Тест "Еуразия. Солтүстік Америка материктері" 7 класс

Жинақтап бағалау тесті. География. 7 сынып. ІІ бөлім.
Еуразия.Солтүстік Америка материктері.
1. Солтүстік Америка материгінің жер көлемі қанша?
а) 14,2 млн км
2
; в) 24,2 млн км
2
; с) 34,2 млн км
2
;
д) 44,2 млн км
2
; е) 54,2 млн км
2
.
2. Солтүстік Америка материгінің ең биік нүктесі?
а) Аконкагуа; в) Монблан; с) Джомолунгма;
д) Мак-Кинли; е) Ключи Шоқысы.
3. Солтүстік Америка материгіндегі жауын-шашынның жылдық мөлшері ең
көп түсетін аймағы?
а) Аппалач тауының баурайы; в) Калифорния түбегінде; с) Материктің
шығысындағы Лабрадор түбегінде; д) Материктің оңтүстігінде;
е) Кордильер тауының солтүстік-батыс жағалауы.
4. Солтүстік Американы Еуразия материгінен бөліп жатқан бұғаз?
а) Босфор бұғазы; в) Дрейк бұғазы; с) Беринг бұғазы;
д) Магеллан бұғазы; е) Гибральтар бұғазы.
5. Солтүстік Америка материгіндегі Кордильера тауының пайда болу себебі?
а) Екі тақтаның түйісуінен; в) Жанартаулардың атқылауынан; с) Тау жыныс-
тарының шөгуінен; д) Ұзақ уақытқа созылған жер сілкінуден; е) Материкті
мұз басу себебінен.
6. Солтүстік Америка материгіндегі ауа массаларының арасындағы
температура мен қысымның айырмашылығынан соғатын күшті желді не
дейміз?
а) Ураган; в) Торнадо; с) Тайфун; д) Пассат; е) Муссон.
7. Үндістер "су атасы" деп қай өзенді атайды?
а) Миссури; в) Колорадо; с) Маккензи; д) Миссисипи; е) Колумбия.
8. Солтүстік Америка материгінің арктикалық шөл зонасында мұз дәуірінен
бері сақталып қалған тіршілік ететін жануар?
а) Гризли аюы; в) Қойөгіз; с) Орман бизоны; д) Кайот; е) Скунс.
9. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далалы аймақты не
дейміз?
а) Прерий; в) Пампа; с) Пушта; д) Сельвас; е) Льянос.
10. Солтүстік Америка материгінің байырғы халқын кімдер құрайды?
а) Аборигендер; в) Папуастар; с) Үндістер мен эскимостар; д) Еуропалық-
тар мен арабтар; е) Негрлер.
11. "Боинг" ұшағы қай мемлекетте жасалады?
а) Канада; в) Куба; с) Мексика; д) Никарагуа; е) АҚШ.
12. Еуразия материгінің жер көлемі қанша?
а) 34 млн км
2
; в) 44 млн км
2
; с) 54 млн км
2
; д) 64 млн км
2
; е) 74 млн км.
2
13. Батыстағы жерді "эреб", ал шығысты "асу" деп атаған халықтар?
а) Арабтар; в) Гректер; с) Финикиялықтар; д) Римдіктер; е) Скандинавтар.
14. Тянь-Шань тауына екі рет саяхат жасап, жан-жақты зерттеген саяхатшы-
ғалым?
а) Н.М.Пржевальский: в) Ш. Уәлиханов; с) П.П. Семенов.
д) Гумбольдт; е) Н.Н. Миклухо-Маклай.
15. Еуразия материгіндегі Джомолунгма шыңының биіктігі қанша?
а) 5848 м; в) 6848 м; с) 7848 м; д) 8848 м; е) 9848 м.
16. Мына таулардың қайсысы Альпі-Гималай сейсмикалық белдеуіне
кірмейді?
а) Кавказ таулары; в) Иран таулы қыраттары; с) Памир тауы;
д) Кракатау жанартауы: е) Тибет таулы қыраты.
17. Еуразия материгіндегі мұнай мен газдың мол шоғырланған аймағы?
а) Батыс Сібір ойпаты; в) Парсы шығанағы; с) Солтүстік теңіз;
д) Каспий маңы ойпаты; е) Ұлы Қытай жазығы.
18. Еуразия материгінің ішкі аймақтарында климат неліктен континентті?
а) Мұхиттардың алыс жатуы; в) Ауа массаларынан; с) Жер бедеріне байла-
нысты; д) Географиялық орнына байланысты; е) Муссонға байланысты.
19. Еуразиядағы мына өзендердің қайсысы Атлант мұхиты алабына құяды?
а) Енисей; в) Дунай; с) Хуанхэ; д) Евфрат; е) Жайық.
20. Еуразиядағы мына көлдердің қайсысы тектоникалық көл емес?
а) Байкал; в) Ыстықкөл, с) Зайсан; д) Лобнор; е) Женева.
21. Тек қана қылқан жапырақты ағаштар өсетін зона не деп аталады?
а) Тундра; в) Дала; с) Шөл; д) Шөлейт; е) Тайга.
22. Еуразиядағы халқы көп елдерді көрсетіңіз?
а) Пакистан мен Непал; в) Ұлыбритания мен Франция; с) Қытай мен Үндіс-
тан; д) Италия мен Испания; е) Сингапур мен Түркия.
23. Мына халықтардың қайсысы түркі тілдес топқа кірмейді?
а) Буряттар; в) Қазақтар; с) Өзбектер; д) Қырғыздар; е) Татарлар.
24. Мына елдердің қайсысы Батыс Еуропа елдеріне кіреді?
а) Финляндия; в) Чехия; с) Украйна; д) Франция; е) Дания.
25. Орталық және Шығыс Азия елдерінің ішіндегі жер көлемі үлкен
мемлекетті көрсетіңіз?
а) Жапония; в) Оңтүстік Корея; с) Қазақстан; д) ҚХР; е) Монголия.
Бағалау шкаласы:
21-25 ұпай аралығы: "5" ;
16-20 ұпай аралығы:"4" ;
8-15 ұпай аралығы: "3" ;
0-7 ұпай аралығы: "2" .