Конспект урока "Электронды кестедегі диаграмма. Диаграмма түрлері"

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестедегі диаграмма. Диаграмма түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - Оқушыларға графикалық мүмкіндіктер туралы түсінік
беріп, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммаларды тұрғызуды және
әртүрлі типті диаграммалар құру біліктілігін қалыптастыру.
ә) дамытушылық – оқушылардың MS Eksel бағдарламасы
мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын
қалыптастыру, шығармашылық қаблеттерін жетілдіру және олардың
компьютерлік сауаттылығын дамыту. Ойлау қызметінің салыстыру, талдау
тәсілдерін жетілдіру.
б) тәрбиелік - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа,
азаматтық пен жауапкершілікке, құрал-жабдықтарды ұқыпты
ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәріс, практикалық жұмыс.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме, тест тапсырмалары, тапсырмалар, слайдтар.
Пән аралық байланыс: экономика, сызу, ағылшын, физика.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер құрылғылары, интерактивті тақта, үлестірме қағаздары.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасы:
Тест тапсырмалары
Семантикалық карта
«Құпия сөздің сырын ашайық»
III. Жаңа сабақ
Диаграммамен жұмыс жолдарын түсіндіру.
ІV. Бекіту
Практикалық тапсырмалар беру.
VІ. Қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу.
Түрлі түсті қалпақтар.
VII. Үйге тапсырма.
VIII. Бағалау.
Үй тапсырмасы:
Семантикалық карта. (№2 үлестірме қағазы)
Жолдар
Бағандар
Ұяшық
Аудан
Формула ұяшыққа қалай
енгізіледі
=
+
Латын
әріптерімен
+
Араб
цифрларымен
+
В13:С19
+
Жол мен
бағанның
қиылысуы
+