Конспект урока "Драма"

Тақырыбы : Дұрыс сөйлеу мәнері .
Білім беру саласы : шығармашылық
Бөлімі : Драма
Мақсаты : Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Кеңістікте бағдарлау
(ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу. Өз
әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала
сезу. Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби
шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
Көрнекілік : актерлардың суреті ,жаттығуға арналған суреттер.
Билингвальды компонент : сөз – слово – word тіл – речь – speech дауыс –
голос – voice дауыс ырғағы – интонация – intonation
Оқу іс –әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
–қозғаушы
Педагог балаларды шаттық
шеңберіне шақырып, амандасу
рәсімін өткізеді. Біздің топта ұл-
қыздар Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға Тек
жақсылық ойлаймыз. «Дыбыстар
әлеміне саяхат» Қуаныш
фонограммаға қоршаған ортадағы
көптеген әртүрлі дыбыстарды
жазып алып келгенін айтады:
адамдардың, жануарлардың,
музыка аспаптарының, табиғат
құбылыстарының, көліктің т.б.
Балалар көздерін жұмып,
үнтаспадан түрлі дыбыстарды
тыңдап, алған әсерлерімен
бөліседі. Проблемалық жағдаят:
Айсұлу кейбір балалардың
сөздерді неге дұрыс айтпайтынын
сұрайды.
Үнтаспа, табиғаттағы
түрлі дыбыстар
Ұйымдастыру
–іздестіру
Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-
тапсырма. Артикуляциялық
жаттығуларды айнаға қарап
жасайды. Сөздерді дұрыс айту
үшін артикуляциялық
Жаттығуды жасайды .
жаттығуларды үнемі қайталап
отыру керектігін айтып
түсіндіреді. Артикуляциялық
жаттығу жасау. «Күрекше» –
жалпақ тілді шығарып, астыңғы
ерінге ұстап тұру керек. «Инеше»
ауызды кең ашып, тілді алға
қарай сүйірлей шығарып, 10 – 15
секунд ұстап тұру керек.
«Төбешік» – аузыңды жартылай
ашып, тілдің екі жақ шетін
жоғары азу тістерге жапсырып,
тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп
ұстау. «Түтікше» – жалпақ тілді
ауыз қуысына шығарып, тілдің
бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге
үрлеу. Жаттығуды жайлап
жасау керек. Жаттығу жасап
болған соң терең тыныс алып,
демді қалыпқа келтіру Әліппе-
дәптермен жұмыс. 2-тапсырма.
Тіл ұстарту жаттығуларын
қайталайды. Ыр-ыр-ыр – жаттап
алдым жыр. Ыр-ыр-ыр –
айтылмайды сыр. Ай-ай-ай –
болсын көңіл жай.
Жаңылтпаш Асқат пен Мақсат
Жамап-жасқап,
Әліппе-дәптер Айна
Әліппе-дәптер
Жасапты он шақты аспап. Соның
ішіндегі Ақ сапты аспабы Жап-
жақсы аспап. «Тәтті сөздер»
ойыны Сөздер қайда кездеседі: –
адамдар бір-бірімен сөйлескенде,
ертегіде, – өлеңде, – әңгімеде,
т.б. Педагог: Олай болса, бір-
бірімізге «тәтті сөздер»
сыйлайықшы. Тәтті сөздерге
қандай сөздер жатады деп
ойлайсыңдар? – Кәмпит,
балмұздақ, бал, т.б. – Ал сөйлем
дегеніміз не? – Сөйлем сөздерден
құралады. – Кәне, осы тәтті
сөздерді пайдаланып сөйлем
Әліппе дәптермен
жұмыс жасайды .
құрастырып көрейік. Мен
кәмпит жедім. – Мен балмұздақты
жақсы көремін. Балды аралар
жинайды, т.б. Әліппе-дәптермен
жұмыс. 3-тапсырма.
Суреттегілердің атын ата.
Олардың дыбысын келтір.
Мысалы: маса, ара, жылан, ұшақ,
тамшы, краннан аққан су. Әліппе-
дәптермен жұмыс. 4-тапсырма.
