Конспект урока "Қазақстан территориясындағы қола дәуірі" 5 класс


Қызылорда облысы. Арал ауданы №69 орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Мереева Жаңылған Мәлікқызы
Күні:
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың
тақырыбы:
§ 5 . Қазақстан территориясындағы қола дәуірі.
Сілтеме
Жоспар
Жалпы
мақсаты
- Қола дәуірінің ерекшелігі, қоныстары, Андрон мәдениеті мен
ескерткіштері туралы мағлұматтар беру;
- Қазақстаннан табылған қола дәуіріне жататын ескерткіштердің
маңыздылығын білуге үйрету;
- Топта бірлесіп жұмыстар жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже
- Қола дәуірінің ерекшелігі, қоныстары, Андрон мәдениеті мен
ескерткіштері туралы мағлұматтар беру;
- Қазақстаннан табылған қола дәуіріне жататын ескерткіштердің
маңыздылығын біле алады;
- Топта бірлесіп жұмыстар жасауға машықтанады.
Негізгі
идеялар
Қола дәуірі. Қола дәуірі ерекшеліктері. Андрон мәдениеті. Қола дәуірінің
ескерткіштері.
Тапсырмалар
Жеке жұмыс.
Топтық жұмыс.
Жұптық жұмыс.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
Сәлемдесу, Сыныпта жағымды ахуал тудыру. Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Тарихи-дөңгелек» ойыны
1. Палеолит (ежелгі тас ғасыры) қамтитын кезеңі – б.з.б. 2,6 млн – 12 мыңжылдық
2. Мезолит (орта тас ғасыры) қамтитын кезеңі - б.з.б. 12 – 5 мыңжылдық
3. Неолит (жаңа тас ғасыры) қамтитын кезеңі -б.з.б. 5 – 3 мыңжылдық
«Футбол» ойыны:
1. Қатты тастан жасалған кескіш құрал ғылымда қалай аталады? (Чоппер)
2. Үшкір қырғыш тастар қандай қоныстарда көптеп кездеседі? (Қызылрысбек,
Арыстанды)
3. Аң аулағанда пайдаланған жіпке байланған домалақ тас не деп аталды? (болос)
4. Жер беті күрт суып, мұз басқан уақыт? (б.з.б. 100-80 мың жылдай бұрын)
5. Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын қару? (бумеранг)
6. Адамдар өміріне мыс құралдар енген кезең қалай аталады? (энеолит)
7. Ботай қонысынан жылқының қанша сүйегі табылған? (70 000-дай)
ІІІ. Қызығушылығын ояту. 3 минут «Қызыққа толы сандықша»
1. Спорттық ойындарда үшінші орын иелеріне қандай медальдар беріледі? (қола)
2. Қола медальдарды қандай заттардан жасайды? (қола)
3. Қоладан қандай заттар жасауға болады? (еңбек құралдарын, қару-жарақтарды,
ыдыс-аяқтарды)
Жаңа сабақ. § 5 . Қола дәуірі.
Мағынаны тану. ЖИГСО-1 әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлу арқылы
оқулықтағы мәтінді оқуға тапсырма беру.
І-топ – Қола дәуірі. Қола дәуірінің ерекшеліктері
ІІ-топ – Андрон мәдениеті
ІІІ-топ – Қола дәуірінің ескерткіштері
Берілген тапсырманы топ мүшелері оқып болған соң өз топтарында
талқылайды, сонан соң топ басшылары келесі топтарға барып баяндайды да
қайтадан өз топтарына оралады. Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
Сергіту сәті. Бұл кім?
1. Мыс пен қалайыны қорытып жасалған жаңа металл не деп аталады? (қола)
2. Қола дәуірі қай кезеңді қамтиды? (б.з.б. 2-1 мыңжылдықты)
3. Қола дәуірі неше тарихи кезеңдерге бөлінеді? (3 Нұра, Атасу, Беғазы-
Дәндібай)
4. Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштері ең көп шоғырланған жер (Орталық
Қазақстан)
5. Мал шаруашылығымен айналысқан қола дәуірінің тайпалары малдың қандай
түрлерін өсірген? (қой, жылқы, сиыр)
Сабақты бекіту: «Білімді адамға сыйлық бар»
1. Қола қандай металдың қоспасынан дайындалады?(мыс пен қалайы)
2. Қола дәуірі неше тарихи кезеңдерге бөлінеді? (3)
3. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар? (арий, тур)
4. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысындағы үйлер неден тұрғызылды?
(балшықтан, қамыстан)
5. Қабірден табылған ыдыс, әшекей заттар көбінесе қандай стилде жасалған?
(геометриалық ою-өрнек стилінде)
Қорытындылау:
Қола дәуірі
Қола дәуірі қай
мыңжылдықты
қамтиды?
Қола дәуірінің
кезеңдері
Шаруашылық жетістіктері
Бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. 10 сұрақтан тұратын тест
Кері байланыс жасау.