Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушылардың сауаттылығы мен білім сапасын дамыту жолы

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушылардың сауаттылығы мен білім
сапасын дамыту жолы
«Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтармын,
ал өзіме жасатсаң – үйренемін!»
онфуций)
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін оқытып-үйретудің сапасын арттыру түрлі жағдайларға
байланысты болып келеді. Мәселен, өзім жұмыс жасайтын орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі
пәнінің түпкі мақсаты — оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру,
қазақ тілінде сөйлеп, жауап бере алатын, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін, тарихын танытып талаптандыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың
қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі. Жалпы мен өз
тәжірибемнен тоқталар болсам, сабақ өткізу, яғни оқыту барысында өткізілетін, кейде күрделілік
тудыратын жұмыс түрлерінің бірі — сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс жасату – тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі
өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде
оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде
оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай
болуы керек; жеңілден – қиынға қағидасы сақталу қажет. Мысалы, біз өз ойымызды сөз арқылы емес,
негізінен мәтін арқылы жеткіземіз. Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
Мәтінмен жұмыс кезеңі;
Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығы
Дыбыстармен жұмыс;
Сөздіктермен жұмыс;
Сөздік қорларын жетілдіру;
Тіл дамыту;
Ауызша сөйлеу білуге дағдыландыру
1. Мәтін алдын ала беріледі балаларға, балалар оқиды, екі рет, үш рет оқысын. Ертеңіне осы мәтін
оқушыларға қайта беріледі. Бірақ мәтіндегі алғашқы абзац қатемен жазылған. Балалар осы мәтінді
қайта оқи отырып, қатесін түзетеді. Әсіресе, қазақ тіліне тән дыбыстардан қате жіберілетіні бәрімізге
белгілі.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану материалды меңгеруге байланысты біраз
қиыншылықтарды жеңуге, тақырыпты меңгерту мен бекітуді эмоционалды түрде сезінуге септігін
тигізеді. Сондай-ақ ойын оқушының сөздік қорын молайтады, ой-өрісін дамытады. Ойын тек оқыту
мен дамыту міндеттерін ғана шешіп қоймайды, сонымен қатар бастамашылдық, табандылық,
мақсаттылық, кез келген жағдайда шешім таба алу сияқты шығармашылық қасиеттерге де тәрбиелейді.
Ойын сабақтың басында өткен тақырыпты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында көңіл-күйді сергітеді, белсенділікті, ынтаны арттырады.
Сабақтың соңында тақырыпты бекітуге, сабақта алған білімді жинақтауға септігін тигізеді.
Мысалы, нәтиже сабақ барысында өтілген мәтіндер бойынша «Білім-қазына» ойыны арқылы бекітіп,
мәтінде кездесетін нақты мәліметтерді еске түсіре алады. Сынып оқушылары үш немесе төрт топқа бөлінеді.
Әр топқа 1, 2, 3 тірек қағазы және 150 ұпай беріледі. Тақтада сызба (таблица) жазылады. Сол сызбада әр
топ сұраққа ұпай тігеді. Мысалы, бірінші сұраққа 1-топ 50 ұпай; 2-топ 25 ұпай; 3-топ- 75 ұпай; 4-топ –
100 ұпай тігеді. Сұрақ оқылады, үш нұсқасы айтылады. Топ басшылары бірдей жауап санын көтереді. Дұрыс
жауап берген топқа тіккен ұпайына ұпай қосылса, керісінше бұрыс жауап берген топтан тіккен ұпай саны
алынады. Бұл ойын түрін оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін тексеруге және бекітуге қолдануға
болады.
1. А. Байтұрсыновтың туған жері
1) Ақмола облысы 2) Көкшетау облысы 3) Қостанай облысы
2. А. Байтұрсынов Абайды қалай бағалағанын табыңыз:
1) Қазақтың бас ақыны 2) Қазақтың ұлы ақыны 3) Қазақтың жыр ақыны
3. А. Байтұрсынов бас редактор болған газетті анықтаңыз:
1) «Дала уалиаты» 2) «Қазақ» 3) «Түркістан»
4. А. Байтұрсыновтың «Маса» деген өлеңдер жинағы қай жылы басылғандығын
табыңыз:
1) 1911 жылы 2) 1910 3) 1912
5. А. Байтұрсыновтың бастырған эпостық жыры:
1) Батыр Баян 2) Қобыланды 3) «Ер Сайын»
6. А. Байтұрсыновтың еңбегін көрсетіңіз:
1) «Жаз» 2) «Қырық мысал» 3) «Батыр Баян»
Оқушының мәтінмен жұмыс жасау арқылы тілін дамытып қана қоймай, сонымен қатар сауатты жазуына
да көңіл бөлу қажет. Алдын ала мәтін беріледі, білім алушылар мәтінді оқып, көзін жаттықтырады. Мысалы:
Қызыл кітап - табиғат қорғау негізі
Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы» — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл
кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша
қорғауды
қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Кітаптың беттері әртүрлі түстен тұрады.
Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе
жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген. Қазақстанда бұл кітап 3
рет басылып, соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта құстардың 56 түрі, ал жануарлардың 120 түрі туралы
жазылған. Олардың ішінде:
ақбөкен, гепард, арқар, барыс, бұғы және қарақұйрық тағы басқалары бар.
Қызыл түс қауіптілікті білдіреді. Сондықтан кітапты осы түсте шығаруға шешім қабылданды.
Флора мен фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі адам болғандықтан, қоршаған орта мен табиғатқа
баса назар аударуымыз қажет.
«Қызыл кітап» - табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар
көзі болып саналады. Онда жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ, қоршаған ортаны
сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған. Қазақстанның қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі
тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Мәтін екінші күні тағы оқылады, бірақ осы жолы мәтіннің алғашқы бөлігі қатемен жазылып
беріледі. Оқушы мәтінді оқи отырып, қатемен жазылған сөздерге мән береді.
Қызыл кітап - табиғат қорғау негізі
Халыкаралық табигат қорғау одагының «Қызыл кытабы» — халықаралық
дарежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара
жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері
тіркеледі. Кітаптың беттері әртүрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл
беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде қутқарылған
жануарлардың түрлері көрсетілген. Қазақстанда бұл кітап 3 рет басылып, соңғысы 1999 жылы
шықты. Кітапта құстардың 56 түрі, ал жануарлардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде:
ақбөкен, гепард, арқар, барыс, бұғы және қарақұйрық тағы басқалары бар.
Қызыл түс қауіптілікті білдіреді. Сондықтан кітапты осы түсте шығаруға шешім
қабылданды. Флора мен фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі адам болғандықтан, қоршаған
орта мен табиғатқа баса назар аударуымыз қажет.
«Қызыл кітап» - табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің
қайнар көзі болып саналады. Онда жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ, қоршаған
ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер
жазылған. Қазақстанның қызыл кітабының» ары танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды
табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Осындай жұмыс түрлерінің нәтижесінде білім алушылардың мағынаны ажырату, топпен
жұмыс істеу құзыреттілігі артады. Білім, білік, дағды деңгейлері көтеріледі.
Қорыта келегнде, ұстаздар сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыруға өте үлкен назар
аударулары керек.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймұратова Ж.Ш.