Біліп жүр. Пантомима (pantmimos)
оқиғаны сөзді қолданбай, ым-
ишараның немесе дене
қимылдарының көмегімен беретін
сахналық қойылым. Суретпен
жұмыс. Сахнада актёр қандай
өнер түрін көрсетіп тұр? ойын:
«Ыммен көрсет». Сәлем, бері кел,
тыныш, үндеме, күшті, жоқ, иә,
сау бол, т.б. ойын-жаттығу:
«Түзет». Педагог ортада тұрады.
Шеңберде тұрған балаларға допты
кезек- пен лақтырып, бір сөзді
бұзып айтады, бала сөзді түзетіп
айтып, допты қайта педагогке
лақтыру керек. (Мітап – кітап,
шөмке – сөмке, саушақ – саусақ).
(ПК) Үш тілде сөздерді қайталату:
сөз – слово – word тіл – речь –
speech дауыс – голос – voice дауыс
ырғағы – интонация – intonation
Рефлексифті -
түзетушілік
Сабаққа белсене қатысқан
оқушыларды мақтап,мадақтау
Сұрақтарға жауап
береді
Күтілетін нәтиже :
Нені білу керек : кеңістікте бағдарлау, түрлі қарқында қозғалу дағдылары
қалыптасады; ым-ишара қимылдарын орынды жасай біледі.
Нені игереді : интонацияларды ажыратады және оларды айтады; дауыс
ырғақтарын ажырата біледі.
Нені біледі : өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет
ететінін алдын ала сезе біледі.
Тақырыбы : Мектепте не үйренемін? .
Білім беру саласы : шығармашылық
Бөлімі : Драма
Мақсаты : Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.
Эмоциялық күйді анықтау және беру. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның
қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу Ым-ишара, дауыс
ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің
бейнесін жасау.
Көрнекілік : актерлардың суреті ,жаттығуға арналған суреттер.
Билингвальды компонент : мектеп – школа – school дәптер – тетрадь – notebook кітап –
книга – book
Оқу іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
Педагог қоңырау соғып,
балаларды шаттық шеңберіне
жинайды. Қоңырау біздің
сиқырлы, Сыңғырлап ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
«Шеңберге тұр!» – деп
баршаңды. Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз. Қайырлы
күн, балалар! – Қайырлы күн,
апай!
Балалар мектепке не үшін
барады? Мектеп сендерге ұнай
ма? Мектептен не үйрендіңдер?
Мектеп бізге керек пе?
Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Сәлемдесіп ,жаттығуды жасайды.
Ұйымдастыру
–ізденушілік
Педагог «Тіл дамыту және
көркем әдебиет» бойынша оқу іс-
әрекетінен өткен А.
Хамзаұлының «оқу құралдары
хи- каясы» ертегісін естеріне
түсіреді (Қосымшадан қараңыз).
Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-
тапсырма. «Оқу құралдары
хикаясы» ертегісінің
кейіпкерлерін ата. Айсұлу
тәрбиеленушілерге дайындап
алып келген кар- точкаларын
Сұрақтарға жауап береді .
таратады немесе таңдау
жасатады. Балалар сол
карточкаларға байланысты өз
рөлдерін алады. Жарты топ
ойнаушы, жарты топ ешқандай
сурет бейнелен- беген
карточкалары бар көрермендер.
Тәрбиеленушілер ертегі желісі
бойынша рөлдерге бөлініп,
сахналайды. Бірінші топ
балалары екінші топ
балаларымен ауысып ойнайды.
2-тапсырма. «Бірлік болмай,
тірлік болмас». Мақалдың
мазмұнын талдай отырып ертегі
мазмұнымен байланыстыру.
3-тапсырма. Дыбысты дұрыс
айту жаттығулары: Ме-ме-ме –
мектеп. Дә-дә-дә – дәптер. Кі-кі-
кі – кітап. Бі-бі-бі – білім.
Көптілділік: мектеп – школа –
school дәптер – тетрадь –
notebook кітап – книга – book 4-
тапсырма. Қасында отырған
жұбымен оқу құралдары
арасындағы диалогті
құрастыруға тапсырма беріледі.
1. Өшіргіш пен Дәптер. 2.
Өшіргіш пен Қаламсауыт. 3.
