Классный час "Тәуелсіздік тұғырым"




Тәрбие сағатының тақырыбы : Тәуелсіздік тұғырым
Мақсаты: Тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, жас
жеткіншектерді туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, құрметтей білуге
тәрбиелеу
Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік : қанатты сөздер , шарлар, жалаушалар, буклеттер, суреттер .
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі .
Тәуелсіздіктің 23 жылдығына арналған 2-сынып оқушыларының
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер .
Мемлекеттік гимн орындалады .
Жүргізуші : -Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз .Басымыздан құт береке қашпасын деп , найзаға үкі таққан елміз.
Достықты сақтай білген елміз, дәм –тұзды ақтай білген елміз .
Осылай деп кім айтқан еді ?
Оқушы : Иә осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты
Қазыбек би болатын . Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздік алғанына 23-жыл
толып отыр 16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды .
1991 жылдың 16-шы желтоқсанында біздің елімізде «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » заң қабылданды .
Тәуелсіздік –тәңірдің бізге берген үлкен бақыты , халқымыздың мәңгілік
құндылығы ,қазақтың ежелгі арманы . Тәуелсіздік –ең алдымен қазақ
халқының бастандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының
жемісі. Қанша жыл қанша ғасыр өтседе ұмытылмайтын оқиғалар бар.
Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен
байланыстылығында. Қоғам құрсауында жетілген қайшылықтардың салдары
ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның
бірі ,дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-
жылғы Желтоқсан оқиғасы . Халқымыздың тәуелсіздігі , егемендігі жолында
өз өмірлерін қыйған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ
азаматтарының игі борышы . (бір минут үнсіздік )
Сонымен желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды , оған
кімдер қатысты , ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді ?
Иә ол күн тәуелсіздіктің туын көтерген -әйгілі 1986 жылдың 16-желтоқсаны
еді . Таңертеңгі сағат онда бар –жоғы 18 минутта 26-жыл Республиканы
үздіксіз басқарып келген Д.А Қонаев орнынан түсіріліп , оның орнына
Колбин ешкімнің пікірінсіз –ақ ұсынылған еді .
Сахналық көрініс :
Оқушылар : Естідіңдерме ? Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды ?
Қашанғы шыдаймыз ? Ең болмаса , өз ішімізден неге сайламаған ? Ел қамын
біз ойламағанда кім ойлайды ? т.б.
Ербол : /Исламбек \
Дүр сілкінді қайран да қоңыр аймақ ,
Бағы жанама ? Қалама соры қайнап ,
Ұран жазып қып-қызыл ту көтеріп ,
Бізде шықтық алаңға «Елім-айлап. »
Ләззат /Айдана \
Сүймейтұғын болдық қой , күймей ғұмыр ,
Көлеңкеміз . Күннен де тимей нұр
Колбин деген кім екен .қайдан келген ?
Уа ,сыртымыздан билейді бұл .
Сабира : /Сымбат /
Бұл дегенің қазақстанда беделдің қалмағаны .
Тілің құрып барады , білесің бе ?
Тергеуші сөзі
Сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба ? Жоқ па ?
Қайрат
Жоқ мен Савицкийді көргенім жоқ
Тергеуші
Ақымақ ! әкетіңдер , атыңдар . Көзін құртыңдар
Қайрат : Тоқтаңыз, айтарым бар .
Күнәдән таза басым бар ,
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алың дар
«Қайрат» деген атым бар.
« Еркек тоқты құрбандық »
Атам десең атыңдар!
Алима
Қуан халқым ! Қуанатын күн бүгін ,
Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін
Шарықтайық , шаттанайық , тынбайық ,
Тәуелсіздік күнін тойлайық
Нәсіпжан
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы ,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады ,
Аңсаған сан ғасырлық арман болып
Қол жеткізген шындық жырын жырлады .
Бақтияр
Атыңнан айналайын егемен ел
Тәуелсіз күнің туды , кенеле бер
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік ,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Азамат: «Қазақстан»
Маған қымбат Ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі .
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры
Сарыарқаның даласына
Күн шуағын төккен күн .
Елім менің , жерім менің
Баққа қолы жеткен күн.
Бостандығым тұңғыш рет ,
Ақ қанатын қаққан күн .
Әже әлдилеп немересін ,
Басы айналған бақтан күн.
Тәуелсіздік –Ұлы күнім ,
Тұрсын жайнап төбемде .
Сен жасай бер мәңгі бақи
Қуанышқа бөленде
Исламбек
Уа , айбынды тұғырлы елім , қазағым !!
