Конспект урока "Электронды кестедегі диаграмма. Диаграмма түрлері"

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестедегі диаграмма. Диаграмма түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - Оқушыларға графикалық мүмкіндіктер туралы түсінік
беріп, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммаларды тұрғызуды және
әртүрлі типті диаграммалар құру біліктілігін қалыптастыру.
ә) дамытушылық – оқушылардың MS Eksel бағдарламасы
мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын
қалыптастыру, шығармашылық қаблеттерін жетілдіру және олардың
компьютерлік сауаттылығын дамыту. Ойлау қызметінің салыстыру, талдау
тәсілдерін жетілдіру.
б) тәрбиелік - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа,
азаматтық пен жауапкершілікке, құрал-жабдықтарды ұқыпты
ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәріс, практикалық жұмыс.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме, тест тапсырмалары, тапсырмалар, слайдтар.
Пән аралық байланыс: экономика, сызу, ағылшын, физика.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер құрылғылары, интерактивті тақта, үлестірме қағаздары.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасы:
Тест тапсырмалары
Семантикалық карта
«Құпия сөздің сырын ашайық»
III. Жаңа сабақ
Диаграммамен жұмыс жолдарын түсіндіру.
ІV. Бекіту
Практикалық тапсырмалар беру.
VІ. Қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу.
Түрлі түсті қалпақтар.
VII. Үйге тапсырма.
VIII. Бағалау.
Үй тапсырмасы:
Семантикалық карта. (№2 үлестірме қағазы)
Жолдар
Бағандар
Ұяшық
Аудан
Формула ұяшыққа қалай
енгізіледі
=
+
Латын
әріптерімен
+
Араб
цифрларымен
+
В13:С19
+
Жол мен
бағанның
қиылысуы
+
«Құпия сөздің сырын ашу»
Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару
керек.
Кітап-книга-Book; Excel іске
қосылғаннан кейін, экранда кестенің
жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына
біріктірілген.
Бет-страница-list; Жұмыс кітабы жұмыс
бетінен тұрады
Ұяшық-ячейка-cell; Жұмыс беттері
ұяшықтан тұрады;
Диаграмма-диаграмма-diagram;
мәліметтерді графиктік түрде көрсету
Кесте-таблица-table; Кесте бірнеше
ұяшықтан тұрады;
Формула-формула-formula; Excel де
формулалар жазу арқылы есептеуге
болады;
III. Жаңа сабақ «Диаграммамен жұмыс жолдарын түсіндіру»
Диаграммалар - мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі.
Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде
бағалау мүмкіндігін береді. Диаграмма бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel -
де 14 түрлі мынадай диаграмма түрлері бар:
Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:
Диаграммалар жасау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Диаграмма шебері
орындаған әрбір қадам барысында пайдаланушы диаграмма қандай күйде екенін көріп
отырады. Кез келген сатыда артқа қайта оралып, істелген әрекетті болдырмауға болады.
Ұ
Я
Ш
Д
И
Т
А
Ы
Қ
А
О
П
Л
А
Г
Р
М
У
А
Р
Т
Т
Е
М
А
Е
С
А
М
Т
Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген
батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады.
Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка → Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі
Диаграммалар шебері ---------- батырмасын шертеміз.
Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар.
Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін пайдаланылады.
Аңыз (легенда) диаграммада ұсынылған мәліметтердің қатарын тануға
көмектеседі. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде
диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың
ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен
диаграмманы құру керек.
Диаграмманың кейбір типтерін мысалда қарастырайық:
Диаграмманы салу үшін:
- Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу қажет.
- Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеу;
- Вставка (Қою) менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе Стандарт
аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
- «Диаграмма шебері» (Мастер диаграмм) диалогтік терезесінде диаграмма түрін
таңдау қажет;
- Келесі қадамға өту үшін <Жалғастыру> (Далее) батырмасы қолданылады;
- Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін <Дайын> (Готово) батырмасын шертуге
болады, сонда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды.
- Соңғы терезесіндегі <Дайын> (Готово) батырмасын шертіңіз.
Диаграмманың немесе басқа объектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған
тінтуірді шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады.
Диграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тінтуірдің оң жақ батырмасын
шертіп, контекст менюіндегі қажет команданы таңдау керек. Диаграмманы жою үшін оған
тінтуірді бір рет шертіп, Delete пернесін басамыз.
Мысалы: Колледжіміздегі «Құқықтану» мамандығына түскен әр жылдардағы оқушылар
саны арқылы диаграмма құру.
