"Үйкеліс күші" скачать бесплатно


"Үйкеліс күші"


Сабақ жоспары
САБАҚ:7.2В Денелердің өзара
әрекеттесуі.
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін
техникада ескеру.
Мектеп: ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43
мектеп-лицейі» КММ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Иляшова Назгуль
Токтарбековна
СЫНЫП: 7 б
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
Сабақ негізделген оқу
мақсаты
7.2.2.6 тыныштық,домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
7.2.2.7 үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әсерлеріне
мысалдар келтіру;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Үйкеліс күші анықтамасын, формуласын, үйкеліс түрлерін біледі
және оларға мысалдар айтады
Оқушылардың басым бөлігі:
Үйкелістің пайда болу себептерін түсінеді және формуланы
түрлендіріп қолдана алады
Кейбір оқушылар:
Үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әсерлерін өмірмен
байланыстырып нақты талқылайды
Бағалау критерийі:
1. Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін
ажыратады
2. Үйкеліс күшінің түрлерін сипаттайды және салыстырады
3. Өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Табиғаттағы және техникадағы үйкелістің пайдасы мен
зиянын түсіндіре алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
тыныштық, домалау, сырғанау үйкелістері, үйкеліс күші,
сырғанау үйкеліс коэффициенті, реакция күші
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
Талқылауға арналған тақырыптар:
Төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан
доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Себебі неде?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Үйкелісті арттырудың немесе кемітудің қандай пайдасы бар
Жазу үшін ойға салу:
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде кезде пайда
болатын күшті үйкеліс күші деп атайды.
F
үйк
үйкеліс күші.
Үйкеліс түрлері:
1. Тыныштық үйкелісі
2. Сырғанау үйкелісі
3. Домалау үйкелісі
Үйкелістің пайда болу себептері:
Жанасатын беттердің кедір бұдыр болуы
Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы
Үйкеліс:
Жанасатын беттің қандай материалдан
жасалғандығына
Олардың өңделу сапасына
Дененің өзі жанасып тұрған бетке түсіретін қысым
күшіне тәуелді:
N- нормаль қысым күші, N=mg
F
үйк= μN
μ - үйкеліс коэффициенті
Жанасатын беттердің ауданына тәуелді емес
Құндылықтарға
баулу
3.Зайырлы қоғам және руханият. Денсаулық, достық және
айналадағыларға қамқорлық көрсету (Қосымша )
Пәнаралық байланыс
Математика, география
Алдыңғы оқу
Тіректің реакция күші, ауырлық күші
Жоспар
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Ұйымдастыру Сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу. Психологиялық ахуал орнату,
топқа бөлу: «Домала, сырғана,тыныштал»
Мақсаты: Домала командсында оқушылар
араласады, сырғана командасында
оқушылар екі екіден бірігеді, тыныштал
командасында оқушылар төрт адамнан
бірігіп топ құрады да топтасып орындарына
отырады.
Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма 1.«Сөзжұмбақ» ( Қосымша №1)
Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар
бойынша білімдерін бекіту, шапшаңдыққа,
мұқияттылыққа дағдыландыру және жаңа
тақырыппен таныстыру.
Сұрақтары:
1. Денелердің өзара әрекеттесуін
сипаттайтын физикалық шама
(күш)
2. Жердің табиғи серігі (Ай)
3. Дененің салмағы қандай шама?
(векторлық)
4. Күшті өлшеуге арналған құрал
(динамометр)
5. Заттың химиялық қасиеттерін
Домалау», «Сырғанау»,
«Тыныштық»
топ аттары жазылған
қағаздар
Интербелсенді тақта,
слайд
бойына сақтаған оның ең кіші
бөлігі (молекула)
6. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін
дененің бастапқы пішіні мен
өлшемі қайтадан қалпына келетін
деформация түрі (серпімді)
7. Денелердің инерттілігінің өлшемі
(масса)
8. Серпімділік күшін ашқан ғалым
(Гук)
9. Грекше «гелиос» қандай мағынаны
береді? (күн)
10. «Атомос» - сөзі қай тілден
алынған? (грекше)
11. Тарихта Аристотель қаншаншы
ұстаз атанды? (бірінші)
Бағалау: Сөзжұмбақтың шешімін
анықтауға белсенді қатысқан топқа
жалаушалар беріледі.
Жалаушалар:
Үздік топ жасыл жалауша,
екпінді топ сары жалауша,
орташа топ қызыл
жалауша.
Тапсырма 2. «Миға шабуыл» әдісі.
Бүкіл сыныппен және топтық жұмыс
Демонстрация көрсету.
Мақсаты: оқушылардың зейінін
шоғырландыру, сыни тұрғыдан ойлау
дағдысын, қызығушылығын арттыру.
Сұрақ: білеушені үстелге қоятын болсақ не
себепті ол тыныштықта болады, ал егер
шарды қойсақ, ол домалай жөнеледі?
Демонстрация
Білеушелер,
диномеметр,шар