Конспект урока "Тың эпопеясы, 1954-1965 жж. Республикадағы қоғамдық саяси өмір" 9 класс
Сабақтың тақырыбы: Тың эпопеясы, 1954-1965 жж.Республикадағы
қоғамдық саяси өмір
Сабақтың мақсаттары
Білімділік: Тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның табыстары мен
зардаптары және аталмыш саясаттың Қазақстан халқының демографиялық
жағдайына әсері туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше
қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы
шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен
табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Ж.Қараевтың деңгейлі оқыту технологиясы
Көрнекіліктер: Слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар, интернет
материалдары, карта.
Пәнаралық байланыс: география,биология,дүниежүзі тарихы,математика
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:оқушылармен амандасу, түгендеу,сабаққа назарын
аудару,топқа бөлу, бағалау бетшесімен таныстыру
Танымды
қ деңгей
Алгоритмді
к деңгей
Эвристикалы
қ деңгей
Шығармашылық
деңгей
Ұпай
саны
баға
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Мұғалім: оқушылар бүгінгі сабағымызда біз сіздермен ғарышқа саяхат
жасаймыз.Алдымен ғарыш алаңында ғарыш кемелерін таңдап топқа
бөлінеміз.
Топтар:
І топ – "Восток" ғарыш кемесі
ІІ топ- "Союз Т-13" ғарыш кемесі
ІІІ топ- "Прогресс" ғарыш кемесі
Үй тапсырмасын сұрау. Семейде ядролық сынақтардың жүргізілуі.
Байқоңыр ғарыш айлағы
Мұғалім: Оқушылар біз сіздермен жердің тропосфера қабатына көтерілдік.
Тропосфера дегеніміз не?
Тропосфера (көне грекше: τρόπος — «бұрылыс», және көне
грекше: σφαῖρα — «шар») - ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған
қабаты. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабаты. Тропосфера -
бүкіл ауаның 4\5 бөлігі. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы
басқа құбылыстар орын алып отырады.
Мұғалім:Жердің тропосфера қабатындағы үй тапсырмасы бойынша берілген
сұрақтарға жауап береміз
1) Танымдық деңгей.Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда
алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
І деңгейді орындау арқылы 5 ұпай жинап, жинаған ұпай үшін бағасы-3
1.Семей полигонында алғашқы сынақ қай жылы өткізілді? (1949 жылдың
29 тамызында)
2.Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың жалпы саны қанша
болды?(Барлығы 456 жарылыс)
3.Жалпы сынақтың қаншасы ашық түрде өткізілді? (116-сы)
4.Семей полигонында соңғы сынаудың күні қашан болды? (19 қазан 1989
жыл)
5. Ядролық жарылыстар туралы халыққа қай жылдан бастап қана ескертіле
бастады. (1953 жылдан бастап)
6. Қай жылы Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған
«Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. (1989 жылдың
ақпанында)
7. «Невада - Семей» қозғалысын басқарған кім? (белгілі қоғам қайраткері,
ақын Олжас Сүлейменов)
8. Қай жылы Семей ядролық полигоны жабылды? (1991 жылдың 29
тамызында)
9. Байқоңыр - Қазақстанның қай аумағында орналасқан ғарыш
алаңы. (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының)
10. Байқоңыр ғарыш алаңының негізі қай жылы қаланды? (1955 ж.)
11. Байқоңыр ғарыш алаңынан қай жылы тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті
ұшырыдды. (1957 ж. 4 қазанда)
12. Қай жылы Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий
Алексеевич"Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды (1961 ж. 12 сәуірде)
13. Қай жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш
кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. (1991 ж. 2 қазанда)
14.Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.
Мұсабаев ғарышта неше рет болды. (3 рет,1994, 1998, 2001)
Мұғалім: үй тапсырмасына жақсы жауап бердік, енді келесі жердің қабаты
стратосфераға көтерілдік.Стратосфера дегеніміз не?
Стратосфера (лат. stratum - «қабатталған») - тропосфераның үстінен 80 км-
ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера
салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін
күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін
температураның төмендеуі тоқталады.
Жаңа сабақ: «Тың эпопеясы»,1954-1965 жж.Республикадағы қоғамдық
саяси өмір, «Хрущев жылымығы»
Жоспары:
1.Ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай
2.Тың игеруге жаппай кірісу
3.Тыңның алғашқы табыстары
4.Тың игерудің нәтижелері
5.Демографиялық ахуалдың күрт өзгеруінің келеңсіз әсерлері
Жаңа сабақты бекіту:
2) Алгоритмдік деңгей – мүнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды. ІІ деңгейде 4 ұпай жинап, жинаған
9 ұпай үшін бағасы-4
І топ – «Сандық көрсеткіштерге сипаттама бер»
1. 2 млнға жуық 1960 жылға дейінгі Қазақстанға келген жалпы халық саны
2. 132 мың 1958 жылдың соңына дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласына
келген адам саны
3. 9 млн. 295 мың 1959 жылғы санақ бойынша Қазақ КСР-індегі халық саны
4. 2 млн. 787 мың Қазақ КСР-інде туратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны
5. 200 мың 1960 жылдардың басына дейін Қытайда тұратын қазақтардың
Қазақстанға оралған халқының саны
ІІ топ – Құрастырмалы тест
1. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық
ерекшеліктері ............................ (ескерілмеді).
2. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне ...............
(менсінбей қарау) орын алды.
3. Шеттен келгендердің Қазақстан қалаларын жайлап алу жағдайы тек
солтүстік өңірлерде ғана емес, ......................... (Шымкент, Жамбыл,
Алматының) және өзге қалалардың кәсіпорындары да осылай істеді.
