Конспект занятия "Үй құстары"

Тіл дамыту
"Үй құстары"
Екібастұз қаласы
№ 23 "Балауса"
мектепке дейінгі гимназия
Білім беру саласы: Таным және шығармашылық
Бөлімі: Қоршаған орта және жапсыру
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін
тиянақтау. Таным үрдісін (Қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу ) дамыту және өз
ойын дәлелдей білуге дағдыландыру. Үй құстарына сүйіспеншілік, қамқорлық
сезімін тәрбиелеу.
Алдын -ала жұмыстар: Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту,тыйым сөздер
тақпақ жаттау .
Сөздік жұмыс: қаз-мамыр, үйрек-шүрегей,қорек,ұя.
Көрнекіліктер: жұмырытқа, үй құстарының суреттері, ақ қағаз, желім т.б.
Технологиялар: сто, алгаритим, венн диграммасы т.б.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
"Жұлдыз" атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен қонақпен
Амандасып алады
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Сәлеметсіздер ме балалар!
Ғажайып сәт:
( Ұядағы жұмыртқаны көреді).
Сұрақ-жауап:
̶ Бұл не?
̶ пішіні қандай?
̶ жұмыртқаның түсі қандай?
̶ тауық жұмыртқаны көп уақыт басып
шығарса, ішінен не шығады?
«Психологиялық жаттығу»:
Балалар ұядағы
жұмыртқаны көріп,
таң қалады,
қызығушылық
білдіреді.
̶ жұмыртқа
̶̶ соқпақша
̶ ақ
̶ балапан
жандандыру:
үйрек ̶ кряк-кряк
тауық ̶ қыт-қыт
әтеш ̶ кукареку
балапан ̶ шиқ-шиқ
Үй құстарының
пайдасы:
̶ жұмыртқа
̶ жүнінен жастық
жасаймыз
Ақ тауық-ай ақ
тауық
Ақ тауық неден
қақсауық
Ертеменен қыт-
қыттайды
Ауламыздан
шықпайды
"Шеп-шеп"десем
келмейді
Берген жемді
келмейді.
Ендеше жұмыртқаның ішіндегі
балапанға жылы лебізімізді
білдірейік.
(Балалар жұмыртқаны қолына алып
тілек айтады).
̶ жақсы балалар.Енді біздің
балапанымыз аман-есен жарыққа
шығады. Үлкен болып өседі!
Жұмбақ
"Таң атты" ̶ деп айғайламайды,
Уақытты атап айта алмайды.
Суретпен жұмыс:
̶ қандай құстарды көріп тұрсыңдар?
̶ неліктен біз оларды ұй құстары деп
атаймыз?
̶ олар қалай қоректенеді?
Үй құстарының ішіндегі қайсысы
суда жүзеді?
Қаздың балапанын қалай атаймыз?
Үйректің балапанын шүрегей деп
атаймыз ?
Үй құстарының балапандары қандай
түсті болады?
Біз үй құстары туралы қандай
тақпақ білеміз?
Мен ақ тауық, ақ тауық
Жүремін мен мақтанып
̶ Аман-есен
жарыққа шық!
̶ Үлкен болып өс!
̶ Қанатың мықты
болып, талмасын!
̶ Жолың болсын!
̶ Денің сау болсын!
( Әтеш)
̶ үй құстарын
̶ өйткені олар үй
шаруасында күтіліп
өсіріледі.
̶ біздің ата-анамыз
бидай, жем, су
береді және құрт -
құмырсқамен
қоректенеді.
̶ қаз бен үйрек
̶ мамыр
̶ шүрегей
̶ Сары немесе қара
Құс болсам да ұшпаймын
Балапанды қорғаймын
Мен қоразбын, қоразбын
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Енді оятам жар салып
Алгоритим
Ал енді балалар суретке назар
аударайық
Дидактикалық ойын:
Ұй құстары мен дала құстары
Венн диаграммасы:
̶ Балалар үй құстарынан басқа тағы
қандай құстар болады?
̶ Дала құстарына қандай қамқорлық
жасау керек?
̶ Осы құстардың ұқсастығы мен
айырмашылығын айтыңдар.
Үстел үстінде үй құстары мен дала
құстарының суреттері жатады. Соның
ішінен балалар бір-бірден келіп,
сурет алады да оның қандай құс
екенін айтып, үй құсы болса үйдің
суреті тұрған қалташаға салады, ал
дала құсы болса ағаш суреті тұрған
қалташаға салады.
Айша
Даниал
̶ үй құстары жем
құрт-
құмырысқамен
қоректенеді.
̶ жұмыртқа береді,
ет береді
̶ жүнінен күртеше
жастық жасаймыз
̶ Дала құстары
̶ ұяларын бұзуға
болмайды, дән
шашу керек.
Дала құсы туралы
тақпақ:
Торғай, торғайсын.
Жақын келіп
қонбайсын,
Жем шашайын
тойып ал
Сода сен де
тоңбайсың.
Сергіту сәті:
Қазым, қазым қаңқылда
Көлде жүзіп салқында
Жем шашайын жейсің бе
Кәмпит берші дейсің бе?
Жо-жо-жоқ
Кәмпит тәтті ас болмайды
Арпа менен бидай шаш
Дидактикалық ойын: "Анасын
тап"
Балалар бір-бірден ортаға шығып,
стрелка арқылы балапандардың
анасын көрсетеді.
Мысалы: мамыр ̶ қаз
балапан ̶ тауық
шүрегей ̶ үйрек
Құрастыру:
1 үстелде балалар үйректің суретін
құрастырады
2 үстелде балалар қаздың суретін
құрастырады.
3 үстелде балалар макетке үй
құстарын, ( дала) бір бөлек макетке,
дала құстарын бір бөлек салады.
Орындарын ауыстыру.
Балалар шеңберге тұрады.
̶ сабақта біз не туралы сөз қозғадық?
̶ Ия дұрыс. Үй құстары туралы кім
тыйым сөздер біледі.
̶ Керісінші құстарға қамқорлық
жасауымыз керек. Жем шөп беру
керек. Қазір далаға серуенге
̶ ұй құстары
туралы
̶ құстың ұясын
бұзба.
̶ құсқа тас
лақтырма
шыққанда мына нан мен жемді
жемшашарға салып құстарға береміз.
Қамқорлық жасаймыз.
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Ұяның ішінде балапандар болады.
Балапанды балаларға тарату тілек
айту:
̶ Сендер де үлкен болып өсіңдер!
̶ Дендерің сау болсын!
̶ Білімді болыңдар!
̶ Тәуелсіз еліміздің мықты азаматы
болып өсіңдер!
̶ балалар сендер де
менің кішкентай
балапанымсыңдар
ауырмаңдар үлкен
боп өсіңдер білімді
болыңдар