Конспект урока "Қазақстан кеше, бүгін, ертең" 11 класс


Тақырыбы: «Қазақстан кеше, бүгін, ертең»
Мақсаты: а) ХҮІІ - ХХ ғасырда болып өткен тарихи оқиғаларды жүйелеу:
б) Елін, жерін сүйетін, өз елінің тарихын білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес
қосу;
Міндеті: Оқушылардың тарихи , сыни көзқарастарын қалыптастыру, өз
көзқарастарын жеткізе білу, өлкедегі оқиғалармен басты мәселелер
оқушыларға да қатысты екенін сезіндіре білу, ұлттық патриотизмге
тәрбиелеу;
Түрі: Қорытынды – қайталау сабағы
Әдісі: Ауызша журналға шолу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің сөзі: Эксклюзивті – интервью:
- Қазақстан қандай оқиғаларды басынан өткерді?
Тәуелсіздік, бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы еді.
Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған,
қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Алайда кең -
байтақ жерінде мамыражай тіршілік кешкен бейбіт елге көз алартушылар
көп болды.
Өткен жылдар өткен жоқ, санада тұр,
Талай сауыт тоздырды дала батыр, - деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай,
солардың бәріне халқымыз қарсы тұрып, тосқауыл бола білді.
Қазақ халқының басынан кешіргені орасан зор. Бүгін біз сабағымызда
халқымыздың басынан кешкен ірі оқиғаларына тоқталмақпыз. Сабағымызды
«Қазақ елі» деп аталатын ауызша журналымызды шолудан бастаймыз. Осы
аталып өткен оқиғаларды журнал беттері арқылы тағы бір естерімізге
түсірейік. Мазмұнымен танысып өтелік.
Мазмұны:
1. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес
2. «Елім деп өтті ерлерім» (1916 ж. ұлт – азаттық көтеріліс)
3. «Ұлы жұт» (1931-1933 жж.)
4. «Ұлттық намыс» (1937-1938 жж.)
5. «Ер есімі – ел есінде» (1941-1945 жж.)
6. « Ешкімде, ешнәрседе ұмытылмайды » (1986 ж. желтоқсан оқиғасы)
7. «Азаттықтың ақ таңы» (тәуелсіздік жылдары)
Мұғалімнің сөзі:
1-кезең. Еліміздің жадында мәңгі сақталатын оқиғалардың бірі
халқымыздың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Осыған
байланысты оқушыларымыз өз хабарламаларын дайындап келген екен.
Тыңдалық.
1- Оқушы: ХҮІІ ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жағдайы өте ауыр болды.
Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан – жақтан
анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды.
Жоңғарлардың атты әскері 100 мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған
қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын Еуропа тәртібімен құрып, соғыс
тәсілін Еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар
қарулы күшке айналған еді. Жоңғарлармен шайқаста бірнеше оқиғалар
болып өтті:
«Орбұлақ шайқасы» – 1643 ж
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» - 1723ж
«Қалмаққырылған» - 1727 ж
«Аңырақай» шайқасы – 1729 ж
Жоңғарлармен болған шайқастың бәріне қатысып, асқан ерлік көрсеткен,
ақылды қолбасшы ретінде Абылайды айтуымызға болады. Жоңғарлармен
күрестің нәтижесінде қазақ жерлері өзімізге қайтарылды. Ал енді
тақырыптың соңында берілген тапсырмалар бар соны орындаңыз.
Мұғалімнің сөзі: Қаншама азапқа түсіп, қуғын сүргінге ұшыраса да,
қазақтың үш жүзі бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін
патшалық Ресейдің еліміздегі шұрайлы егістік жерлерді күштеп басып
алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман
ұлдары бар екенін білеміз. Мына киелі бәйтерекке сол кездегі шайқасқа
қатысқан батырларымызды, хандарымызды орналастырайық.
«Тәуелсіздік жолындағы күрес бәйтерегі»
Мұғалімнің сөзі:
2-кезең. «Бостандық!» - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан
төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалысты жай тілмен тарих дейді.
Ендеше тарих беттеріне тағы да бір зер салайық.
2- Оқушы: Азаттық пен тәуелсіздіктің баға жетпес парқын қастерлеп, сарғая
күтіп, сол үшін қисапсыз құрбандықтарға барған қазақ халқының
үстемдікке қарсы күресі ХҮІІІ ғ. Сырым Датұлы көтерілісінен басталып,
ХІХ ғ. Исатай мен Махамбет бастаған қозғалыстар арқылы жалғасын
тауып, ол 1916 жылы ұлы дүрбелеңге ұласты.
«Венн диаграммасы»
Тақырып бойынша тапсырма: Бекболат Әшекеевтің сот отырысында айтқан
соңғы сөзі:
«Тарихи сөзтізбек»
Болған жері: Торғай
Басшылары: Орта
жүздің ықпал биі
Нияздың немересі
Ә.Жанбосынов,
Сардарбегі
Кенесары
көтерілісіне
қатынасқан Иман
батырдың немересі
А.Иманов
Көтерілісшілер
саны: 20 мыңға
дейін жетті
Шайқас болған
жерлер: Торғай
қаласы, Татыр,
Шошқалы қопа,
Доғал – үрпек, Күйік
қопа
Салдары: Патша
өкіметі аяусыз кек
алды. 3000-ға жуық
адам жазаланды.