4. 1950 жылдардың ортасынан бастап Қытай Халық Республикасында
тұратын қазақ диаспорасының бір бөлігі ................... (тарихи Отанына
оралуға) мүмкіндік алды.
5. Демографиялық ахуалдың ............................ (орыстілді тұрғындардың
пайдасына шешілуі) қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты.
6. Қазақ мектептерінің саны ................ (күрт кеміді).
ІІІ топ – «Пайыздық көрсеткіштерге сипаттама бер»
1. 28% 1939 жылғы республикадағы қала халқының үлесі
2. 44% 1959 жылға республикадағы қала халқының үлесі
3. 29% 1959 жылғы санақ бойынша Қазақстанда мекендеген жергілікті
халықтың үлесі
4. 9,5% 1939-1959 ж.ж. Одақ халқының көбею көрсеткіші
5. 52,8% 1939-1959 ж.ж. Қазақ КСР-індегі халықтың көбею көрсеткіші
Мұғалім: берілген деңгей тапсырмасына жақсы жауап бердік, енді келесі
жердің қабаты мезосфераға көтерілдік. Мезосфера дегеніміз не?
Мезосфера (гр. mesos — « ортаңғы» және гр. σφαῖρα — «шар») -
атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера
(мезосфера асты) менионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында.
Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр
биіктікте 70°С шамасында.
3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, логикалық ойлау арқылы жауап
береді. ІІІ деңгейде 3 ұпай жинайды.Үш деңгейді орындап, жинаған 12 ұпай
үшін 4 деген баға
«Сен білесің бе?»Шарты: 1+2-3=? есебінің жауабын тауып, мәнін ашу;
І топ
1. Егіске күш малын пайдалану қай уақытқа дейін орын алды?
2. Мал шаруашылығын дамыту жоспары қашан қабылданды?
3. Тың игеруге қатысты мәселелер одақ деңгейінде қашан талқыланды?
1960+1949-1953//1956ж – 16 млн га астық өндірді
ІІ топ
1. Тың игеру туралы шешім қашан қабылданды?
2. Тыңды жаппай игеру Қазақстанның неше облысында жүзеге асырылды?
3. КОКП-ның І хатшысы Н.С.Хрущев неше жыл ел биледі?
1954+6-11// 1949ж. – Одақ көлемінде мал шаруашылығын дамыту жоспары
қабылданды
ІІІ топ
1.Қай жылдардың басында Қазақстанға 2млнға жуық адам қоныс аударды?
2.1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі
аумағын неше млн га -ға арттыру көзделді?
3.1940-1950 жылдар ішінде Қазақстанда неше жаңа қала пайда болды?
1960+13-15= 1958ж. – Теміртау қаласындағы көтеріліс
Мұғалім: берліген деңгей тапсырмасына жақсы жауап бердік, енді келесі
жердің қабаты термосфераға көтерілдік. Термосфера дегеніміз не?
Термосфера (гр. Θερμός — «жылы» және гр. σφαῖρα — «шар», «сфера») —
атмосфераның мезосферадан кейін орналасқан қабаты. 80–85 км-ден 500 –
600 км-ге дейінгі молекулалық, атомдық иондардың және еркін
электрондары көп аймақ. Температура биіктікке қарай жүздеген, тіпті
мыңдаған градусқа өсіп отырады.
4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығы
байқалады. үшін оқушыға 5-тік баға қойылады.
Жерімізді ЦЕЛИНА сөзімен түбірлес елді мекеннің болғанын естіп пе
едіңдер? – Картадан көрсету («Целиноград» бейнежазбасын көру). Бұрынғы
Целиноградпен қазіргі Астана қаласының құрылысында өте көп өзгешеліктер
барын көріп тұрған шығарсыңдар. Дегенмен, 50-жылдардың өзінде
Целиноград қаласы Қазақ КСР-ндегі алдыңғы қатарлы қалалардың бірі
болған.
І топ «Тың игерудің жетістіктері» Ыбырай Жақаев туралы қосымша дерек
айтылады
ІІ топ «Тың игерудің кемшіліктері» Топырақ эрозиясы туралы қосымша
дерекке кезек беріледі.
ІІІ топ «Тың игеру қазақ халқына не берді?» Тың игеру саясаты
демографиялық жағдайға да әсер етпей қоймады.
Қорытынды. «Тың игеру қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және
мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкелді»
«Нан болса, ән де болады » Л.И.Брежнев
«Осыдан жарты ғасыр бұрын мемлекеттен үлкен қаржы бөлініп, Кеңес
Одағының түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеру үшін көптеген адамдар
келді. Әрине, үлкен іс кемшіліксіз болмайды. Бірақ, ең негізгісі, қазір
қазақстандықтардың дастарханында нан мол. Дүкеннен таңдағанымызды
сатып аламыз. Тыңның басты құндылығы,міне, осында» Н.Ә.Назарбаев
Бағалау
Үйге тапсырма беру:§36 оқу, 157-беттегі сұрақтарға жауап әзірлеу
«Тың игеру қазақ халқына не берді?» эссе жазу
1.Демобилизация
2.Мобилизация.
3.Бюрократия
4.Субьективтілік.
5.Волюнтаризм.
6.Шовинизм.
7. Авантюрист
8.Гумус.
9.Демография.
10. Экстенсивті даму.
11. Интенсивті даму.
12.Экология.
13.Жоспарлы экономика.
История - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "США и изменение геополитической ситуации в мире в начале ХХI века" 9 класс
- Урок-обобщение знаний "Страна Олонхо: мифическая и реальная" 9 класс
- Конспект урока "Столыпинская аграрная реформа" 9 класс
- План-конспект урока "Сталинградская битва. Коренной перелом в Великой Отечественной войне" 9 класс
- Проект "Ставрополь. Страницы истории" 9 класс
- Внеклассное мероприятие "Российской державы сыны" 9 класс