Конспект урока "Үш аю"

«Үш аю» ертегісінің желісі бойынша
өткізілген ашық оқу іс-әрекеті
Білімділік саласы: Қатынас Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш аю»
Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген
қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды
адамгершілікке, адалдыққа, бірін – бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс
ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ – жауап.
Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, орындық, маскалар, төсек орны, ыдыстар,
себет, үнтаспа.
Рөлде ойнайтындар:Ертекші – Дамир,Ата-Артем,Әже – Мелат, Маша қыз – Жансая, Үш
аю (әкесі) –Шыңғыс, анасы– Айым, баласы Мишутка – Нұрхан.Балалар көңілді саз
әуенімен залға кіріп, шеңберге тұрады
Жүргізуші: Балалар, сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше
мұқият тыңдайық:
Сәлем, балғын балалармен қонақтар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайық көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.
Ертекші(Дамир): Ерте ерте, ертеде атай мен әжей болыпты, олардың Маша деген
немересі бар екен. Бір күні Маша: Әже, орманнан жидек теріп қайтайыншы,-деп
әжесінен сұранады.
Әжесі: Жақсы бара ғой қызым, тек алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Маша(Жансая): Жарайды. .(Балалармен «шырша» биін билейді).
Ертекші:Маша орманда жидек теріп, өлең айтып жүргенде шырша ағаштары
кездеседі,сол кезде ағаштар Машаны өздерімен бірге би билеуге шақырады, ары қарай
орманда келе жатқан Маша адасып кетеді
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
А у у у ата, А – у у у атаА – у у у әже, А – у у у әже қайдасыңдар, маған
көмектесіңдер!(Барлық балалар бірге қайталайды)
Ертекші: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді.
Маша:Үйшік – үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді.
Ертекші:Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі,
баласын еркелетіп Мишутка деп атайтын.Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарқанда
тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, орташа табақ анасынікі, ал
кішкене табақ – Мишутканыкі еді. Маша үлкен табақтағы ,одан кейін орташа табақтағы
ботқаны жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкене табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалады.
Ботқаны Маша түгел жеп қояды. Шаршаған Маша отырғысы келіп ең үлкен орындыққа
отырып еді, құлап қалды, ортаншысы ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне тұп – тура
екен. Маша тербеліп еді, орындық құлап қалды. маша арғы бөлмеге кіріп еді онда
төсектер бар екен. Маша үлкен төсекке келіп еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең
болды. Ал кішкентай төсек машаға тура келді. Сол төсекке жатқан Маша ұйықтап қалады.
Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.Осылайша аюлар байқап
қалады.
Өз тамағын көрген аюдың әкесі(Шыңғыс): «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп.
Анасы (Айым): «Менің ботқамды де татып көріпті»,- деп айғай салды.
Мишутка (Нұрхан): «ой,Менің ботқамды түгелдей жеп қойыпты», деп шәңк шәңк етті.
Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:
Үлкен аю (Шыңғыс): «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп.
Ортаншы аю(Айым): «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.
Кішкене Мишутка (Нұрхан): «Ой, менің төсегімде біреу жатыр ғой , міне жатыр,
ұстаңдар», деп шәңк – шәңк етті.
Ертекші: Аюлардың даусынан шошып оянған Маша қорқып кетті.
Маша (Жансая): Мені жемеңдерші ,мен сендерге өлең айтып беремін.
Аюлар: Жарайды.
Маша (Жансая): Ән:« Если добрый ты»
Аюлар: Маша, орманда жалғыз жүруге болмайды, біз сені ата мен әжеңе алып
барайық.Ертекші: Аюлар Машаны атасы мен әжесіне алып барды.
Атасы,әжесі: Рахмет, сендерге аюлар,келіңдер бәріміз дос болайық.
Ертекші:Сөйтіп, барлығы дос болып, тату-тәтті өмір сүріпті.
Ертекші: Ән: «Ертегілер»
Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі не жайында?
Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы.
(Кейіпкер балаларды хабарлап айту)Тыңдағандарыңызға рахмет! Ал енді, балалар, бәріміз
қонақтармен қоштасайық! Сау болыңыздар!