Конспект урока "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" іс-шара

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақтың мақсаты: Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға,
кішіге қамқор болуға үйрету, ата-анаға мейірімді, туған
жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, мүліктерді
сындырмауға үйрету, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жазылған кезең аттары, венн диаграммасы, түрлі
ойыншықтар, телефон.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, балалар! «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты
қызықты сабағымызды бастаймыз.
«Жақсы сөз жарым ырыс» дейді халқымыз. әр кезде оны есімізден
шығармағанымыз дұрыс болар.
1) Үйде, мектепте, көшеде «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!», «Қайырлы
күн!» деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа.
2) Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді, ұл балалар қыздарға сәлем
береді.
3) Кітапханада, емханада немесе көшеде әлдекімнен жөн сұрасаң
немесе өтініш жасасаң, ептеп басыңды иіп сөйлес бұл сәлемдесу
белгісі.
4) Саған біреулер әлдебір іске қол ұшын беріп немесе дәмді не
тәттісін ұсынып сыйлап жатса, тілегіңді орындай қалса, оларға
алғыс айтып, «рахмет» деуді ұмытпауымыз керек.
5) Концертке, театр қойылымдарына немесе киноға барып
тамашалау әрқашанда мереке. Бірақ ондай жерлерге барғанда
кейбір ережелерді сақтау керек: сырт киімді шешіп,, оған нөмір
аламыз, сосын залға барып қойылымды көргенде шуламай тыныш
отырамыз, айқайламаймыз, қойылым біткен соң қол соғып
қошемет көрсетеміз, шыққан кезде бір-бірімізді итермей асықпай
шығамыз.
Қазір мен сендерге «Жамандық неден болады?» атты ертегіні оқып беремін.
Барлығымызда назар аударып тыңдаймыз.
Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты. Бұл кісіден аң, құстар қорықпай,
адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда барлық
құстар жиылып, сол жерге түнемек болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесіп: «Осы
дүниеде жамандық не себептен болады?» - деп бір-бірінен сұрайды. Сонда қарға
айтыпты: Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған соң, не болса
соған ұрынасың, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қанша жақын
туысымыз өлді. Сондықтан аш болмаудың қамын ойлау керек.
Көгершін айтты: Менің ойлауымша, жаманшылық аштықтан емес,
сүйіспеншіліктен болады. Егерде біз жалғыз болсақ, біздің жұмысымыз аз болар еді.
Біз екеуден тұрамыз. Өзіңнің жар жолдасыңды жақсы көрген соң, саған
тыныштық жоқ. Оның тамағын тоқ, көйлегін көк етуді ойлайсың. Ол бір жаққа
ұшып кетсе, аман –есен келгенше тыныштығың кетіп, қайғы жеп боласың. Келмей
қалса, іздеймін деп өзің бір нәрсеге ұшырап өлесің. Сондықтан жаманшылықтың
бәрі осы сүйіспеншіліктен болады.
Жылан: Меніңше, жамандық ызақорлықтан болады, егерде біз тату тұрсақ
ызаланбас едік, сонда бізге бәріде жақсы көрінер еді, егерде бір нәрсең көңілдегідей
болмаса қатты ашуланасың, ашу кезінде ешкімді аямайсың, біреуді шақсам екен деп
жорғалай біресің. Ақырында біреуді шаққаннан кейін өзіңді өлтіреді. Міне,
жамандық ызақорлықтан болады.
Бұғы: Меніңше дүниедегі жамандық қорқақтықтан болады, егерде біз ешнәрседен
қорықпайтын болсақ бәрі де жақсы болар еді. Мен жүйрікпін, күшім көп, кішкентай
аңдарды мүйізіммен құлатамын, үлкен аңнан қашып құтыламын, бірақ нашарлық
қорқақтық, ағаштың бұтағы сыбдырласа, жапырағы суылдаса қорыққаныңнан есің
кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып жардан құлап өлесің, не итке жем
боласың сондықтан қорықпау керек, батыр болу керек.
Сонда баяғы тыңдап отырған кісі айтты: Сіздер бәріңде жамандықтың не
себептен болатынын дұрыс айттыңдар біз адам баласы оны жақсы білеміз, неге
десеңдер біз жамандықты да , жақсылықты да көп істейміз.Аштық, сүйіспеншілік,
ызақорлық, қорқақтық бәріде біздің тәнімізді сақтау үшін керек, бірақ біз
тәнімізбен тіршілік етпейміз, көбінесе жанымызбен тіршілік етпейміз. Егерде біз
бәрінен бұрын, тәнімізге қызмет қылмай, жан күйіне қызмет етуді тілесек, онда біз
аман болар едік.
Бұл ертегіден біз нені түсіндік?
