Конспект занятия "Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны" 7 класс

7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны.
Мақсаты: 1. Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің ерекшеліктері туралы
білім беру.
2. Бунақденелілердің ерекшеліктерін оқытып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін, ой-
өрісін дамыту.
3. Оқушыларды жекелей жұмыс істеуге тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар: тапсырмалар, слайд.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдістемелік шешім: өзіндік жұмыс, дәріс, мұғалімнің әңгімелеуі, көрнекі құралдарды
көрсету.
Пәнаралық байланыс: география, валеология.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білімді тексеру және өзектеу.
«Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері» тақырыбы
бойынша жеке тапсырмалар орындау:
1. Биологиялық диктант
Биологиялық диктант
1. ____________ жасуныққа ұқсас ағзалық зат.
2. Жәндіктердің барлығының аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқандықтан,
___________ деп аталады.
3. Өрмекшітәріздестерге ____________________________ жатады.
4. Буынаяқтылар типінің негізгі _____ класы бар. Олар:
____________________________кластары.
Биологиялық диктант
1. ________________ класына өзеншаяны, асшаян, таңқышаян, құршаян жатады.
2. Жер шарын мекендейтін жануарлар дүниесінің ___ пайыздан астамы буынаяқтылар
үлесіне тиесілі.
3. Бунақденелілердің түрі өте көп. Оларға: ___________________________________________
т.б. кіреді.
4. Өрмекшітәрізділердің баскөкірек бөлігінде 6 жұп аяғы орналасады. Бірінші жұбы
________, екінші жұбы ________, 4 жұбы _________.
Биологиялық диктант
1. Қазір ғылымға бунақденелілердің _________________ түрлері белгілі. Буынаяқтылар
типінің негізгі ____ класы бар.
2. Буынаяқтылар денесі _____________ қапталған.
3. Өрмекшітәрізділердің жабынында _________ және ____________бездері болады.
4. Бунақденелілердің денесі _______________ және _____________бөліктерден тұрады.
2. Термин сөздермен жұмыс.
Хитин. Баскөкірек. Құрсақ. Тұтқыаяқ. Күйісаяқ. Жүруге арналған аяқ. Демтүтік. Өкпе.
Астың ішектен тыс қорытылуы. Түйінді жүйке жүйесі.
3. Сұрақтар:
1. Тип неге буынаяқтылар деп аталған?
2. Буынаяқтаралар типтерінің кластарын атаңдар.
3. Буынаяқтараларды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?
ІІІ. Жаңа материалды оқу.
Жоспары:
1. Бунақденелілер класы
2. Бунақденелілердің дамуы
3. Бунақденелілердің пайда-зияны
Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер
класы. Бұлар ғаламшардың кез келген түпкірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы.
Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі
екі клас тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар клас тармағы деп
аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтырардан негізгі
ерекшелігі денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп
аталады.
Өзге жәндіктерден айырмашылығы бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша
алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі күрделі. Жүйке жүйесі жоғары
деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні ми. Мидың үш бөлігі бар.
Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ
жүйке тізбегі екі жұп түйін – ганглий (грек. «ганглион» - бұдырмақ, ісік) түзеді. Сезім мүшелері
жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі ашық жүйе.
Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілер
демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы он жұп тыныс алатын
тесіктер демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен
тыныс алады. Зәршығару мүшесі ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер – мальпиги
түтікшелері. Бунақденелілер үш түрлі жолмен дамиды. Олар дара жынысты. Даму түрлері: тура
даму (жұмыртқа → имаго), шала түрленіп даму (жұмыртқа дернәсіл → имаго), толық
түрленіп даму (жұмыртқа → дернәсіл → қуыршақ → имаго).
Жануарлардың әртүрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшері:
1- қарапайымдар; 2- құрттар; 3- ұлулар; 4- желілілер; 5- шаянтәріздестер;
6- өрмекшітәріздестер; 7- бунақденелілер.
Бунақденелілердің сан алуандығы:
1- дәуіт; 2- шегіртке; 3- бөлме шыбыны; 4- тарақан; 5- бит; 6- термит; 7- көбелек.
Өрмекшітектестер мен бунақденелілер дене құрылысының сызбанұсқасы:
1- денесі екі бөлікті (баскөкірек және құрсақ); 2- денесі екі бөлікті (бас, көкірек, құрсақ).
Бунақденелілердің ауыз мүшесі
Инеліктің шала түрленіп дамуы
Азиялық шегірткенің шала түрленіп дамуы:
1 қоймақалта; 2 – жұмыртқа; 3, 4, 5, 6, 7 – “жаяушегірткелер”
ІV. Бекіту
Термин сөздермен жұмыс.
Бас. Көкірек. Құрсақ. Тура даму. Шала түрленіп даму. Толық түрленіп даму. Ганглий.
Ми. Демтүтік. Демтесік. Мальпиги түтікшелері.
V. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу.