Конспект урока "Үш би" 2 класс

Мерзімі: 26.09.16 ж
Мұғалімі: Бакишева Ж.Т
Инклюзивті сынып: 2 « В »
Пәннің аты: міндетті және жеке топтық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Үш би.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға би, шешен сөздерін, өлеңді
мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру,
өзіндік ой - пікірін айта білуге баулу,
Тәрбиелік: Жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу;
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгіме әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, АКТ, слайд
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
II Психологиялық дайындық кезеңі:
1, 2, 3 ,4, 5
- Балалар, мен тақтаға нелерді жаздым? (сандар, цифрлар)
Дұрыс айтасыңдар, бұлар – сандар (цифрлар). Бұл цифрлардың біз үшін маңызы
не?(Бұлар - бағалар)
- Қанадай баға жақсы?
Бағалардың қасиетін білеміз бе?
«Бір»дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«Екі»дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
«Үш»дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
«Төрт»дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«Бес»дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
- Өте жақсы, балалар, олай болса, бәріміз сабаққа белсенді қатысайық.
III. Білімдерін жан - жақты тексеру кезеңі:
Топтастыру әдісі.
- Балалар, суретке қараймыз.
Гүлдің суретіне қатысты сұрақтар
қойып, топтастыру.
-Не? (гүл) зат есім
-Қандай? (ақ, әдемі) сын есім
-Нешеу? (бір) сан есім
Ережелерді айтқызу, мысалдар келтіру.
Оқулықпен жұмыс.
136 - жаттығу.
Берілген сандарды сөзбен жазу.
11, 12, 13, 14
- Балалар, бұлар қандай сандар?
- Екі таңбалы сандар қалай жазылады?
- Қалай сұрақ қоямыз?
137 - жаттығу.
Сұрақтарға жауап беру. (ауызша орындалады)
- Атың кім?
- Неше жастасың?
- Қай сыныпта оқисың?
- Балаларға қай сұрағын тағы қандай сұрақпен алмастыруға болады?
/нешінші ?/
Сергіту сәті: « Қарлығаш » музыкасына билеу.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,