Толғандырды бүгін мені ғажап үн
Ол бостандық тұлпарының дүбірі
Бұзып шыққан бодандықтың азабын .
Тәуелсіздік туын тікен төріне ,
Аңсап ең ғой осы сәтін ғасырдың .
Енді міне айта аларсың менмін деп .
Қазақ деген егеменді елмін деп!
Ән. Елім менің
Айдана : «Отаным- Қазақстан»
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің ,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқы жетті ,
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
Ғажайып қой көктем жаздың әні
Тыңдайсың ән жүректен сазын әлі
Шіркінай жан жетпейтін бір өзіңе
Сен неткен отан ана ғажайып едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім
Болашақ ұрпағымның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отаны қазақ елім
Айым
Тәуелсіздік достығымыз ,
Ынтымағы жарасқан
Тәуелсіздік ел бірлігі ,
Асқақ арман таласқан
Тәуесіздік ертеңіміз ,
Арайланып таңы атқан .
Тәуелсіздік ардагерім ,
Ұрпақтарман жалғасқан .
Тәуелсіздік аға жолы
Болашаққа нық басқан
Ән. Өз елім
Қарақат
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді ,
Бізге оны ешкім аяп бермеді .
Тәуелсіздік –Қайрат, Ләззат , Ерболдың ,
Тас көшеде тасталқан болдып өлгені
Тәуелсіздік ата -баба арманы ,
Қандай елмін бүгін , міне көр мені !
Алима
Желтоқсан айы естісең ,
Дауыл боп бұрқап ескенсің .
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің .
Айым
Желтоқсанның ызғар-ай !
Кірпікке қатқан мұздар-ай!
Елім –ай деп егілген
Қаһарман ұл-қыздар –ай !
Ән: «Бала тілегі» .
Жүргізуші : Тәуелсіздік ата бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам ?
Махамбеттер , Жанша , Халел ,Қайраттар
Әр кезінде сендеп ерлік жасаған
Өлер жерден кеттік біз .
Бұл заманға жеттік біз
Жасайды алаш өлмейді –деп кереметімізді мақтан етіп атап өтейік
1. Оқушы : Еліміз егемендік алғаннан бері жылдарға шолу жасайық .
2. Оқушы : 1991жыл –нарықтық эканомикаға көшкен жыл
3. Оқушы 1992 жылы қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров
ғарышқа ұшқан жыл
4. Оқушы: 1993 жылы ұлттық теңгеге көшу жылы
5. Оқушы :1994 жылы –Еуразия одағын құру туралы конференсия болды .
6. Оқушы: 1995 жылы Қ.Р конистутуциясы қабылданды
7. Оқушы: 1996 жыл Мемлекеттік жаңа гиммі елтаңбасы қабылданды
8. Оқушы: 1997 жыл жалпы ұлтық татулық саяси қуғын сүргін
құрбандарын еске алу жылы .
9. Оқушы: 1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы .
10. Оқушы : 1999 жылы Ұрпақтар бірлігімен сабақтастық жылы
11. Оқушы : 2000 жыл Мәдиниетті қолдау жылы
12. Оқушы :2003 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Қазақстан
2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды
13. Оқушы: 2011 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл
Көп жұмбақ
Мұғалім: Еліміз жеріміз туралы жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар
Келген емес жайдан-жай
Жеңдік барлық езгіні,
Тәуелсіздік алғаны-ай
Жылдың қай мезгілі? (қыс, желтоқсан)
Тәуелсіздік жолында,
Тапқан жолдың шешімін.
Президенті қазақтың,
Айтшы, қане есімін? (Нұрсұлтан Әбішұлы)
Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астындақандай құс,
Қанат қаққан бар елге? (қыран)
Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал (Қазақстан)
Исламбек: «Тәуелсіздік »
Айдана: «Қазақстан»
Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына байланысты оқушылардың өз
туындыларын оқып берулеріне рұқсат етіңіздер .
«Тәуелсіздік таңы »
Нұрлы күндей шуақты ,
Тәуелсіздік таңы аты .
Өркендей бер жайнай бер
Тәуелсіздік қуатты
Алып беріп еркіндік ,
Бізді әбден қуантты
Бәйтерекпен әлемге
Қазақ елін танытты
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Міне, балалар бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің
еліміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан
мемлекетіміз. Сендер отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі,
тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын
қорғайтын, келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Көксу ауданы, Қызылтоған
ауылы, Орталау мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Садуакасова Оразхан
Құрмашқызы