Болған жері:
Жетісу
Басшылары: Жетісу
уезі көтерілісі
басшысы Т.Бокин,
Б.Әшекеев
Көтерілісшілер
саны: 102
болыстың барлық
ер – азаматтары
Шайқас болған
жерлер: Тоқмақ,
Жаркент уезі,
Жайымтал болысы,
Іле өңірі, Лепсі уезі
Салдары: Түркістан
өлкесінде 347 адам
атылды, 168 адам
жер аударылды.
Қазақстанда
болған 1916
жылғы көтеріліс
Мақсаты: Патша
өкіметінің
отаршылдығына
қарсы күрес
Сипаты: Ұлт
азаттық
Себебі: Ұлттық
және әлеуметтік
езгінің күшеюі
Негізгі факторы:
Патшаның қара
жұмысқа жігіт
алу жарлығы
Қозғаушы күші:
Тұтастай халық
бұқарасы
Нәтижесі:
Жеңілді
А
Д
А
С
Ң
Ы
Ғ
Т
Й
А
І
Н
А
П
Н
Ы
Д
М
С
А
Й
М
М
Ы
Ы
Е
Ш
К
І
Н
А
Р
Ы
М
Ж
А
3 кезең.
-Мұғалім: Патшаны тақтан құлатып,бірімен-бірін қырылыстырып,аяғында
жаңа қоғам орнатқан қызыл империяның зобалаңы қазақ халқына да
тиді.Болашақтан үміт күтіп,сенген халық Кеңес үкіметінің отаршылдық
құрсауына шырмалып,жазықсыз жапа шегіп,адал ұл-қыздарынан
айырылды.Егер қазақтың мал-мүлкін тәркілеп,талан-таражға салмағанда 2
млн-ға жуық бауырларымыз аштан қырылмас еді,туған жерін тастап,жер
бетіне тарыдай шашылмас еді.
Оқушы:
ХХ ғ. 20-30 жж.болған тарихи оқиғаларға көз жүгіртсек,халқымыз 3рет
сұрапыл аштықты басынан кешірген екен.
1. 1918-1919ж.-1млн 400 мың адам
2. 1921-1922ж.-2млн.300 мың адам
3. 1931-1932ж.-2,1 млн адам
Бұл қаралы жылдар тарихта «Ұлы жұт» есімімен сақталады.
Алдыңғы аштықтар табиғи болса,бұл аштық қолдан жасалған болатын.
«Көргені бар көргенін істейді, көргені жоқ ойына келгенін істейді» демекші
Голощекин 1925 ж Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы
болып тағайындалғаннан кейін, өзінің ойында жүрген саясатын жүзеге асыра
бастайды. Ол Қазақстанға келгеннен кейін, Сталиннің қатаң бағытын,
идеясын жақтайды. Голощекин «Қазақ ауылдары Қазан лебізін сезген жоқ»
деп И.Сталинге хат жазып, «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды.
Оған И.Сталин былай жауап қайтарды: «Голощекин жолдас! Мен осы
жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алынғанда бірден бір дұрыс саясат
деп ойлаймын». Осы қаулыны негізге ала отырып республикада қуғын -
сүргінді бастап жіберді. 1929 жылы басшылыққа ашық хат жазғаны үшін
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов
атылды. «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен
халықты аштыққа ұшыратты.Республиканың 6,2 млн. тұрғынының аштықтан
2,1 млн. адамы қайтыс болды.Ал Голощекин 1933жылы Қазақстаннан кетіп
бара жатып, халыққа істеген қылмысын мойындамады. Алайда халық
қарғысы жібермеді, 1941 жылы қарашада Л.Берияның бұйрығымен атылды.
Мұғалім: Қанды қылыш 1937 жыл келді. 1937-1938ж. Сталинизм
репресиясын ойласақ жаның түршігеді,халықтың қамын ойлаған зиялы
азаматтарымыз бір түнде репрессия құрбандарына айналғандар қаншама?
Оқушы: Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру
қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге
асырылды .Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты
туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар
қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын
жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция
өкілдерін халық жауларыретінде қуғындауды күшейтті. Халық жаулары
жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды. Жазалау толқыны
Қазақстанды да жайпап өтті. Сталиндік қанды қырғынға 70 мыңға жуық
қазақ қайраткерлері ілініп, 25мыңы атылды. Жазықсыз жазаланған кеңес
үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі Асылбеков, Әйтиев,
Меңдешов, Н.Төреқұлов, Т.Рысқұлов, С,Сәдуақасов т.б. сталиндік
жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақстанда Карлаг, Степлаг, АлЖир,
ЧСИР сияқты лагерлер пайда болды. Онда жазаланған адамдардың
отбасылары, әйелдері азап шекті.
