Конспект урока "Таза ауамен демалайық" 6 класс

Сабақтың тақырыбы: Таза ауамен демалайық.
Сабақтың мақсаты: Таза ауамен демалайық тақырыбы бойынша мәлімет беру; Жер-
ана,Қоршаған ортаны қорғау,қорықтар туралы тапсырмалар орындау арқылы білімдерін
бекіту.
білімділік оқушылардың сөйлемдегі сөздердің мағыналық ,тұлғалық жағынан өзара
байланысын түсіндіре отырып , таза ауа болу үшін қоршаған ортаны қорғау әр адамның
міндеті екенін түсіндіру ;
дамытушылық сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба білу,
сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру . Тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік мақал-мәтелдер аркылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.Оқушыларға сабақ
барысында адамгершілікке,қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, тіл дамыту, аударма,
топтастыру, синквейн, грамматикалық тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың қөңілін сабаққа ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
II. Жаңа сабақтың тақырыбы мен өту барысын талқылау.
1. Кіріспе: -Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сәлем!
Сәлем деп амандасамыз қолымызбен!
Сәлем деп қараймыз көзімізбен!
Сәлем деп айтамыз аузымызбен!
Сәлем деп бас иеміз!
Орнымыздан тұрамыз,шаттық шеңберін құрамыз. Бүгін бізде ерекше
сабақ.Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер!» дей отырып,мен
бәріңізге жақсы көңіл-күй тілеймін. Қазақ « Жақсы сөз- жарым ырыс»,-
дейді.Содықтан бір-бірімізге жақсы тілек айтайық. Мен сендерге де бүгінгі сабақта
көп табысқа жетуді тілеймін.Оқушылардың бір-біріне жақсы тілектері :
-Мен саған сәттілік тілеймін !
Мен саған шыдамдылық тілеймін!
Мен саған шығармашылық табыс тілеймін!
Мен саған жақсы баға тілеймін!
Мен саған зеректік тілеймінІ
Мен саған төзімділік тілеймін! Қазір Айсана,Арина және Айсұлу сендерге гүлдер
сыйлайды. Сол гүлдің түсі бойынша үш топқа бөлініп отырамыз.
Балалар ақпанның қай күні ? Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі? Қыс айлары
қандай?
Қазір балалар Әли мен Айяның әнін тыңдап көрейік. Бұл ән не туралы ? Кім
айтады? Дұрыс , ән таза ауа туралы. Біздің сабақтың тақырыбы : «Таза ауамен
демалайық ».Балалар сабақта біз не істейміз? Сабақтың мақсатын балалар өздері
айтады.Сабақта біз оқимыз, мәтінді аударамыз,сұрақтарға жауап береміз,синквейн
құрастырамыз,тапсырма орындаймыз.
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта біз 3 топқа бөлініп жарысамыз.Осы сабақ бойы
орындаған әр тапсырмаға ,жауап берген әр сұраққа ұпай алып отырасыңдар.Сабақ
соңында ұпайларды есептеп,сабақта алған бағаны шығарамыз.
8-10 ұпай- «5»
6-7 ұпай- «4»
3-5 ұпай- «3»
Әр топта бағалаушы бар,ол сендердің білімдеріңді бағалап отырады.
Жарыс 6 кезеңнен тұрады:
I кезең «Табиғат-тіршілік аясы»
1. 3 топ берілген тақырыптар бойынша жобаларын қорғайды.
II кезең «Таза ауа-денсаулық кепілі»
1. Мәтінмен жұмыс..
III кезең «Кім тапқыр,әрі жылдам»
Тапсырмалармен жұмыс
Сергіту сәті :Кірпі «Қара жорға»
IV кезең «Сөз көркі-мақал»
1. Мақал жарыс
V кезең «Синквейн»
1. Бес жолды өлең
VI кезең «Таза ауамен демалайық»
«Ауа таза болу үшін не істеу керек?» топтастыру
III.Өткен сабақты пысықтау:
I кезең «Табиғат-тіршілік аясы»
а) Әр топ өз жобаларын қорғайды.
