Технологическая карта урока "Рим цифры" 2 класс
Күні:
06.11.2017
Мектеп:КМГ
Мұғалімнің аты-жөні: Кайсенова А.С.
Пәні:
Математика № 33
Тақырыбы: Рим цифры
Сынып: 2
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ
негізделген
оқумақсаты:
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
2.1.1.3 ** 12-ге дейінгі сандардың римдік нөмірленуін оқу, жазу және пайдалану
Бағалау
критерийлері
Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Рим цифрларын таниды және оқиды
Оқушылардың көпшілігі:
Рим цифрларын жаза алады және қолдана алады
Кейбір оқушылар:
Рим цифрларынан өрнектер құрастыра алады
Тілдік мақсат:
Оқушылар үшін: ұзындық бірліктері (см, дм, м) мен масса бірліктерін (кг, ц)
қалай түрлендіретінін түсіндіру, олардың арасындағы қатынасты орнату.
Пәндік лексика және терминология: өлшем бірлігі, шама, ұзындық, масса,
бірліктердің түрленуі, ұсақ бірліктерді ірілендіру және керісінше айналдыру
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Əртүрлі өлшем бірліктерінде берілген шамалардың мәндерін қалай қосу және
азайту ыңғайлы екенін түсіндіре аласың ба?
Салмақты қалай өлшейтінін түсіндір.
Ежелде қандай салмақ өлшем бірліктері болғанын білесің бе?
Жазу:
Өлшеу нәтижесін жаз, басқа өлшем бірліктерінде жаз.
Тірек білімдер,
білік,дағдылар
Шамалар, өлшем бірліктері, өлшем және ұзындықты өлшеу.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Қоры
0-2
Психологиялық дайындық «Жылы алақан»
Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, басбармақтан бастап
саусақтарын тигізіп, келесі сөздерді айтады:
3-5
МК, Т) Сабақтың тақырыбын ашу
-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, мына жұмбақты
шешу керек.
Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді.
-Балалар, жұмбақтың шешуі не болды?
-Ендеше мына сағаттарға қарап, олардың қандай ұқсастығы мен
айырмашылығы бар екенін айтыңдаршы.
-Балалар, мұндай рим цифрлары бар үлкен сағаттарды қайдан
көруге болады?
-Бұл сағаттарды кім көре алады?
-Бұл оларға не үшін керек?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай
болмақ?
-Қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Қызықты ақпарат:
Цифрларды да арифметика ережелері сияқты, ешкім бірден
ойлап шығарған емес. Осы заманғы цифрлар ғасырлар бойы
қалыптасып жасалынған. Рим цифрлары б.з.б. 500-жылдар
шамасында пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған.
-Жалпы рим цифрларын өмірде көп кездестіруге болады.
Əртүрлі оқулықтар мен журналдарда, мұнара сағаттарында, темір
жол бекеттерінде де.
Сонымен қоса рим цифрлары адам өмірімен де тығыз
байланысты.
(МК ) Сабақтың басында біз қолданып жүрген сандардың араб
сандары екендігін хабарлау. Рим цифрларының кестесін көрсету
(слайд).
(Ж) Жазбаларды есте сақтау мен рим цифрларын оқу жұмысын
жұптастырып орындату. Əр жұпқа 1 қорап таяқша таратып беру.
Оқушылардан кестенің көмегімен 1-ден 12-ге дейінгі рим
цифрларын құрып, оқуын сұрау
(ОТ ) Оқулық , дәптермен жұмыс
4-бет, № 2, № 3 Б
(Бармақпен бағалау)
(Ө,Қ) «Менің өмірімдегі сандар»
Оқушыларға ақ парақтарға өздерімен байланысты рим
цифрларын жазып, топтастарына көрсету ұсынылады.
Мысалы: бүгінгі сабақ санын, сыныптағы ұл, қыз , сыныбын,
т.б.
Сергіту сәті
(Т,Қ) «Жүгірме диктант» ойыны
-Балалар, сендерге ойын арқылы диктант жазуды
ұсынамын.Сендерге 2 минут уақыт беріледі.Осы уақыттың ішінде
1/ Жүгірушілер таңдалады. 2/Жүгіруші парақта жазылған рим
цифрасын оқып, өз тобына жүгіріп айтып отырады.
ІҮ, ҮІІ, Х, ІІІ, ІХ, ХІІ, ҮІІІ.
3/Топтастары жүгіруші айтқан санды кестеге жазады.
7
Топтар тапсырмаларды орындап болған соң, тексеру жүргізіледі.
Əр дұрыс санның жанына «+» таңбасы қойылады.
26-36
(
(Т,Қ) «Ойлан! Тап!» ойыны
Оқушыларға ойланып, ақылдасуға 1 минут беріледі.
Тапсырма: Ешқандай заттарды қолданбай, рим цифрларын
құрастыру, көрсету.Дене мүшелерін пайдалануға болады. Қарсы
топтар көрсетіп тұрған цифрды табу керек.
Топтар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды.
(Ө,Қ) Карточкамен жұмыс
Тапсырма • Берілген сандардың арасынан рим цифрларымен
жазылған сандарды тауып, қоршап сыз және оқы.
III 4 20 I 2 6 V 18 0 11 X 3 9
12 VI
• Берілген сандарды рим цифрларымен жазыңыз
Оқулық,
дәптер
Үйге тапсырма .
37-40
• Рефлексия:
Оқушылар топта ақылдаса отырып, сөздерді таңдауға 1
минут беріледі.
-Бүгін сендер қандай сезімдесіңдер?
Оқушылар «СЕНІМ», «ҚУАНЫШ», «БІЛІМ»,
«ҚОРҚЫНЫШ», «СЕНІМСІЗДІК» сөздерінің арасында1-2
сөзді таңдайды және таңдауын түсіндіреді.
-Көңіл-күйлерің қандай?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
-Менің де көңіл-күйім өте жақсы! Енді өздеріңді стикер арқылы
бағалай қойыңдар
Жетістіктер
жолағы
• Өзін-өзі бағалау.
«Жетістік баспалдағы»
Оқушылар түрлі-түсті стикерлерге өздерінің есімдерін жазып,
баспалдаққа жабыстыру арқылы өздерін бағалайды.
•
Математика - еще материалы к урокам:
- Конспект внеурочного занятия "Комбинаторные задачи на образование перестановок"
- План-конспект урока "Сравнение многозначных чисел в пределах 1000000. Решение задач на нахождение площади" 4 класс
- Конспект урока "Таблица сложения. Упрощение таблицы сложения на основе переместительного закона сложения" 1 класс
- Технологическая карта урока "Как измерить объём?" 1 класс
- Презентация "Измерение размеров малых тел методом рядов"
- Технологическая карта урока "Число 10 и один десяток" 1 класс