Кітап пен Дәптер. ойын-
жаттығу: «Менің көңіл күйім»
Педагог тәрбиеленушілерге: -
көңілсіз, жабырқаған, ойланған,
ашулы; - көңілді, күлкілі,
қайырымды т.б. кейіпке еніп,
адамдардың бейнесін келтіруді
ұсынады. Көңіл күйді күлкімен
көтеруге болатынын түсіндіреді.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
«Есіңде сақта» айдары. Нақты
және дұрыс сөйлеу дегеніміз –
барлық дыбыстарды, сөздерді,
сөйлемдерді қатесіз айту. Бұл
талаптарды сақтау не үшін
қажеттігі талданады. Сөздік
ойын: «Дарындылар мектебі».
Тәрбиеленушілер дауыс ырғағын
келтіріп, әртүрлі екпінде сөзді
айтады, қалған балалар дыбыс
ырғағы арқылы қандай көңіл
күйде айтылғанын табады.
Ертегіні тыңдайды .
Сергіту сәтін жасайды .
Дауыс ырғағына байланысты
жаттығуларды жасайды .
Рефлексифті –
Сабаққа белсене қатысқан
Сұрақтарға жауап береді
қозғаушы
балаларды мақтап,мадақтау
Күтілетін нәтиже :
Нені біледі: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін іске
асыру дағдылары қалыптасады; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту
дағдылары қалыптасады.
Нені игереді : сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысу арқылы диологпен сөйлеу қабілеттері
артады; дыбыстарды түрлі екпінде анық және
Нені істей білу керек: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет
ететінін алдын ала сезу дағдылары қалыптасады; ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын
атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін
жасайды.
Тақырыбы : Бәрін білгім келеді .
Білім беру саласы : шығармашылық
Бөлімі : Драма
Мақсаты : Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Өз әрекетін серігінің
әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Өз ойын құрдастарының
ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.
Көрнекілік : актерлардың суреті ,жаттығуға арналған суреттер.
Билингвальды компонент : көңіл күй – настроение – mood сезім – чувство – feeling
Оқу іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушы
Педагог балаларды шаттық
шеңберіне шақырып,
амандасу рәсімін өткізеді.
Біз ерекше баламыз, Біз
әдепті боламыз. Досымызды
көргенде, Қуанып қарсы
аламыз. Тәрбиеленушілерге
көздерін жұмып отыруын
сұрайды. Тәрбиеленушілер
көздерін жұмады. –
Ыңғайланып отырып,
өзімізді еркін сезінейік, өз
бойыңдағы жылуыңды,
махаббатыңды достарыңа
тарат. Осылайша сендер
достарыңа жылылық, ізгілік,
қуаныш тілеңдер. Тілеген
тілектерің өздеріңе
достарың арқылы жақсылық
болып қайта оралады. Терең
тыныс алып, көзімізді
ашайық. Балалар бір-бірімен
құшақтасып, жағымды көңіл
күйлерімен бөліседі. Осы
жақсы қасиеттерді
бойымызға дарыта отырып,
«Мектеп бізге не үйретеді?»
сұрағына жауап іздеп
көрейік. Балалардың
жауаптары тыңдалады.
Ұйымдастыру –іздестіру
(Ұ) Айсұлу мен Қуаныш
балаларға «Мақтаншақ
қоян» ертегісін оқып береді
(Қосымшадан қараңыз).
Айсұлу дауыс ырғағын
келтіре отырып мәнерлеп
оқып шығады, ал Қуаныш
жай ғана оқып шығады.
(ПК) зерттеу: Педагог
кімнің оқыған әңгімесі
ұнағанын сұрайды.
Неліктен? Тәрбиеленушілер
екпін қою, дауыс
ырғағының не үшін керек
екенін айтады.
Тәрбиеленушілер екпін
қойып, дауыс ырғағын
келтіріп оқу тыңдағанға
жақсы, қызықты екенін
анықтайды. Айсұлу
балаларға әңгімені мәнеріне
келтіріп айту тыңдаушының
оның мазмұнын тез
түсінуіне көмектесетінін
айтады. (Ө) Әліппе-
дәптермен жұмыс. 1-
тапсырма. Артикуляциялық
жаттығуларды айнаға қарап
жаса. (ПК) Сөздерді дұрыс
айту үшін артикуляциялық
жаттығулар мен тыныс алу
жаттығуларын үнемі
қайталау керектігін педагог
ескеріп отыруы керек. (Ұ, Ө)
Артикуляциялық
жаттығулар: «Сағат» – тілді
жіңішкертіп оңға, солға
жайлап қозғау. Осылай
санап отырып 15–20 рет
қайталау. «Саңырауқұлақ» –
ауызды кең ашып, тілді
таңдайға жапсыра ұстап
тұрып, төменгі жақты
басып, ауызды кең ашу.