I топ «Жер-ана»
* Жер –бәріміздің анамыз. Онсыз өмір жоқ..
* Жер-ана дейтін себебіміз-ішетін суымыз,жейтін нанымыз жердікі..
* Адамға қажетінің бәрі жерден шығады.
II топ «Қоршаған ортаны қорғау»
*5 маусым-Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні.
* Оның негізгі мақсаты-табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру.
* Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған.
* Әр-түрлі ойын-сауық ,ағаш отырғызу,сурет салу,саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар
өткізіледі.
III топ «Қорықтар неге керек ?»
*Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер азайып,жылдар өткен соң
,мүлдем құрып кету қауіпі туады.
* Құстар сайрап,көбелектер ұшып,гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың
табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз.
* Қорықтарға барғанда ешбір аңға,құсқа тиіспей,гүлдер мен өсімдіктерді жұлып,таптамау
керек.
* Елімізде табиғат байлығын :ормандар мен өсімдіктерді ,жануарлар мен аң-құстарды
қорғап,сақтайтын қорықтар көп.
Үш балдық жүйемен бағалау
Критерий
3
2
1
Тақырыптың маңыздылығы
толық ашылған
жартылай
толық емес
Дыбыстардың дұрыс айтылуы
дәлдігі
жартылай
сақталмаған
Өзін - өзі ұстауы
еркін
сенімсіз
қобалжу
II кезең «Таза ауа-денсаулық кепілі »
ә) Мәтінмен жұмыс.
1. Жаңа сөздерді меңгерту
Тәулік-сутки
Жұтады-вдыхает,глотает
Тыныстау-вдохнуть
Қажет,керек-нужно
Жағалау-побережье
Айнала-вокруг
Сақтау-сохранить
Көгалдандыру-озеленить
Маңыз-значение
Өсімдік-растение
Зиянды заттар-вредные вещества
Оттегі-кислород
Мөлшер-доза,количество
Гүлзарлар жасау-разбивать скверы
Көлемін кеңейту-расширять размеры
2. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу
Таза ауа-денсаулық кепілі
Әр адам тәулігіне бірнеше мың куб метр ауа жұтады. Адамға тыныстау үшін
таза ауа қажет.Орман ішінде ,теңіз немесе өзен мен көл жағалауында ауа таза
болады.Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор.
Өсімдік ауадағы зиянды заттарды , шаңды жұтып,оның орнына көп мөлшерде
оттегін бөліп шығарады.
Сондықтан көше бойы ағаш отырғызу ,гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының
көлемін кеңейту ауаның тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады.
3. Аударма жұмысы
Каждый человек в сутки вдыхает несколько тысяч кубических метров воздуха.
Для дыхания человеку нужен чистый воздух.В лесу,на берегу морей,рек и озер воздух
бывает чистым.Чтобы вокруг сохранить чистый воздух огромное значение имеет
озеленение.Растения поглощают из воздуха вредные вещества и пыль и выделяют в
большом количестве кислород.
Поэтому садить деревья вдоль улиц и разбивать скверы,и расширять площадь парков
отдыха является одним из путей сохранения чистоты воздуха.
.
4.Сұрақ-жауап.
Әр топтың оқушылары екінші топқа 2 сұрақтан қояды.
1.Әр адам тәулігіне қанша ауа жұтады?
2.Адамға тыныстау үшін не қажет?
3.Ауа қайда таза болады?
4. .Айналадағы ауаның тазалығын сақтада ненің маңызы зор?
5. Өсімдіктер қандай пайда әкеледі?
6.Ауаның тазалығын сақтаудың қандай жолын білеміз?
III кезең «Кім тапқыр,әрі жылдам».
Тапсырмалар
Тақтамен жұмыс : әр топтан бір оқушы тақтаға шығады,басқалары дәптермен жұмыс
жасайды.
1 топ. Сын есім+зат есім
2топ Зат есім+етістік
3топ Зат есім+зат есім
Қорытынды: - Балалар, «Табиғат-тіршілік аясы» кезеңінде жобаларымыз арқылы
табиғатты сақтау үшін бізге не керек екенін, мәтінді оқып, таза ауаны қалай сақтау
керектігі туралы білдік, білімімізді тексеріп көрейік:
Ауаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек ?
