Тест "Бастауыш сынып мұғалімі" 3 класс


Жамбыл облысы
Шу қаласы
№40 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Нургалиева Марсиана Байсериккызы
Сабақтың тақырыбы: пәні қазақ тілі тест жұмысы
Мақсаты: 1.Оқушылардан тест жұмысын ала отырып, алған білімдерін тиянақтауға,
тексеруге, өз ойларын толық тексере білуге мүмкіндік туғызу: 2.Танымдық қабілетерін,
ақыл-ойын дамыту;
3.Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз тест жазамыз. Тестті жазуға дайынбыз ба? Ондай
болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: тесттің бір ғана
жауабы дұрыс болады, әр сұрақта бір жауап сондықтан сұрағы мен жауаптың саны сәйкес
келу керек. Тест әр оқушыға жеке беріледі
ІІІ Білімдерін тексеру:
Тест:
1. Сын есімдерді тап
а) алды
ә)көгілдір
б) балабақша
2. Туынды сын есімді белгіле
а) өнерлі
ә) көк
б)ақ
3. Төрт буынды сөзді тап
а) аударыспақ
ә) далада
б) оқушы
4. Берілген сөйлемде зат есімді тап
Балалар көшеге шықты.
а) көшеге
ә) Балалар
б) шықты
5. Қай сөз дұрыс жазылған
а) екватор
ә) экватор
б) икватор
6. Дауыссыз дыбыстан басталған
сөзді белгіле
а) іні
ә)арық
б)цирк
7. Зат есімдердің сұрақтарын тап
а) кім? Кімдер? Не? Нелер?
ә) Не істеді? Қайтты?
б) Қандай? қалай?
8. Қарсы мәндес сөздерді белгіле
а) әлемі, сұлу
ә) жуан, жіңішке
б) биік, үлкен
9. Мағыналары жуық сөздерді
белгіле
а) үлкен, кіші
ә) жасыл, көк
б) сұлу, көркем
10. Қоян сөзінде неше дыбыс бар?
а) 4
ә) 5
б) 6
ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау.
Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау
жұмыстарын жүргізу.