Мұғалім: Иә, залым Голощекин мен мұртты көсем Сталиннің көздеген
мақсаттары бір болды, ол қазақ халықының санын жою еді. Кестемен жұмыс
жасаймыз.
Тапсырма. Кестеден мағынасы мен мазмұны бөлек төртінші сөзді алып таста.
Жазалау шаралары
Ату жазасы
Еңбекпен түзеу
лагерлерге қамту
Жер аудару
Мемлекеттік
қызметке алу
Жазалау шараларының құрбандары
А.Байтұрсынов
Қ.Жұбанов
С.Асфендияров
Н.Ежов
Лагерлер жүйесі
Карлаг
ЧСИР
Алжир
ЧАД
Асоциация құру.
Мұғалім:
Сталиндік репрессия мен голощекиндік геноцид құрбандықтарына ұшыраған
халқымыздың ұл-қыздары Отан соғысы жылдары неміс-фашист
басқыншыларына қарсы Ресеймен бірге соғысуға мәжбүр болды.
Олар:Б.Момышұлы,Т.Бигельдинов,М.Мәжетова,Ә.Молдағұлова, т.б сынды
азаматтарымыз жан аямай шайқасты.
5-кезең.
Мұғалім: «Елім бар жұрт едім ғой, елім қайда, төрім бар жұрт едім ғой,
төрім қайда» дейтін қаһарлы ұранмен желтоқсанның үскірігіне қарамай, ұл
қыздарымыз жойқын батылдығымен дүниежүзін дүр сілкіндірді. 1986 жылы
16 17 желтоқсанда КОКП Орталық комитетінің нұсқауымен Қазақстан КП
Орталық комитетінің пленумы болып өтеді.Күн тәртібінде бір ғана
ұйымдастыру мәселесі тұрады. Д.Қонаевтың орнына орталық өкімінің
ұсынысы бойынша Г.Колбинді сайлау ұсынылады.Бұл жиналыс небары 18
минутқа созылады.Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер
қоғамдық – әлеуметтік және мәдени салаларды қамтып, өрескел кемшіліктер
ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын
келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді.
Бейне көрініс
Мұғалім:
Жалпы біз:
- Ұлтжандыларымызбен күресіп - ұлтсыз қала жаздаған;
- Дінімізбен күресіп - дінсіз қала жаздаған;
- Тектілерімізбен күресіп – тексіз;
Голощекин
Сталин
- Білімділерімізбен күресіп – біліксіз;
- Көсемдерімізбен күресіп – көсемсіз қалған;
- Аруақпен алысып рухсыз;
- Тілімізбен күресіп тілсіз;
- Жермен күресіп – жерсіз;
- Сумен күресіп – сусыз;
- Өнермен күресіп – өресіз;
- Салтпен күресіп – санатсыз қала жаздадық;
«Шалажан», «шашыранды рух» елге айнала жаздадық. Бірақ «Қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған күнде туды». Қазақ халқының ғасырлар бойғы
аңсаған армандары қалпына келді. Қазақ халқының тәуелсіздігін аңсаған
Тәуке, Қасым,Абылай хандарымыздың, содан кейінгі Сырым, Кенесары,
Исатай, Махамбет, Сәкен, Ілияс, Сейітқали, Тұрар сияқты зиялы
азаматтарының армандары орындалды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне
көтерілді. Қазақ халқы бұрын - соңды болып көрмеген құқықтық қоғам
құруға кірісті.Осындай ҚР ның жеткен жетістіктері, ел президенті
Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігі, білімділігі деп түсінеміз. Енді қазақ елі
туралы бір екі өлең шумақтарын кім айтады?
(оқушы өлеңдері)
Жүрегіме ұяласын жолбарыс,
Жолбарысша тал бойында бар намыс.
Әрбір қазақ, сенің туыс егізің,
Түркі Тұран сенің асыл негізің.
Сен өйткені қазақсың ғой бауырым!
Ер жүрек ел, езді көрсе жерінер,
Бабаң батыр, анаң ақыл, тегің ер
Сен өйткені қазақсың ғой бауырым!
Елің үшін сен дұшпанға табынба,
Сатқындық жоқ, сенің ата қаныңда.
Жарты малта жанға қуат түн қатқан,
Ер алашқа атамекен қымбат тым.
Сен өйткені қазақсың ғой бауырым!
Отан ана! Отан ана – деп өсірді арысын,
Сол арысы қорғайды ел намысын.
Қасарысса қанына қан басқаның
Құшақ ашса достық мәңгі дастаным
Сен өйткені қазақсың ғой бауырым!
Сен қазақсың, сен қазақсың, қазақсың!
Сабырлысың, саналысың, азатсың!
Күндеушінің көздерінен қан ақсын
Сен қазақсың, өйткені сен қазақсың!
Мұғалім: Рахмет. Болашақ жастардың қолында. Сондықтан біз сіздерге
сенеміз. «Қазақстан ертең» тақырыбында біздің оқушыларымыз өз
суреттерінде болашақ Қазақстанды бейнелеген екен. Сонымен танысып
өтелік.
Қорытынды
Ән: «Қазақстан»
Слайд шоу.