* табиғатты аялауымыз керек
* ағаш отырғызу,саябақтарды тазалау
* гүлзарларды жасау
Сергіту сәті Кірпі «Қара жорға » өлеңінің музыкасы мен сөздерін өздері айтып
,элементтерін билеп,сергіту сәтін жасау.
IV кезең «Сөз көркі-мақал»
а) Табиғат тақырыбына мақал-мәтелдер айт:
1. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2.Жер-қазына
Су-алтын,
Мал-байлық.
3.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
4.Ағаштың тамыры-өскен жерінде,
Адамның жаны-туған елінде.
5. Туған жердің жері де көрікті,елі де сүйікті.
6. Анамызды қалай жақсы көрсек,табиғатымызды да сүйе білуіміз керек.
Б) Төмендегі мақалдарды мағынасы бойынша жұптастыр,сын есімді тап.
1.Жері байдың.................
2.Туған жердің............
3.Арманымен ер сұлу,орманымен-........
4.Туған жердің күні де ыстық,...........
5. Күте білсең ......................
6.Ел іші-.................................
Бағалау 6-дұрыс- «5»
5- дұрыс-«4»
3-4дұрыс-«3»
Деңгейлік тапсырма
(үлестірмелі материал түрінде таратып беру)
3 деңгей Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңдар.
Ту...ан жер таби...аты – хал...ымыздың ұлт...ық мақтан...шы. Сонд...қтан оны а...лап
қор...ауға үлес қ...су - бізд...ң азама...тық бор...шымыз.
2 деңгей.Сөйлемдегі септік және тәуелдік жалғауларын белгілеңдер.
Табиғат- адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана,бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы
және аялы бесігі,құтты қонысы мен өніп- өсер мекені.
3деңгей. «Табиғат»тақырыбына өз ойларын ортаға салыңдар.
Егер мен ақын болсам,...
Егер мен табиғатты қорғауға қатысты маман болсам,...
Егер мен суретші болсам,...
Егер мен қорықтың қызметкері болсам,...
V кезең «Синквейн».Бес жол өлең.
Синквейн құру тәртібі:
Бірінші тармақ-негізгі ойға байланысты зат есім;
Екінші тармақ-негізгі ойға байланысты сын есім;
Үшінші тармақ-негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін етістік;
Төртінші тармақ-тақырыпқа байланысты сөз тіркесі;
Бесінші тармақ-бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас сөз.
1.Ауа.
2.Таза,жарамды.
3.Жұту,демалу,тазарту.
4.Ауа-денсаулық кепілі.
5.Тыныс.
VI кезең «Таза ауамен демалайық»
а) Топтастыру стратегиясы
Ауа таза болу үшін не істеу керек ?
Сабақ бойынша бірнеше сұрақтар беру:
1. Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық ?
2. Қандай тақырыптарды қайталадық ?
3. Қандай жұмыстарды орыңдадық ?
VII. Үй тапсырмасын беру:
«Таза ауамен демалайық» тақырыбына эссе жазу
Қорытынды:
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой
деймін. Бізді қоршаған әлем өте таза болу керек. Сонда біз күліп жүреді екенбіз. Табиғат
байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап сүйе білейік. Табиғатты аялайық!
Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.
Бәрі хормен:
Түйіп айтар сөзім:
Табиғаттың панасымыз-
Біздің мына өзіміз,
Адамзаттың баласымыз.
Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға шомылған сұлу көріністі байқаймыз. Ол
суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен-көлде де, тау мен тас та кіреді.
Бұлардың бәрі сені қоршаған әлем немесе табиғат деп аталады. Осы әлемнің ішінде
барлығымыз бармыз деп аяқтаймын.
VIII. Рефлексия.
1.Бұл сабақ не туралы?
2.Мен нені білдім?
3.Маған сабақ ұнады ( неге? )
VIII. Бағалау:
бағалау парақтары мен оқушылардың белсенділіктерін ескере отырып, оларды бағалау.