елестете
білуге, мазмұнын тыңдай отырып түсінуге үйрету;
3. Оқушылардың ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын
арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг:
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Қазанғаптың өмірі мен шығармашылығын мазмұндау.
(Ол үшін балаларға скрипка кілті берілген оқушылар Қазанғаптың
өмірі туралы айтады. Ал, ноталар берілген оқушылар
шығармашылы туралы айтады)
II Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта біз арнау күй туралы айтамыз. Ұлы күйшілер жақын
адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерлі арнау күй дейміз.
Соның бірі –Құрманғазының анасына арнаған күйі «Аман бол, шешем,
аман бол»күйі.үйден шығар алдында Құрманғазы домбырасын қолына
алып күй тартады. Шығарып салап тұрған достары күйдің атын
сұрамай-ақ бірден білді. Өйткені күйдің бастамасының өзі «Аман бол,
шешем, аман бол»деп айтып тұр еді.
Бүгін «Көкіл» күйін үнтаспадан тыңдаймыз.
(күйді үнтаспадан тыңдату)
Келесі тыңдайтын күйіміз Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман
бол» күйі.
Құрманғазы туралы қысқаша түсінік беріп өтсеңіздер.
(оқушылар күйші туралы айтып береді)
Шығу тарихын тыңдаймыз.
Тағы да қудалаудан құтылмаған Құрманғазы алыс сапарға жол
шегуге бел байлайды. Ардақты анасымен қоштасып, өзінің анаға
деген ыстық сезімін домбыраның ішегіне түсіреді. Бұл кейін халық
арасында «Аман бол шешем, аман бол» деген атпен тарайды. Басқа
күйлерден айырмасы ол домбыраны шын мәнісінде «сөйлетеді»
«Аман бол, шешем, аман бол» күйін үнтаспадан тыңдату.
- Күйлерді тыңдаған сәтте көз алдарыңа нені елесте алдыңдар?
- Күйлердің қайсысы төкпе күйге жақындау?
- Күй тілімен сөйлеп көр. Күйге қосылып буындар орында.
- Мысалы: «А - ман - бол - ше - шем - а - ман - бол», «Кө - кей - ді - тес
- кен - кө - кіл - күй»
Сергіту сәті:
Тыныстайық тереңнен!
Сабақ айттық, ән салдық,
Жарадыңдар барлығың
Шаршадыңдар дегенмен,
Тыныстаңдар тереңнен..
III Бекіту
1. Арнау күй дегеніміз не?
2. Қандай арнау күйлерді білесіңдер?
«Ойлан тап»
р н а у а
2 3 1 5 4
н ә -------- ү к й --------- у а т р ы л ------і к б д і л
2 1 ---------2 1 3 --------2 4 1 3 6 5 -------2 6 1 4 5 3
Үй тапсырмасы:
Құрманғазының, Қазанғаптың күйлерін дәптерге жазып келу.
Бағалау