Конспект урока "Баскетбол ойыны"
Тақырыбы: « Баскетбол ойыны»
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға баскетбол ойынының ережесін
үйретіп,техникаларын меңгерту.
Тәрбиелігі: Шапшаңдылыққа,ептілікке, икемділікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Спортқа деген ынтасын арттырып,күш-жігерлерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сабақта пайдаланылатын құрал: Себет, баскетбол добы, ысқырық және
көрнекі құралдар.
І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Бірқатарға сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау. Оқушыларды түгендеу.
2.Жүгіру жаттығулары.
3.Сапта орындалатын жаттығулар.Сапта тұрып,аяқ-қол бұлшық еттерін
дамыту жаттығуларын орындау.
Жалпы дамыту жаттығулары. жүру жаттығулары:денені түзу ұстап, басты
көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары:еркін демалып, бір
қалыпты жүгіру, тек сол иық пен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды
талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу
ұстап, қолды иықтың деңгейінде
ұстау; орында орындалатын жаттығулар:басты жоғары көтеріп денені түзу
ұстау
ІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақтың тақырыбы:“Игерілген әдіспен баскетбол ойыны”
1.Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2.Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
3.Ойын техникаларын үйрету.
4.Екі жақты ойын баскетбол.
1-жаттығу
Баскетбол добын ұстау әдісі, допты бір қалыппен алып жүру
2 –жаттығу
Допты екі қолмен иықтан лақтыру және допты жоғарыдан лақтыру әдіcі
3-жаттығу
Допты екі қолмен кезек-кезек алып жүру
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыныпты сапқа тұрғызу.
1.Оқушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып өту.
2. Бағалау.
3.Үйге тапсырма беру.
Баскетбол добымен жаттығулар орындау
Дене тәрбиесі пәнінен "Дене шынықтыру сабағында "Баскетбол"
ойыны."тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.
Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
1.Оқушыларға баскетбол ойынының ережесін үйретіп,техникаларын
меңгерту.
2.Шапшаңдылыққа,ептілікке, икемділікке тәрбиелеу
Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы,
талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп
қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Дайындық бөлімі 10-15 мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25-30 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4-5 мин
Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты
тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген,
спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып,
қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын
орындаттым. Олар жүру жаттығулары:денені түзу ұстап, басты көтере
белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары:еркін демалып, бір қалыпты
жүгіру, тек сол иық пен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай
әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды
иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар:басты
жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнешерет
орындалды.
Негізгі бөлімінде, баскетбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және
төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім.
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін,
оқушыларды бір-біріне ара қашықтығы 6-7 метрден бетпе-бет қаратып,
допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына
көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7-8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп
құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді.
Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы
допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын
орындаттым.Жаттығулар слайдтермен көрсетіледі.Допты төменнен
қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау
тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының
қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар
арақашықтығы 8-10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы
допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен
қабылдауды үйренді.Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен баскетбол
ойнады.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға
жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды
деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ.
Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс
іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өз мүмкіндіктерінен асқан жоқ.
Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығы нормаға сай өткізілді. Сабақ
процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа
жататын оқушылар жоқ
Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін
алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде
доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8-10 рет тартылу, қыздарға 25-30 рет
дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақ соңында оқушыларды бағаладым.
Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған
жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма
толы жете алдым деп ойлаймын.
Физкультура - еще материалы к урокам:
- План-конспект урока "Совершенствование техники приемов баскетбола. Учебная игра"
- Технологическая карта урока "Совершенствование техники ведения и передачи мяча в баскетболе" 6 класс
- Технологическая карта урока "Обучение игре в баскетбол" 6 класс
- Конспект урока "Бір орында тұрып ұзындыққа секіру" 6 класс
- Презентация "Фитнес по-быстрому" 10 класс
- Рабочая программа по баскетболу 5 класс