«Алтыбақан» жіңішке
тілді ауыздан шығарып
біресе мұрынға, біресе иекке
созу, жаттығуды жасағанда
ауыз ашық болу керек.
Осылай 10–15 рет қайталау.
Тыныс алу жаттығулары.
(Ұ) ойын: «Сөздерді
дауыстап және ақырын айт».
Мақсаты: Дауыс аппаратын
және сөйлеу тілін, есту
қабілетін дамыту; сөздерді
жылдамдығына, дауыс
жоғарылығына қарай естіп
ажыратуға үйрету; әрі
жылдамдықпен, әрі дауыс
жоғарылығымен айтып
жаттықтыру. Ойынның
барысы: Балалар
жаңылтпашты жаттайды
(жаттықтырған дыбысына
бай- ланысты). Мысалы: с –
з дыбыстарын салыстыру
кезінде. (Ө) Әліппе-
дәптермен жұмыс. 2-
тапсырма. Жаңылтпашты
әртүрлі екпінде қайталайды.
Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын
үзді. Жаңылтпашты ең
алдымен сыбырлап, сосын
ақырын дауыспен, сосын
қатты дауыспен айтуын
ұсынады. Көптілділік: көңіл
күй – настроение – mood
сезім – чувство feeling 3-
тапсырма. Есте сақта! Адам
өзінің көңіл күйін екпінмен
сөйлеу арқылы білдіреді. (Ұ,
Ө) Сөздік ойын: «Сиқырлы
сөздер». Сөйлемді әртүрлі
екпінде қайталайды. Бір
тәрбиеленуші ортаға
шығады, қалған
тәрбиеленушілер бір- бірден
әртүрлі екпінмен, әртүрлі
көңіл күймен «Сәлеметсің
бе, досым!» деп айтады.
Ортаға шыққан
тәрбиеленуші сол балаға
өзінің айтқан екпінінде
«Сәлеметсің бе, досым!»
деп жауап беруі керек. (ПК)
Осы сөйлемде қай сөзді
дауысты көтеріп, қай сөзде
ақырын айтылды? – Қай
сөзді созып, қай сөз
созылмай айтылды? –
Сөздерді бір-бірінен қалай
ажыратамыз? (Сөз арасында
үзіліс жа- сап). Қорытынды.
Біз тек қана қатты немесе
жай сөйлемейміз. Біз
сөздерді әртүрлі қарқында
айтамыз, оны екпін немесе
дауыс ырғағы дейміз. (Ұ)
Балалар, Айсұлу сендерге
қызықты бір ойын алып
келіпті. Сол ойынды
сендермен бөліскісі келіп
тұр.
Әліппе-дәптер
Айна
Әліппе-дәптер
ойын: «Банан». Ойынның
барысы: балалар шеңберге
тұрады. Өлең сөздерін
қимылмен көрсетіп, әндете
орындайды. Банан аламыз
(қолды жоғары созып, ағаш
басынан банан алғандай
қимыл жасау), Банан, банан
аламыз. Әкелеміз, әкелеміз
банан (алға қарай жүру).
Тазалаймыз, тазалаймыз
банан (қимылмен көрсету).
Тазалаймыз оң жағын (оң
жағын аршу). Тазалаймыз
сол жағын (сол жағын
аршу). Ап, жейміз (екі
қолмен ауызды жауып қалу).
Осы өлеңді аюдың
даусымен, тышқанның
даусымен, лақтың даусымен
әртүрлі екпінде айтқызу.
IV. Сабақ қорытындысы.
Рефлексия. 28-30 минут
(Қ) Айсұлу балаларға сабақ
барысындағы өздерінің жұм
Рефлексифті –қозғаушы
Сабаққа белсене қатысқан
оқушыларды мақтап
,мадақтау
Күтілетін нәтиже :
Нені біледі: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру дағдылары
қалыптасады.
Нені игереді : дауыс ырғағын ажыратып, айта біледі.
Нені істей білу керек: өз ойын құрдастарының ортасында білдіреді;
басқалардың пікірін тыңдай білу дағдылары қалыптасады.