Тест "Ертегілер" 5 класс


Қазақ әдебиеті 5- сынып
Тақырыбы: Ертегілер. Тест
Мақсаты:1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілер мен ертегі
кейіпкерлері жайлы алған білімдерін тексеру;
2) оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;
3)оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ
Ертегі туралы білгендері бойынша кластер сызу
ІҮ Тест орындау
Тест
1.Ертегілер неше топқа бөлінеді?
А)5 Ә)3 Б)4 В)1
2. «Ер Төстік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
А) қиялғажайып ертегі Ә) хайуанаттар жайлы ертегі
Б) шыншыл ертегі В) мінезқұлық туралы ертегі
3. - Қақпас кемпір өтірік айтады. Сенің ағаларың болған жоқ, оның сөзіне нанба!
Кімнің сөзі?
А) шешесі Ә) әкесі Б) ағасы В) апасы
4. Төстік нені қуырып отырады?
А) арпаны Ә) бидайды Б) сұлыны В) жүгеріні
5. «Аяз би» ертегісіндегі ханды табыңыз.
А) Манат Ә) Мадан Б) Мағаш В) Мағзым
6. –Хан алдында айтам, деп сөйлемей қойған кім еді?
А) уәзір Ә) хан Б) жаман В) құл
7. Құстың жаманын табыңыз.
А) қырғауыл Ә) сауысқан Б) қарға В) бүркіт
8. Зәрлі ханның неше әйелі болған?
А) 17 Ә) 18 Б) 19 В) 20
9. Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? Кімнің сөзі?
А) бала Ә) Кендебай Б) хан В) атаанна
10. Құлын неше айда алты кез ат болып шығады?
А) 3 айда Ә) 4 айда Б) 5 айда В) 6 айда
11. «Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдімталдым әрең шештім», деп өтірік өлең айтқан кім еді?
А) мақтаншақ бала Ә) Тазша бала Б) жылқышы бала В) қойшы бала
12.Саққұлақ, Желаяқ,Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?
А) «Ер Төстік»
Ә) «Аяз би»
Б) «Толағай»
В) «Алтын сақа»
13.«Аяз би » ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
А)Зәрлі хан
Ә) Ақша хан
Б) Мадан
В) Жаман
14.Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойды?
А) Анасы
Ә) Әкесі
Б) Уәли бай
В) Бес ханның елі
15.Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.
A) «Түлкі мен бөдене»
Ә) «Күн астындағы Күнікей қыз»
Б) «Қырық өтірік»
В) «Аяз би»
Г) «Толағай»
16.«Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейді жар басындағы лашыққа шақырған
қызды табыңыз.
A) Күнікей қыз.
Ә) Ай астындағы Айсұлу.
Б) Перінің қызы Бекторы.
В) Бозінген жетектеген қыз.
17.Ертегідегі ’’Шалқұйрық’’ атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде
суреттелгенін белгілеңіз.
A) Аламан мен Жоламан.
Ә) Ер Төстік.
Б) Құламерген.
В) Аяз би.
18. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын
атаңыз.
A) Шақпақ.
Ә) Садақ.
Б) Егеу.
В) Пышақ.
19.Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.
A) Шыншыл бейне.
Ә) Сиқырлы бейне.
Б) Қиялдан туған.
В) Аңыздан туған.
20.«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін табыңыз.
A) Байбөрі
Ә) Қарабай
Б) Қазанғап
В Ерназар