- Жамандық неден болады екен?
- Жарайды, балалар, ендеше біздер қазір өз сайысымызды бастаймыз.
Сайыс болған соң оның жеңімпазы болады, ал сол жеңімпазды анықтау үшін біздер
әділқазылар алқасын тағайындаймыз:
А.Ө.Тажекенова – кітапхана меңгерушісі
К.Ж.Имангалиева тәрбие ісінің орынбасары
Н.Н.Камыспай - әлеуметтік педагог
- Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
І кезең «Өзін -өзі таныстыру» - деп аталады
ІІ кезең «Венн диаграммасы»
ІІІ кезең «Сіз не істер едіңіз?»
ІV кезең «Тәрбие әлеміне саяхат.»
V кезең «Кімде, қандай жақсы қасиет бар?!»
Ал, бастаймыз!
І кезең «Өзін -өзі таныстыру» - деп аталады
Әр команда өздерінің топтарының аттарымен, ұрандарымен таныстырады.
І топ «Болашақ» тобының ұрандары
Болашақ тобы алға
Биіктерге самға
Достығымыз барда
Жүреміз тек алға
ІІ топ «Балдырған» тобының ұрандары
Біз балдырған баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туған жердің төрінде
Алау болып жанамыз
ІІ кезең «Венн диаграммасы»
Диаграмманы толтыру, оқушының жақсы, жаман қасиеттерін тауып жапсыру.
ІІІ кезең «Сіз не істер едіңіз?»
Бұл кезеңде әр-түрлі жағдайлар беріледі, сіздер сол жағдайлардан қалай шығар
едіңіз?
І жағдай.
Әйкеннің апасы мен көкесі үйде жоқ болатын. Бір кезде есіктің қоңырауы
шырылдады. Әйкен есік ашты. Ар жағында Ажар апай тұр екен. Әйкен оны
танитын. Ол апасымен бірге жұмыс істейді.
- Амансың ба, қалқам? Ата-анаң қайда?- деді ол.
- Олар үйде жоқ, - деді Әйкен есіктің жақтауынан ұстаған күйі.
- Қап! Бір шаруамен келіп едім.
Ажар апай сәл бөгеліп тұрды да, бұрыла берді.
Ой қозғау: Сендер Әйкеннің орнында болсаңдар қайтер едіңдер?
Айдар бірде сыныптас Жанатты үйге шақырды. Бірақ Жанат Айдарды көп
күттірді. Кешігіп жетті. Алқын-жұлқын кіріп келді, кешіккені үшін кешірім де
сұраған жоқ. Тіпті сырт киімін шешпестен төрге бірақ шықты. Әр нәрсені қолына
алып қарайды. Туу қандай әдемі нәрсе қайдан алдыңдар? деп әр нәрсені бір қозғады.
Бір кезде Жанаттың қолы гүл салатын сауытқа тиіп кетті. Сауыттың бытшыты
шықты. Жанаттың шыны сынықтарын жинау ойынада келмеді.
Бұл кезде шай дайын болған еді. Жанат шайдыда апыл-ғұпыл ішті. Дастархандағы
кәмпиттің бәрін қалтасына салдыда тұрып кетті. Мен кеттім деп ол жүгіре
басып үйден шықты. Ой қозғау: Жанаттың қылығын қалай бағалайсыңдар?
ІV кезең «Тәрбие әлеміне саяхат.»
1) Сен қонақтасың.
Сен досыңның туған күнінде қонақтасың. Байқаусызда әдемі хрусталь ыдысты
сындырып алдың. Сен сол сәтте не істер едің?
2) Телефонмен сөйлесу мәнері.
Сені үйдегілер ренжітіп қойды. Сен көңілсіз отырсың. Сол кезде үй телефоны шыр
ете қалды. Сен қалай сөйлесер едің?
V кезең «Кімде, қандай жақсы қасиет бар?!»
Барлық оқушы өздерінің жақсы тілек жылы лебіздерін стикерге жазып, оқып ілу.
Әділқазылар жеңімпаздарды анықтағанша мен сендерге қазір бір өлеңді оқимын,
сендер соны аяқтайсыңдар.
Қорытындылау: Жеңімпаздарды анықтау.
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта біздер нені үйрендік.
Міне, балалар! Атамыз қазақ «Баланы жастан» деп бала тәрбиесіне, қылығына жас
кезінен көңіл бөлген. Ұлы ғұламалар да тәрбиелік, шыншылдық, еңбексүйгіштік бала
кезден бойға сіңетін қасиет дейді.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» деп айтқандай
келешектерің осы кезден басталатынын әрдайым есте ұстаңдар, жас ұрпақ!
- Сабаққа қатысқандарыңызға, рахмет! «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты
сабағымыз аяқталды.