2013-2014
2014-2015
2015-2016
2016-2017
«Құқықтану»
ІV. Бекіту
1 тапсырма: Отбасы мүшелерінің жастарына байланысты диаграмма құру.
2 тапсырма. Физикалық есеп. (№3 үлестірме қағазы)
Төмендегі кестеде тіздек бөлігі үшін кернеуі тұрақы болғандағы, кедергінің мәнін 5Ом
<R<14Ом аралығындағы өзгерісі көрсетілген I=U/R аралығындағы ток күшін есептеңіздер
және графигін тұрғызыңыз.
I,A
R,Ом
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
U,B
20
20
20
20
20
20
20
20
20
20
3 тапсырма. Дискуссиялық карта. (№4 үлестірме қағазы)
Жаңа түсініктер бойынша сұрақтар беріледі әр оқушы өз көзқарасын иә-1, жоқ-0.
1. MS Excel электрондық кесте-1
2. Диаграмма құру үшін диаграмма шеберін пайдаланамыз-1
3. Әрбір ұяшықтың жол нөмірінен және баған атынан құрылған мекен
жайы болады-1
4. MS Excel-дің файлдық кеңейтілімі “xls”-1
5. F7 ұяшықтың мекен-жайы-1
6. 4В,7С ұяшықтың мекенжайы-0
7. Кез-келген электронды кестенің ұяшығына сан, формула, мәтіндік
ақпараттарды енгізуге болмайды-0
8. Белсенді ұяшыққа мәлімет енгізуге болмайды-0
9. Диаграмманың өлшемін өзгертуге болмайды-0
10. Диаграмма-мәліметтердің кестелік түрде берілуі-0
11. Құрылған диаграмманың түрін басқа түрге өзгертуге болады-1
Сұрақ №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Жауап
Иә/Жоқ
(1/0)
1
1
1
1
1
0
0
0
0
0
1
Цифрлық диктанттың жауабын дұрыс тұжырымдаған болсаңыз /111 1100 0001/ екілік
санды ондық санау жүйесіне айналдырғанда Ехсеl бағдарламасының қай жылы шыққанын
көрсетеді. Сол кезде ондық сан шығады /1985/.
4 тапсырма. Статистикалық талдау. (№5 үлестірме қағазы)
2016 жылдың қараша айында “Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы” туралы
брифинг өтті. Бұл брифингте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева 2016
жылдың 10 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық саны туралы мәлімет берді. Осы
мәліметтерді пайдалан отырып диаграмманың бірнеше түрін таңдап диаграмма құрыңыздар.
2015
2016
2016 ж. 10 айында тіркелген қ/б
342511
322033
Теріс қылықтар саны
39633
35024
Ұрлық саны
185697
174617
Пәтер ұрлығы
38501
31454
Жұмыссыздар жасаған қ/б
70223
79361
«Үш тұғырлы тіл- уақыт талабы»
1. Қылмыс-преступление-crime
2. Заң-Закон-low
3. Жаза-наказание-punishment
4. Қылмыстық кодекс-уголовный кодекс-the criminal code
5. Ұрлық-кража-theft
6. Алаяқтық-мошенничество-fraud
7. Бап-статья-article
Сөзжұмбақ:
1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)
Г
Р
А
Ф
И
К
А
Осы түстегі қалпақтарды алып сендердің пікірлеріңді тыңдайық.
Қызыл қалпақ таңдаған оқушы мынандай сұрақтарға жауап береді:
Ехсел бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Сары қалпақ ұстаған оқушыға сабақтың жағымды тұстары қандай болды? Оның
артықшылығы қандай? Саған не ұнайды?
Жасыл қалпақты оқушыма Диаграммалардың неше типі бар?
Қара қалпақ ұстаған оқушыма келесіде не үйренеміз?
Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді. Сұрыптау мен
сүзгіден өткізуді.
Көк қалпақты оқушыма шолу жасауды бұйырдым. Біз не аштық? Тағы не ашылған
жоқ? Біз тақырыпты сабаққа сәйкес аша алдық па? Біз барлық қалпақты кие алдық па?
VIII. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Электронды кестедегі диаграмма. Диаграмма түрлері
Әр оқушы 1 тәуліктегі істерін сағатқа бөліп диаграмма жасауға арналған мәліметтер кестесін
дайындап келу (дәптерге).
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық
үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген
Н.Д.Зилинскийдің сөзін әрқашан жадымызды ұстап,