Конспект занятия "Файлдармен жұмыс жасайтын командалар" 11 класс
№14 сабақ
Күні ___________
Тобы___________
Сабақтың тақырыбы: Файлдармен жұмыс жасайтын командалар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
− MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс жасайтын командалармен танысу;
Дамытушылық:
− оқушылардың компьютерді одан әрі тереңірек білуіне жол ашу пәнге деген қызығушылығын,
жалпы ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
− оқушыларды еңбекке баулу, жауапкершілікке, еңбекке, компьютерлік сауаттылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теория
Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: демонстрация, түсіндірмелі
Көрнекті оқу құралдары мен техникалық құралдар: ДК, MS DOS операциялық жүйесі
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Аудитория тазалығын тексеріп, оқушыларды кіргізу, журнал бойынша
сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
2. Өткен сабақты тексеру
1. Файлдарды құру командасын атаңыз
2. Файлдарды редакторлеуге арналған команда
3. Файлдарды көшіру кезінде қандай шаблондар қолданылады
4. Каталогтарды растаусыз жою
5. Файлдар мен каталогтарды экранға шығаруда қандай кілттер қолданылады
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Файлдарды көшіру-COPY командасы
COPY командасының бірнеше түрі бар.
Бірінші түрі: Атын өзгертпей көшіру.
COPY[ж:][маршрут]файл аты[.түрі] [ж:][маршрут]
Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға өз атымен көшіріледі.
Екінші түрі: Атын өзгерте көшіру.
COPY [ж:][маршрут]файл аты[.түрі] [ж:][маршрут]файл аты [.түрі]
Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға жаңа атпен көшіріледі.
Мысалдар:
C:>copy a:*.* c:
Бұл команда А:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің ағымдық бумасына көшіріледі.
C:>copy work DOS
Бұл команда WORK бумасының барлық файлдарын DOS бумасына көшіреді.
C:>copy docabc
Бұл команда ABC бумасының барлық файлдарын түпкі бумаға көшіреді.
C:>copy prl pr2
Ағымдағы бума ішіндегі PR1 атты файл осы бумаға PR2 атымен көшіріледі.
C:>copy work*.txt dos*.dos
WORK бумасынан DOC бумасына TXT типті барлық файлдар
көшіріледі және олардың типі DOC болып өзгереді.
Файл атын өзгерту –RENAME (REN) командасы
Команданың спецификациясы:
REN[AME] [ж:][маршрут аты]файл аты[.түрі]файл аты[.түрі]
Бірінші аргумент файлдың бұрынғы аты да,екіншісі –жаңа аты.
Бірінші аргументтің алдына өзгеріс қай бумада жүретінін көрсететін префикс-маршрут қоюға болады,
әйтпесе өзгеріс ағымдағы бума ішінде болады.
Мысалдар:
С:WORK>ren a:*.txt *.doc
Файылдардың түрлері өзгереді.
С:>ren prl.asm pr2.asm
Файылдың аты PRL-ден PRI2-ге өзгереді.
Файлды жою – DEL командасы
Команданың спецификациясы:
DEL [ж:][маршрут]файл _аты[.түрі]
Егер файлдың аты көрсетілмесе, онда берілген бумадағы немесе ағымдағы бумадағы барлық файлдар
жойылады.
Мұндай жағдайда ( және *.* шаблоны көрсетілген кезде) DOS жоюды орындауға рұқсат сұрайды.
DEL командасының аргументінде маршрут, шаблон немесе белгілі бір файлдың атын енгізуге болады.
C:>del work*.txt- бүкіл TXT- типті файлдар жойылады.
3.4. Файл мәліметін экранға шығару – TYPE командасы
Команданың спецификациясы:
TYPE[[ж:][маршрут]файл_аты[.түрі]
Файл атында * және ? таңбаларын қолдануға болмайды. ргументтің алдында файл қай бумада екенін
көрсететін префикс- маршрут қоюға болады.
Бұл командамен тек ASCII кодында жазылған текст мәтіні бар файлдарды ғана экранда көре аламыз.
Мысалдар:
C:>type prog1.asm
C:>type work\docum.txt
4. Бекіту сұрақтары
1. Copy командасының қызметі
2. Файл атын өзгерту командасы
3. Файлды жою қандай команда көмегімен жүзеге асады
4. Файл мазмұнын біріктіру үшін қандай әрекет орындау қажет
5. Файлды редакторлеу үшін қандай команда қолданылады
5. Үй тапсырмасы
Copy con командасы