Конспект урока "Қазақ тілі сабағында" 8 класс

Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында
Мақсаты:
Өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың жаңа тақырып туралы
білімдерін пысықтау, толықтыру,бекіту, талпынысқа, ізденіске
үйренгендігін көрсету, функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру
жолдарын анықтау
Міндеттері:
- оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету, өмірмен байланысты
жұмыс жүргізуге дағдыландыру
- еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктері: слайдтар, қосымша материалдар т. б.
Әдіс - тәсілі: ой - пікір, баяндау, жауап беру, пікірлесу, баяндау
Барысы:
1 - бөлім:Ұйымдастыру кезеңі. Әнұранды орындау.
1. Шаттық шеңбері:
Оқушыларды шаттық шеңберіне ұйымдастыра отырып, мына сөйлемді
айту.
- Мен жайдары, ақкөңіл және белсендімін.
- Менің қолымнан барлығы келеді.
- Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
- Мен талпынамын, ізденемін.
Сабақтың ұраны: Тіл- ұлтымның ұлы мұрасы
Мұғалім: Қазір сендер топқа бөлінесіндер. Мен сендерге түрлі түсті қағаз
таратам. Бір түс – бір топ.
2.Үй жұмысын тексеру
Тест сауалнамаға жауап беру
1Септік жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Орманды дала В) Табиғат қорғау С) Газет шығару Д)Сурет
салу Е)Жануарлар мен құстар
2. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... досың.
А) –де. В) –мен. С) –ім. Д) –ің. Е) ың.
3. Тәуелдік жалғауындағы сөзді табыңыз.
А) Апайлар. В) Жолдас. С) Ауылданбыз. Д) Дәптеріңіз. Е)
Уақыт.
4. Көмектес септігінің сұрағын табыңыз:
А) Кімде? Неде? В) Кіммен? Немен? С) Кімнің? Ненің? Д) Кімнен?
Неден? Е) Кімге? Неге?
5. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Құстар. В) Дәптер. С) Өшіргіш. Д) Тапсырма. Е) Сызғыш.
6. Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын
көрсетіңіз.
А)–мен,-пен,-ын В)–ты, -ті, -ды, -ді С)–на, -не, -де Д)–тар, -тер, -лар,
-лер Е)–пен, -қа, -ке,-та
7. . Көптік жалғауды көрсетіңіз.
А) –лар. В) –ым. С) –ге. Д) –ды. Е) ның.
8. Мектепке– сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
А) Шығыс септік В) Атау септік С) Табыс септік Д) Барыс
септік Е) Ілік септік
9. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Жағада. В) Көлдер. С) Өзен. Д) Тау. Е) Биіктен.
10.Табыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Көшемен. В) Оңтүстікте. С) Ағашты. Д) Қаламмен. Е)
Көршінің.
Дұрыс жауабы
1а 2д 3д 4в 5а 6е 7а 8д 9в 10с
Бағалау
0-1қате- «5»
2-3 қате –«4»
4 қате –«3»
5 қате –«2»
Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру: « Білгенге маржан»
- Мұғалім- Балалар жаңа тақырыпты білу үшін мына әріптерді
дұрыс құрандар.
ЗАҚАҚ ІЛІТ САДАБЫҒАН - Қазақ тілі сабағында-Дұрыс
- Әр топқа мен қазір бір мәтінді беремін.
- Мәтінді мұқият оқыңдар . Түсінуге талпыныңдар.Сендерге 5 минут
беремін.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айында
бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тіл – қазақ,
неміс, ағылшын тілдерін оқиды.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап
қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай
көптеген жұмыс түрін орындаймыз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты
өтеді.
- Енді әр топқа осы оқыған мәтінде қателер бар, соны түзетіңдер.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл бес cыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айынмен
бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінде басқа үш тіл – қазақ,
неміс, ағылшын тілдерін оқиды.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап
қоя біледі. Сабақ қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай
көптеген жұмыс түрін орындаймыз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты
өтеді.
Енді топтар бір-бірімен мәтіндерді ауыстырып ,тексеріндер,баға
қойындар.
Сергіту кезеңі.
«Бәрін білгім келеді»
Келесі тапсырма сөзжұмбақ шешу.
А
У
Ы
Р
С
А
Қ
А
Л
А
М
А
З
А
А
Ғ
А
Ы
М
Ы
З
С
Т
А
З
Ә
К
І
Р
Т
Ү
Н
Д
Е
Л
І
К
І
Т
А
П
1.Қазақ халқының ұлттық тағамы
2.Мектепте немен жазамыз?
3»Кір» сөзінің антонимы
4.Күнделікте не қояды?
5.Ең бағалы сусын.
6. Білім беретін кім?
7.Кімге ұстаз білім береді?
8.Үй тапсырмасын жазатын оқу құралы.
9.Білімнің қайнар бұлағы- ...
«Жарқыраган шың»: Жаңа сабақты пысықтау.
- Қорытындылай отырып, қазір балалар сендер тақтаға постер
арқылы мынау сұраққа жауап жазасындар. Қазақ тілі сабағында біз
не істейміз? Постер арқылы тақтаға шығып жазыңдар.
«Бейнет түбі – зейнет»
- Үй жұмысы. Тақырыпты әңгімелеу.
-Рефлексия: Нені білеміз? Нені үйрендік?
Рефлексияны біз 6 қалпақ әдісі бойынша жасаймыз. Әр
топқа ақ, көк, қызыл, сары, қара, жасыл түсті қалпақтар таратып
беріледі. Әр топ семинардың қорытындысын шығарады.
«Ақ қалпақ» - семинардың нақты деректерін келтіреді және сол
ақпаратты көңіл - күйіне және бағалауға қолданбайды.«Сары қалпақ» -
семинардың тек жақсы жақтарын айтады.«Қара қалпақ»- семинардың
кемшіліктерін айтады.«Қызыл қалпақ» - семинар барысында пайда
болған көңіл - күйін, яғни эмоционалды айтады.«Жасыл қалпақ» -
бүгінгі семинардан алған тәжірибені қайда және қалай қолдануға
болатынын туралы айтады.«Көк қалпақ»- қорытынды жасайды және
пайда болған мәселелер мен сұрақтарды анықтайды.
Осы жұмысқа топқа он минут беріледі. Тапсырма түсінікті ғой, онда
алға.