Конспект урока "Қалқаман-Мамыр" 8 класс

Мерзімі:
Сынып: 8
Тақырыбы: «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Мақсаты: 1. Жырмен танысу, халықтық әдет-ғұрыптың, ұғым-түсініктің
көрінісі.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СКТ, топпен жұмыс
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: -Балалар, үйде поэманы танысып келдіңдер. Бұл
поэманы ақын тарихи хикая деп атаған. Поэманың алғашқы шумақтарында
Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр есімдері аталып таныстырылды.
Әнет баба, Мәмбетейлерді ақын кім деп таныстырады, олардың
Қалқаман мен Мамырға қандай туысқандық қатысы бар?
(«Әнет баба арғынның ел ағасы, әрі биі, әрі моллм, ғұламасы. Орта
жүзге үлгі айтқан әділ екен. Сол кезде тоқсан беске келген жасы» деп Әнет
бабаны таныстырады. Ал, Мәмбетей мен Кішік ағайынды, бірге туған
адамдар, Кішіктен Әнет, Әйтеке тарайды. Ал Мәмбетейден Мамырдың әкесі
туады. Әйтекеден Олжай, Байбөрі, Қалқаман туады. Сонда Қалқаман мен
Мамырдың әкелері немере ағайынды кісілер).
Баяндау әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп
әңгімелеу.
Суреттеу жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында
оқиғаның болған жерімен, кейіпкерімен, олардың жеке басына тән
ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстыруы.
І топ Шығармаға композициялық талдау жасау.
Шығарманың басталуы: Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездесуі.
Байланыс: Қалқаман мен Мамырдың бір-бірін ұнатуы, бастаңғы , сөз
байласуы.
Дамуы: Мамырдың біреуге айттырылуы.
Шарықтау шегі: Екі жастың серттесіп қалуы, Мәмбетейлер мен Тобықты
руының жанжалдасуы.
ІІ топ Шығармаға аннонтациялық талдау.
Бөлім аты
Кейіпкерлер тағдыры
Көркемдік әдіс
Кездесу
Екі жас бірін-бірі алғаш
көргеннен ұнатып
Баяндау
қалады.
Бастаңғы
Мамырдың туыстары
тойға кетіп, жастар
бастаңғы жасайды.
Суреттеу
Тосын жағдай
Мамыр Қалқаманға
өзінің біреуге
атастырылғанын
жеткізеді.
Портрет.
Батыл шешім
Екі жас қол ұстасып
қашып кетеді.
Портрет
ІІІ Бекіту
Шығармада қандай әдет-ғұрып көрініс тапқан? астаңғы/
IV Рефлексия
Мен нені білдім...
Ү Үй тапсырмасы
ҮІ Бағалау
Мерзімі:
Сынып: 8
Тақырыбы: Жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Мақсаты: 1. Дастанда өзек болған тарихи шындықтың көрініс, кейіпкер
бейнесін даралап берудегі шеберлік.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Әділдікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Көркем шығарманы талдау
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
І сұрақтарға жауап беру.
1. Мамырды неге «еркек-шора» дейді?
2. Қалқаман қызды қалай алып қашады?
3. Қалқаман неге елінде қалмай, Бұқар жаққа кетті?
4. Поэманың ең соңғы жағы кімге арналған?
5. Шығармада тағы қандай тарихи оқиға айтылады?
ІІ теориялық білім. Портрет көркем шығармада кейіпкердің сырт
тұлғасын, бет-әлпетін суреттеу.
ІІІ. Оқушыларға кестені толтырту. Бірінші баған белгілі, екінші және
үшінші бағанды анықтау керек.
Бөлім аты
Кейіпкерлер тағдыры
Көркемдік әдісі
Қатыгездік
Көкенай Мамырды атып өлтіреді.
Баяндау
Мәмбетейдің
әрекеті
Қалқаманды өлтір деп талап етеді,
елден көшіп кетеміз деп
қорқытады.
Баяндау
Жаны күйзелген
Әнет баба
Қалқаманды аман сақтау үшін әр
түрлі амалдар табады, бірақ соған
жұрт көнбейді. Ақыры
Қалқаманды сынақпен атуына
еріксіз көнеді.
Суреттеу
Ашынған жігіт
Өзін өлімге қиған туыстарына
өкпелеп Қалқаман Бұқар жаққа
кетіп қалады.
Мақал-мәтелдер.
ІҮ Поэмадан диалогтарды тауып рөлмен оқу.
ІІІ Бекіту.
Автор ретінде сен бұл шығарманы қалай аяқтар едің, осындай
шиеленіске дейін апарар ма едің?
ІҮ Рефлексия Маған шығарма несімен ұнады?
Ү Үй тапсырмасы
ҮІ Бағалау