Тест "Көлік географиясы. Халықаралық экономикалық байланыстар" 10 класс
Жинақтап бағалау тесті. 10 сынып. География. Ауыл шаруашылық географиясы.
Көлік географиясы. Халықаралық экономикалық байланыстар.
1. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың қанша пайызы ауыл шаруашылығында
еңбек етеді?
а) 26%-ы; в) 36%-ы; с) 46%-ы; д) 56%-ы; е) 66%-ы.
2. Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы қанша саладан тұрады?
а) 1 сала; в) 2 сала; с) 3 сала; д) 4 сала; е) 5 сала.
3. Дәстүрлі, қауымдық ауыл шаруашылығы әлі сақталған аймақ?
а) Солтүстік Америка; в) Аустралия; с) Батыс Еуропа; д) Африка; е) ТМД.
4. Дәнді дақылдардан жиналатын өнімнің көлемінен 1-ші орын алатын мемлекет?
а) АҚШ; в) Қытай; с) Үндістан; д) Ресей; е) Франция.
5. Күріштің 90%-ы қай аймақта өсіріледі?
а) Орталық Америка; в) Кариб теңізі бассейні елдері; с) Азия;
д) Оңтүстік Америка; е) Батыс Африка.
6. Сүт өндіруден алғашқы үштікке кіретін елдер?
а) Франция, Ұлыбритания, Голландия; в) Аустралия, Германия, Дания;
с) АҚШ, Ресей, Үндістан; д) Бразилия, Польша Қытай;
е) Тайвань, Украина, Италия.
7. Қой саны жөнініе 1-ші орынды қай ел алады?
а) Қытай; в) Аустралия; с) Жаңа Зеландия; д) Аргентина; е) Ресей.
8. Дүние жүзіндегі ел экспортының 75%-ын балық пен теңіз өнімдері құрайтын, жылына
орташа есеппен 1,7 млн тонна балық аулайтын мемлекет?
а) Жапония; в) АҚШ; с) Исландия; д) Қытай; е) Чили.
9. Дүниежүзі бойынша көліктің барлық түрімен қанша тонна жүк тасымалданады?
а) 50 млрд т; в) 100 млрд т; с) 150 млрд т; д) 200 млрд т; е) 250 млрд т.
10. Мына елдердің қайсысында мүлдем теміржол жоқ?
а) Венгрия, Испания; в) Тайвань, Үндістан; с) Пакистан, Вьетнам;
д) Ауғанстан, Непал; е) Марокко, Аустралия.
11. Дүниежүзі бойынша автомобиль жолының ұзындығы қанша?
а) 38,9 млн км; в) 48,9 млн км; с) 58,9 млн км; д) 68,9 млн км; е) 78,9 млн км.
12. Теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдерді атаңыз?
а) Ұлыбритания, Испания, Франция; в) Панама, Либерия, Грекия; с) Жапония, Ресей,
Португалия; д) АҚШ, Германия, Исландия; е) Бразилия, Қытай, Түркия.
13. Құбыр көлігіндегі жетекші елдерді атаңыз?
а) Ресей, Канада, АҚШ; в) Норвегия, Швеция, Финляндия; с) Сауд Арабиясы; БАЭ,
Кувеит; д) Алжир, Нигерия, Тунис; е) Венесуэла, Колумбия, Мексика.
14. Әуе көлігі ең күшті дамыған дүниежүзі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайтын ел?
а) Ұлыбритания; в) Жапония; с) АҚШ; д) Франция; е) Қытай.
15. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізуге арналған техникалық құрал-жабдықтар
кешенін не дейміз?
а) Мультмедиа; в) Интернет; с) Компьютерлік байланыс;
д) Телекомуникация; е) Барлық жауап дұрыс.
16. Дамыған елдер арасындағы өзара тауар айналымы жөнінен қай елдер жетекші
орынды алады?
а) Ұлыбритания мен Франция; в) Ресей мен Қазақстан; с) Жапония мен Корея Респуб-
ликасы; д) АҚШ пен Канада; е) Германия мен Түркия.
17. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, бастапқыда, 1947 жылы қалай деп аталды?
а) БЕНОЛЮКС; в) Әлемдік Сауда Ұйымы; с) Тарифтер мен сауда жөніндегі
Бас келісім; д) Сыртқы Сауда ұйымы; е) Халықарлық Сауда ұйымы.
18. Қазақстанның сыртқы саудадағы импорты мен экспорты қай елдерге тиесілі?
а) Италия мен Түркия; в) Қытай мен Ресей; с) АҚШ пен Өзбекстан;
д) Нидерланд мен Қырғызстан; е) Германия мен Түркіменстан.
19. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлемге әйгілі бола бастаған валюта?
а) Доллар; в) Иена; с) Еуро; д) Юань; е) Фунт стерлинг.
20. Әлемдегі ең ірі қаржы операциялары жасалатын орталықтар?
а) Шанхай, Сингапур, Гонконг; в) Цюрих, Париж, Брюсель; с) Рим, Москва, Тайвань;
д) Лондон, Нью-Иорк, Токио; е) Амстредам, Женева, Ватикан.
21. Шетелдерде кәсіпорындар ашу, табиғат байлықтарын бірлесіп барлап-зерттеу, еншілес
компаниялар жүйесін ұйымдастыруды не дейміз?
а) Портфельдік инвестиция; в) Тікелей инвестиция; с) Оффшорлық орталықтар;
д) Экономикалық ашық зоналар; е) Сыртқы сауда.
22. Тау шаңғысы туризмі дамыған аймақ?
а) Іле Алатауы; в) Кавказ тауы; с) Карпат тауы; д) Альпі тауы; е) Балқан тауы.
23. Қай теңіздің жағалауында салыстырмалы түрде курортты аймақтар жақсы дамыған?
а) Сары теңіз жағасында; в) Балтық теңізі жағасында; с) Жерорта теңізі жағасында;
д) Қара теңіз жағасында; е) Солтүстік теңізі жағасында.
24. Мына елдердің қайсысы ТМД құрамынан 2009 жылы шығып кетті?
а) Латвия; в) Финляндия; с) Грузия; д) Өзбекстан; е) Эстония.
25. ТМД қандай ынтымақтастық?
а) Саяси ынтымақтастық; в) Экономикалық ынтымақтастық; с) Мәдени ынтымақтастық;
д) Рухани ынтымақтастық; е) Діни ынтымақтастық.
Бағалау шкаласы:
21-25 ұпай аралығы: "5" ;
16-20 ұпай аралығы:"4" ;
8-15 ұпай аралығы: "3" ;
0-7 ұпай аралығы: "2" .
География - еще материалы к урокам:
- Тест "Еуразия. Солтүстік Америка материктері" 7 класс
- Тест "Қазақстанды экономикалық аудандастыру" 9 класс
- Контрольные тесты "Развитие географических знаний о земной поверхности" 5 класс
- Тест "Кавказ - самые высокие горы России" 8 класс
- Конспект занятия "Мир, в котором мы живём" 5 класс
- Презентация "Северная Америка. Особенности природы" 7 класс